Қазақ тарихы ғылымның методологиялық-
тео рия лық мәселелерін қалыптастыруды алғаш
ұлт зия лыларымыз қолға алғаны тарихта белгі-
лі.
Сондықтан да тарих ғылымының дамуында тео-
риялық-ме то дологиялық ұстанымдардың әсері мен
орны ерекше болды. Осы тақырыпты кезеңдерге бөлу
барысында қазақ интеллигенциясы көзқарастарында
негізінен төмендегідей мәселелер айқын көрініс берді:
– Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлуде орыс
ғалымдарының маркстік-лениндік методологиялық
не гіздерге бағыттап бұрмалаушылыққа бой алдыр-
ғанын аңғарамыз;
– Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлуде
“
Қаз ССР
тарихының
”
авторлары төңкеріске дейінгі тарих шы-
лардың кезеңдерге бөлуін қайта жаңғыртуы;
– Қазақстан тарихы ғылымында таптық көзқа-
растарды қалыптастырудың орын алуының ерек ше-
ліктері.
Мәселен, қазақтың белгілі әдебиетшісі және қо-
ғам қайраткері М.Дулатовтің 1923 жылғы “Шолпан”
журналының № 3-5 сандарында және “Қызыл Қазақ-
стан” газетінің сол жылғы №17,18 сандарында
жарияланған, “Қазақ пен қырғыздардың атауы мен
шығуы туралы” мақаласы талдауға тұрарлық.
М.Дулатов шағын еңбегінде қазақ халқының құ-
рылуын ХV ғасыр деп есептеген ғалымдардың көз-
қарасын сынға алады және тарихи процестер тұ-
жырымдамасына өз көзқарасын білдіреді. Автордың
кезеңге бөлуіне сәйкес ХІІ ғасырға дейін қазақтар
түркі халықтарының бір бөлігі болды, ХІІ ғасырда жеке
этнос болып қалыптасты, ал ХVІІІ–ХІХ ғасырларда өз
еркіндіктерін жоғалтты және Ресейге тәуелділікке тап
болды. Осылайша М.Дулатов төңкеріске дейінгі қазақ
тарихын төрт кезеңге бөледі. Онда біз автордың біздің
зерттеуімізге қатысты үшінші, төртінші кезеңдерін
көрсетеміз. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: |