5 мин
|
Кіріспе
|
Сәлемдесу.
Үй тапсырмасын пысықтау
Cұрақтар:
-Органикалық химияның даму барысында ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қандай мәселелер түсініксіз болды?
-Заттың химиялық құрылысы дегеніміз не?
-Изомерлер дегеніміз не?
-Бейорганикалық заттардың арасында изомерлер кездесе ме?
-Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының ғылыми және практикалық маңызы туралы айтып беріңдер.
Жауап берген оқушылар жетондармен ынталандырылады.
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
Сұрақтарға жауап берген оқушылар жетондармен ынталандырылады
|
жетондар
|
10 мин
|
Таныс тырылым
|
Топқа бөлу. Химиялық заттарды таңдаймыз
Нұсқау: Оқушылар химиялық заттарды таңдап, топқа бөлінеді. Химиялық заттар: метан, этан, су, оттек.
Миға шабуыл. Генетикалық байланыс
Генетикалық байланыс дегеніміз не?
Бейорганикалық заттардан органикалық заттарды алуға бола ма?
Фотосинтез реакциясына қандай заттар қатысады?
|
Оқушылар химиялық заттарды санаттарына байланысты топтарға бөлінеді
Сұрақтарға байланысты оқушылар өз ойларын айтады.
|
Сұрақтарға жауап берген оқушылар жетондармен ынталандырылады
|
Химиялық заттар жазылған стикерлер
|
25 мин
|
Негізгі бөлім
|
«Айналмалы бекеттер» әдісі.
Нұсқау: Әр топты өз бекетінің жанына орналастырыңыз. Оларға талас тудыратын проблеманы талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін 10 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар кабинеттегі жаңа бекеттерге көшеді, ол бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады. Барлық топтар бекеттердің барлығын өтіп, өзге топтардың түсініктемелерін қарастырып болғанша әр 2 минут сайын топтар бекеттерін ауыстырып отырады.
(Ақпарат көзі
«Арасындағы айырмашылығы» бағалау техникасы
Нұсқау: Арасындағы айырмашылығы... Неге? ... болып табылады, ал....
Қосымша сұрақтар:
-Ион мен радикалдың не айырмашылығы бар?
-Радикалдардың химиялық реакцияларды жылдамдатудың механизмі қандай?
-Табиғатта бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзілу процесіне мысалдар келтіріңдер;
-Органикалық заттардан бейорганикалық заттар алуға бола ма?
|
Мұғалімнің нұсқауы бойынша Бос радикалдар туралы түсінік және олардың тірі ағзалар тіршілігіндегі маңызы, бейорганикалық және органикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс туралы білімді оқулықтан оқып үйреніп, кеңесіп, өз ойларын толықтырады
Берілген заттарға нұсқауға сәйкес жауап береді. Сұрақтарға жауап береді.
|
«Арасындағы айырмашылығы!» бағалау техникасы
|
Оқулық, А4 формат, маркер
|