7 СӨЖ. Тақырып бойынша эссе түріндегі рефлексия: Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы



Дата03.01.2022
өлшемі13,42 Kb.
#108627
Байланысты:
7 СӨЖ
7 СӨЖ, 7 СӨЖ, 7 СӨЖ

7 СӨЖ. Тақырып бойынша эссе түріндегі рефлексия: Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы

Мемлекеттік рəміздер - кез келген елдің маңызды атрибуты, тарих пен мəдениеттің, егемендік пен тəуелсіздіктің, халық пен билік бірлігінің көрінісі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаев өз сөздерінде: "Мемлекеттік рəміздер - барлық уақытта жəне барлық халықтарда мемлекеттілік пен тəуелсіздіктің ауқымды жəне шоғырланған бейнесі. Бізде керемет, идеялық бай Елтаңба, Ту жəне Гимн бар" деп айтқан еді. Елдің тәуелсіздігі мен өзіндік ерекшелігінің бір көрінісі ретінде саналатын мемлекеттік рәміздер рухани, саяси-адамгершілік салаларының дамуына септігін тигізеді және біртұтас мемлекеттің ұлттық нышаны, тірегі ретінде танылады. Мемлекеттік рəміздерді ресми бекітудің өзіндік саяси тарихы бар.



Елтаңбамызды, Туымызды жасауға, Əнұран музыкасы мен мəтінін жазуға еліміздің ең құрметті адамдары қатысты. Қазақстанның Мемлекеттік рəміздерін шетелдік мамандар жоғары бағалағаны кездейсоқ емес. Мемлекет басшысы жастар алдында сөйлеген сөзінде: "Жарлықпен мен 4 маусымды Қазақстанның Мемлекеттік рəміздері күні деп бекіттім. Мемлекеттік рəміздер күні əрбір қазақстандық отбасында атап өтілетін бүкілхалықтық сүйікті мерекелердің біріне айналатынына сенімдімін" деп бекерден айтпаған. Себебі Мемлекеттік рəміздер жеке тұлғаның патриоттық жəне азаматтық қасиеттерін қалыптастырудың қуатты факторы болып табылады. Бұл процесс осы елдің азаматының бала кезінен басталады- алдымен отбасында, содан кейін бала-бақшаларда, мектепте, оқу орындарында, еңбек ұжымдарында, қоғамда жалғасады, яғни ол үздіксіз. Патриотизмді қалыптастыру кез келген уақытта жəне кез келген мемлекет үшін өзекті жəне бірінші кезектегі міндет болып табылады. Қазақстанның Мемлекеттік рəміздері-бұл біздің еліміздің тəуелсіздігі мен өзіндік ерекшелігі идеяларының іске асуы, олар азаматтарға мемлекет негіздеріне құрметпен қарауды, Отанға деген сүйіспеншілікті тəрбиелеуге ықпал етеді жəне қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылады. Ойымды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылаймын: "Мемлекеттік рәміздер - біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі. Олар тәуелсіздіктің біртұтас қасиетті бейнесін білдіреді. Өйткені біз Тәуелсіздік пен Мемлекеттілікті ұлтты сақтаудың алғашқы негізі, ең зор құндылық ретінде қабылдаймыз."

Қорытындылай келе айтарым, бұл тақырыптың өзектілігі мемлекеттік рəміздердің азаматтардың патриотизмін дамытудағы жəне мəдени-тарихи жадыны сақтаудағы маңыздылығымен анықталады. Шын мəнінде, Рəміздер - əр елдің мемлекеттілігі мен тəуелсіздігінің көрінісі. Мемлекеттік рəміздер бірегей құбылыс ретінде терең тарихи тамырларға ие жəне өркениеттің дамуымен тығыз байланысты. Оның пайда болуы, қалыптасуы жəне сақталуы маңызды əлеуметтік, ақпараттық жəне мəдени функцияларға байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет