10.Қорытындылау. 7-сынып. Зертханалық жұмыс №3. Тақырыбы: Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау.
1-тапсырма. Дененің массасын таразыға тартып өлшеу. Құрал-жабдықтар: таразы, ұсақ кірлер, параллелепипед тәрізді білеуше және массасы әр түрлі кішігірім бірнеше дене.
Жұмыстың барысы. Дененің массасын анықтау тәсілдерінің бірі таразы көмегімен өлшеу. Осындай таразылармен өлшеу кезінде оның сол жақтағы табақшасына массасы белгісіз дене, ал екіншісыне таразыны теңгеретін кірлер салынады. Дененің массасы таразыны теңгеретін кірлердің массасына тең. Ол үшін:
таразыны өлшеуге дайындаңдар. Таразының дұрыс теңгеріліп тұрғанына көз жеткізіңдер;
таразыны бұзып алмау үшін өлшенетін денені және кірлерді таразы табақшаларына жайлап қою керек.
денені кірлермен теңгеріп болғаннан кейін, таразы табақшасындағы кірлердің массасын есептеңдер.