8 дәріс. Тақырыбы: Көркем шығарманы талдау және оның түрлері Дәріс жоспары



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі27,85 Kb.
#86700
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№8 лекция 117
121-18 Укаша Назерке Эссе
Күлiмсiреп аспан тұр,
Жерге ойлатып әр ненi
(Абай)
«Күлiмсiреп аспан тұр» дегенде Абай аспанның ашық, нұрлы екенiн айтып отыр. Бiрақ аспан ашық деген сөздiң әсерi аспан күлiмсiреп тұр дегендей болмас едi. Өйткенi алдыңғысы әншейiн хабар, ауызекi айтыла салған сөз ғана да, соңғысы – сөзбен салынған сурет. Бұл әрi нақты, әрi затты. Бұл бедерлi бейне, көркем образ. Сөз зергерлерi көркем сөз арқылы бұлайша, өрнек төгiп, айшық жасамаса, әдеби шығарма да тумас едi.
Сөз арқылы көркем бейне жасалмаса, жансыз табиғатқа жан бiтпес едi.
Талдаудың бәрі де дайын лекция оқу, талдауды да үнемі лекцияға құру міндет емес. Талдаудың бәрі де мәтінге құрылуға тиіс. Оның әдісі – сыныпта өтілетін әңгіме-сабақ. Жоғарғы сынып оқушылары мұғалімнің берген лекциясы бойынша өздері конспекті жасауға тиіс. Лекция жай, түсінікті баяндалады. Оқушылар негізгі деген жерлерін жазып алады. Бұл сыныптарда конспекті тексеру, түзету маңызды іс. Жүре-бара конспектінің публицистикалық еңбекке жасалатыны, оның кіріспесі, не тезисті, дәлелдеуші бөлімі, аяқтамасы болатыны түсіндіріледі.
Үйретудің басты бір буыны – оқушы жауабы. Лекцияны түсінікті етіп жазғаны сияқты, олар сөзін де аналитикалық ізде, байланысты, мақсатты етіп сөйлеуге тиіс. Әрбір оқушы жауабы – өзінше бір талдау, біткен ой, объект. Мұны үздіксіз бақылаймыз, дағдыландырамыз.
Енді талдау сабақтарына тоқталар болсақ, лекция мен бағдарлаушы әңгімеден бұрын оқушы талданатын сауал туады. Оны көп жағдайда мұғалімнің ұқыптылығы мен оқушылардың дайындығы біледі. Оқушының оқыту, үлкен романды оқығанда оқушыларға алдын-ала сұрақ-тапсырма, талдап келуге лайықталады. Бұл – оқудың мақсаты мен объектілері.
Шын педагог оқушыдан қол үзуге тиіс емес. «Абай жолы», «Ботагөз», «Ақбілек» сияқты романдарды оқыту барысында қазақ әдебиеті пән мұғалімі мұны да ескергені жөн.
Бағдарлаушы әңгіменің тағы бір түріне жанрлар табиғаты мен олардың туу процесін танып алу жатады, бағдарлаушы әңгіменің екі жағы бар екен. Бірі – шығарманы түгел, әдеби түрде талдап оқыту мақсатын көздейтін болса, екінші – оның ырғасын, тақырыбы мен идеясын, әдеби-тарихи желіде бағдарлап алу. Мұнда теория элементі бар. Ол – тек алғашқы жинақтау емес, кейінгі талдауға жол салатын, текстологиялық қасиеті мақсаттылық, бүтіндік шықпай қалды. Мысалы, драма, проза жанрларын сөз еткенде, олардың даму жолын салыстырамыз. Жамбыл поэзиясын әңгімелегенде бұрыңғы ауыз әдебиетін еске түсіреміз. Мұны жинақтау түрінде кейін әгімелеуге де болады.
Басқа сабақтар сияқты, бағдарлаушы әңгіменің сабақ жоспарын уақытпен жасау керек. Оның бастылары – материалдың объектіге құрылып, жүйеленіп әңгімеленуі, үзінді оқу, мысал келтіру, сынып жұмысының методикасының, оқушы жауаптарының формасын ойластыру, әсіресе әңгіме әдісін дұрыстап жүргізу, оған оқушыларды күні бұрын берілген сұрақ-тапсырмалар бойынша жақсы әзірлеу сияқты шарттар.
Мектеп қабырғасында Абай шығармаларын, шешендік сөздерді оқыту арқылы оқушыны шешен де шебер сөйлеуге, ұлттық тіл мәдениетіне қалай баулуға болады? – деген сұрақ тұрады. Әрине әдіскер-ұстаз осының бәрін де қамтып, қазақ халқының ата-бабалы, киелі, ырым, тыйым сөздері мен қанатты сөздерінен басқа, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштары т.б. ұғымдарды игерту – мұғалімдерінің бірден-бір жұмысы. Бұл жұмыстар үлкен шеберлікпен сабақта ауызша да, жазбаша да, оқушылардың өз бетінше жұмысына тапсырма беру арқылы да жүзеге асып жатады.
Тәжірибеде кеңінен тараған, әрі тиімділігімен, нәтижелілігімен көпшілік ұстаздар еңбегіне мол кірген талдаудың түрі – проблемалық талдау. Проблемалық талдау оқушылардың танымын арттыру, ойлау белсенділігін жетілдіруде үлкен роль атқарады және өзіндік ізденістеріне мол мүмкіндік ашады, әрі дамыта оқытудың негізгі бір жолы ретінде де пайдалы болып келеді. Проблемалық талдау сол көркем шығарма негізіндегі проблеманы дәл тауып, нақты проблемалық сұрақтар әзірлеуді талап етеді. Ол үшін проблемалық жағдаят тууы керек. Кез келген «Неге?» деген сұрақтарды проблемалық сұрақтармен шатыстыру мектеп тәжірибесінде кездесіп жатады. Проблемалық сұрақ негізінде оқушыға «бейтаныс», шешуді керек ететін мәселе, проблема болады. Мысалы, жай сұрақтар мен проблемалық сұрақтар арасындағы айырмашылықты төмендегі баған арқылы көруге болады (М. Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы», Бақтығұл бейнесі бойынша).





