Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.
Сынып түрлі түстерді таңдау әдісімен «Тамақ», «Тәбет» топтарына бөлінеді./ мақалдардың жалғасын тауып топтасады/.
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды.
Үй тaпсырмасын тексеру
“ True – False " (ақиқат-жалған)әдісі. Оқушыларға интерактивті тақтада тапсырмалар беріледі. Оқушылар берілген ақпараттың дұрыс бұрыстығын анықтайды.
Сұрақтар
Ақиқат
Жалған
Ересек адамда 32 тіс болады.
Әрбір жақ сүйекте 16 тістен орналасқан.
Күрек тістердің екі шетінде пішіні үшкірлеу келген ит тістер орналасқан. Олардың саны – 5.
Әрбір тіс 2 қабаттан тұрады
Жаңа туғaн нәрестеде тістері болмайды. Алғашқы тістері 5-6 айында шыға бастайды.
Кесетін жиегі бар тістер – күрек тістер немесе алдыңғытістер деп те атайды. Олардың қызметі асты «кесу», яғни тістеуден тұрады. Саны – 8.