КО элементтері
|
Түйінді идеялар
|
Әлеуметтік-конструктивистік білім беру теориясы
|
Білім танымның келісілген аймағы ретінде қарастырылады; оқушы білімді пассивті түрде алуды тоқтатып, сол білімнің «жасаушысы/құрастырушысы» бола бастайды (Бер, 2015).
|
Дүниежүзілік банк пен ЭЫДҰ оқу мақсаттары
|
Оқу мақсаттары қалаулы нәтижелерге жетудің алғышарттары деп қарастырылуы тиіс (Р.Вагенар, 2008).
ЭЫДҰ баяндамасында біліктіліктің үш түрі ерекшеленеді (ОЭСР, 10-16 б.).
А. Құралдарды интерактивті түрде пайдалану:
- Сөйлеуді, символдарды және мәтінді интерактивті түрде пайдалану қабілеттілігі;
- Білім мен ақпаратты интерактивті түрде пайдалану қабілеттілігі;
- Технологияларды интерактивті түрде пайдалану қабілеттілігі.
В. Гетерогенді топтарда өзара әрекеттесу:
- Басқаларға жақсы қатынас көрсету қабілеттілігі;
- Командада ынтымақтасу және жұмыс істеу қабілеттілігі;
- Қақтығыстарды басқару және шешу.
С. Өз бетімен іс-әрекет жасау:
- Барынша кең бейнені көру және әрекет ету қабілеттілігі;
- Өмірлік жоспарлар мен жеке жобаларды құру мен іске асыру қабілеттілігі;
- Құқықтарды, қызығушылықтарды, нормалар мен қажеттіліктерді қорғау мен сақтау қабілеттілігі.
|
Жақын арадағы даму аймағы
|
Л.С.Выготский ұсынған ұғым, баланың даму деңгейі (қандай тапсырманы ол өз бетінше орындай алады) және педагог пен өз құрдастарымен жұмыс жасай отырып жете алатын потенциалды даму деңгейі арасындағы айырмашылығын білдіреді.
|
|