Жай сұрақтар

Проблемалық сипаттағы сұрақтар

1

Бақтығұл қандай кейіпкер? Ол неге Жарасбайды барып паналайды? Осы іс-әрекеті дұрыс па?

Қалай ойлайсыңдар, Бақтығұл кім? Ол Сәлмен мен Жарасбайдың «құрбаны» ма әлде кек алушы күрескер ме? Немесе қорғансыз сорлы ма?

2

Бақтығұл Жарасбайды неге өлтіреді?

Бақтығұлдың Жарасбайды өлтіруінде қылмыстық іс-әрекет бар ма?

3

Ұрлыққа, барымтаға бару себебін түсіндіріңдер. Оны мұндай әрекетке кім жұмсайды?

Жаратылысында ары таза Бақтығұл соншама азғындап, ұрлық жолына неге түседі? Кінәлі кім?

4

Бақтығұлдың іс-әрекетін түсіндіріңдер. Ұрлық жасауы, кісі өлтіруі дұрыс па?

Бақтығұлдың іс-әрекеті, мақсатты саналы іс-әрекет пе, әлде кектен, өш алудан туған іс-әрекет пе?

5

Бақтығұлдың Сәлменнен кетіп, Жарасбайдан пана іздеуі дұрыс па?

Қалай ойлайсыңдар, Бақтығұлдың ең басты қателігі, адасуы деп, нені айтар едіңдер?

6

Бақтығұл арқылы жазушы не айтпақ болған? Ол Бақтығұлды жақтай ма, жоқ па?

Бақтығұл бейнесінің негізінде жатқан проблема туралы не айтар едің? Автордың оған көзқарасы туралы қандай ойдасың?

Проблемалық талдауда мұғалім оқушыларға шығармашылық жұмыстар істетеді, шағын пікірталас, танымдық-іздендіруші, зерттеу бағытындағы тапсырмаларды орындатады, қорыта айтқанда, білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерінің бәрін де пайдаланады. Бұдан шығатын қорытынды: біз сөз ететін талдау түрлерін мүлде бір-бірінен ажыратып тастауға болмайды. Кей жағдайда ол талдаулар араласып та жатады. Көркем туынды оқу сияқты, оны талдау да әдебиетті оқытудың маңызды, күрделі жұмыстарының бірі. Көркем туындыны талдау, әрине, мұғалім басшылығымен жүргізіледі, ең басты қызмет те мұғалімдікі. Дегенмен талдау оқушылардан да көп нәрселерді талдау дағдыларын, іскерлігі, машықтарын талап етеді. Мұғалім талдау барысында ең негізгі екі түрлі қызмет атқарады:


1. Көркем туынды көтерген проблемалар, автор ойы, оның көркем компоненттері туралы, яғни талдау нені талап етеді, соны орындату.
2. Оқушыны оқыған шығармаларын талдай білуге машықтандыру, дағды-іскерліктерін жетілдіру, әдеби талдауды үйрету қызметін атқарады.
Көркем мәтінді талдау жолдары.
Жан-жақты, тұтас талдау көркем туындыны тұтастай қарастырып талдайды. Әсіресе, бұл талдау кейде мәтіндік талдау деп те аталады. Жан-жақты талдау уақытты көп алады, дегенмен, оның тиімділігі көркем туындыны жанды бір организмдей тұтас қарастырады. Шешуші бір эпизодтар, не суреттеу, баяндау, кейіпкер монологі, сөйлеу тілдері негізге алынады. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, ол үнемі мәтінге жүгініп отырады. Сондықтан мұғалім көркем туынды идеясын ашатын оқиға, эпизодтар, кейіпкерлер сөзі, іс-әрекеті, оны ашатын мәселелерді назарға алып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет