2. Оқу жетістіктерін бақылау жүйесі
Студенттерді қорытынды аттестаттау – олардың білім деңгейіне
сәйкес келетін мемлекеттік жалпы білім стандартын игерулерінің деңгейін
анықтау мақсатында жүргізілетін іс-шара.
Студенттерді
қорытынды
аттестаттау
студенттердің
тиісті
мамандықты меңгеру процесінде алған білімдерін, шеберліктері мен
дағдыларын тексеруге бағытталған.
Қорытынды аттестаттау мемлекеттік жалпы білім стандартымен
кӛзделген нысанда, яғни мамандық бойынша кешенді емтихан тапсыру
және дипломдық жоба қорғау түрінде жүргізіледі.
Қорытынды кешенді емтиханды ӛткізу нысаны, Ғалымдар кеңесінің
шешіміне сәйкес жоғары оқу орнымен дербес айқындалады.
Студенттердің білімін ӛлшеу тетіктері ЖОО-мен әртүрлі бағыттарда
әзірленеді: бақылау сұрақтары, билеттер, тестілер (ашық, жабық, аралас,
сәйкестілікке т.б.).
Бақылау сұрақтары қорытынды мемлекеттік аттестаттауға енген
барлық пәндер бойынша әзірленеді.
Билеттер бақылау сұрақтарының негізінде әзірленеді және оған
әртүрлі пәндерден үш-тӛрт сұрақтан енгізіледі.
Тестілер - тестілік тапсырмалар негізінде жасалады және оған 10...20
тестілік тапсырмалар енгізіледі.
Студенттерге қорытынды аттестаттауда қойылатын бағалар
аттестаттау комиссиясының барлық мүшелерінің пікірлері мен балдық-
рейтингтік әріптік жүйе бойынша кӛрсетілген білім ескеріліп қойылады.
Дипломдық жобаны қорғау бойынша бағалар және мемлекеттік
аттестаттау комиссиясының қорытындысы ғылыми жетекшінің пікірі,
5
рецензенттердің бағалары және қорғау қорытындысы ескеріле отырып
қойылады.
Қорытынды аттестаттаудың әрбір формасына баллдық-рейтингтік
әріптік жүйе бойынша дербес баға қойылады.
Қорытынды аттестаттаудың нәтижелері бойынша студентке тиісті
академиялық дәреже: «Құрылыс материалдарын, бұйымдарды және
конструкцияларды ӛндіру» мамандығы бойынша бакалавр беріледі
Достарыңызбен бөлісу: |