булану жылуы ( r ) деп сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға
қажетті жылуды айтады. Q = r m r-( ДЖ/кг )
2.Термодинамика негіздері. Жылу машиналары.
1.Газы бар цилиндрге жылу берілгенде газдың ішкі энергиясы
∆𝑼 артады және поршеньді көтеру
үшін жұмыс А атқарылады, бұл тәжірибенің нәтижесінен : Q = ∆𝑼 + A - бұл
термодинамиканың бірінші заңы.
«Жүйеге берілген жылу Q оның ішкі энергиясының
∆𝑼 өзгерісіне және жүйенің сыртқы
денелерге қарсы істейтін A жұмысына жұмсалады» Егер Q жылу жүйеге, яғни газға берілсе,
онда ол оң деп саналады. Егер жұмысты жүйе ( газдың көлемі ұлғайғанда) атқарса, жұмыс оң
болады.Шамалардың біреуі нөлге тең болатын жағдайлар да кездеседі. Егер жүйе жұмыс
атқармаса А = 0, онда алынған барлық жылу жүйенің ішкі энергиясын өзгертуге жұмсалады
vk.com/entglobus_kz → ҰБТ ЕНТ 2019/©EntGlobus
( Q=
∆𝑈). Егер газ қыздырылса, онда Q> 0 және ∆𝑈 > 0 газдың ішкі энергиясы артады. Газ
салқындаған кезде оның ішкі энергиясы төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |