жұмыс Пиридоксин / В6 витамині/ Пиридоксинге феррихлорид әсері
Қысқаша теориялық мәліметтер.1926 жылы Гольдбергер қолдан жасалған диеталық қорекпен тышқандарды азықтандырғанда, олардың дерматит ауруына шалдыққанын байқаған. Бұған қарсы В1, В2 витаминдерімен әсер еткенде жазылмай, ал қоректік заттарға ашытқыны қосып бергенде тышқандардың айыға бастағанын анықтады. Кейіннен бұл витаминнің адам мен жануарлардың қалыпты жағдайдағы тіршілігі үшін де қажетті екені дәлелденді. 1937-1939 жылдары бұл зат ашытқылардан бөліп алынып, оны В6 витамині деп аталды. Сөйтіп тағамдарда пиридоксин жетіспегенде, полиневрит, анемия және тері ауруы – дерматитті тудырады. Бұл дерттерден никотин қышқылынан гөрі, пиридоксинмен әсер етіп жылдам айықтыруға болады. В6 витамині организмге өте қажет. Өйткені ол зат алмасудың, қан түзілудің барлық процестеріне қатысады. Тері ауруларынан сақтандырады, ферменттердің құрамына енеді, нерв жүйелерінің қызметін реттеп, бала көтеру мен босанудың бірқалыпты өтуіне көмектеседі, ішектегі пайдалы бактериялардың көбеюіне әсер етеді. В6 витаминінің метаболизмдегі рөлі. Амин қышқылдарының алмасуы, амин топтарының тасымалдануы
Пиридоксальдық ферменттер амин қышқылдарының метаболизмінде негізгі рөл атқарады. Пиридоксалькиназаның әсерінен олар пиридоксальфосфат және пиридоксаминфосфат коферменттеріне айналады.