7сынып. Табиғат құбылыстары



Pdf көрінісі
бет58/71
Дата30.05.2020
өлшемі1,35 Mb.
#71763
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   71
Байланысты:
7-11fizika teoria

3.Электр кернеу.  Ток көзінде пайда болатын электр өрісінің әрекетінен зарядталған 

бөлшектердің реттелген қозғалысы,яғни электр тогы пайда болады. Токты тудыратын электр 

өрісінің жұмысын токтың жұмысы деп атайды. Тізбектің бөліктері үшін бұл жұмыс әр түрлі 

болғанымен, сол бөліктерден өтетін зарядтардың шамасына тура пропорционал. Тізбектің 

берілген бөлігіндегі заряд бірлігінің орын ауыстыруы үшін токтың атқарған жқмысын анықтайтын 

шаманы осы бөліктің электр кернеу деп атайды. 

«Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда электр өрісінің атқарған жұмысының осы 

зарядқа қатынасы кернеу деп аталады.  U= A / q  ;   1В= 1Дж / 1Кл 



Егер өткізгіш бойымен 1 Кл заряд орын ауыстырғанда 1 Дж – ге тең жұмыс істелсе, онда тізбек 

бөлігіндегі электр кернеуі 1 В – қа тең болады. Өткізгіштің ұштарындағы кернеуді өлшеуге 

арналған құралды вольтметр деп атайды. Электр тізбегі ішкі және сыртқы деп аталатын екі 

бөліктен тұрады. Ток көзі ішкі тізбекке, ал барлық қалған бөлігі сыртқы тізбекке жатады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет