8-лабораториялық жұмыс. Тармақталу алгоритмдері
1. Меншіктеу тəсілдері
Келесі мысалда:
var х = 1;
var у;
у = (х += 2) + 1;
у айнымалысының мəні 4, ал х айнымалысының мəні – 3. Мынадай тізбекті түрдегі
меншіктеулерді де пайдалануға болады :
x = y = z = t = өрнек;
Мұнда бірнеше айнымалының бəріне бір ғана мəн меншіктеледі.
«++» жəне «--» операциялары тек айнымалыларға тіркеледі, оларды өрнектерге
қосып жазуға болмайды.
2. Информация енгізу
Alert функциясы информацияны экранға шығару үшін керек. Ал информация енгізу
үшін prompt функциясы қажет:
prompt(“жазу", “келісім бойынша енгізілетін мəн"); мұнда экранға ішінде екі
батырмасы бар терезе шығады.Біз жазба мəліметті енгізу жолына жазамыз да, ОК
басамыз. Сонда терезе жоқ болады да, терезеге енгізілген мəліметтер шығады.
Ол мəнді мысалы, айнымалыға меншіктеуге, артынан басқа командаларда
пайдалануға болады. Егер Cancel батырмасын шертетін болсақ, онда prompt функциясы
арнайы null мəнін қайтарады (бұл "null“ сөз тіркесі емес, яғни бос жол ("") емес,
мəліметтің арнайы мəні).
Мысалы:
var str = prompt("2 х 2 қанша болады?", "5");
if (str == "4") alert (“Дұрыс! Жауабы, əрине 4!");
else alert(“Əзілді түсінсең ғана, ол қалжыңға айналады!");
Осы скрипті іске қосқанда экранға суреттегі терезе шығады.
Егер 4 санын енгізіп, ОК батырмасын шертетін болсақ, скрипт жұмысы төмендегі
суреттегідей болып жалғасады.
Егер енгізу өрісінде 5 санын қалдырсақ (не 4-тен басқа кез келген сан енгізсек),
экранға төменгі суретте көрсетілген хабарлама шығады:
1
3. Шартты команда
Шартты команданың жалпы жазылу түрі :
if (шарт) команда1;
else команда2;
Мысалы:
if (а > b) с = а;
else с = b;
Мұнда шарт тексеріледі. Егер ол ақиқат болса, онда команда1 атқарылады, əйтпесе
— команда2 орындалады. Мына кодтардан соң:
х = 1;
if (х == 1) у = 10;
else
у = 20;
х += у;
х айнымалысы 11 мəніне ие болады.
Мына командалардан соң:
х = 1;
if (x != 1) у = 10;
else у = 20;
х += у;
х айнымалысы 21 мəніне тең болады.
Шартты команданы қысқа түрде else тармағынсыз жазса да болады:
Жалпы түрі
Мысал
if (шарт) команда1
if (х < 0) х = -х;
Мына кодтардан кейін:
х = 1;
у = 10;
if (x = = 1) у += 10;
х += у;
х айнымалысы 21-ге тең болады.
Ал мынадай кодтардан соң:
х = 1;
у = 10;
if (х != 1) у += 10;
х += у;
х айнымалысы 11-ге тең.
4. Ауыстырғыш
Жалпы түрі:
if (шарт1) ком1;
else if (шарт2) ком2;
2
3
else if (шарт3) ком3;
...
...
...
else комN;
Мысалы:
if (Day == 1) NameDay = "Дүйсенбі";
else if (Day == 2} NameDay = "Сейсенбі";
else if (Day == 3) NameDay = "Сəрсенбі";
else if (Day == 4) NameDay = "Бейсенбі";
else if (Day == 5) NameDay = "Жұма";
else if (Day == 6) NameDay = "Сенбі";
else if (Day == 7) NameDay = "Жексенбі";
else NameDay = "қате";
Мысалы:
var str = prompt("Сколько будет 2 x 2?", "5");
if (str == null) alert("He стали вычислять?.. Зря!");
else if (str == "4") alert("Гениально! Ответ и правда 4!");
else alert("Шутка хороша,когда ее понимают!");
JavaScript тілінде арнайы switch конструкциясы бар, оны Netscape Navigator жəне
Internet Explorer браузерлерінің 4-нұсқасынан кейінгілері түсінеді. Ол Си жəне Java
тіілдеріндегі осы командаға сəйкес келеді
Жалпы түрі
switch (өрнек)
{
case вариант1: командалар break;
case вариант2: командалар break;
...
default: командалар
}
Мысалы:
switch (Day)
{case 1: NameDay = "Дүйсенбі"; break;
case 2: NameDay = "Сейсенбі"; break;
case 3: NameDay = "Сəрсенбі"; break;
case 4: NameDay = "Бейсенбі"; break;
case 5: NameDay = "Жұма"; break;
case 6: NameDay = "Сенбі"; break;
case 7: NameDay = "Жексенбі"; break;
default:NameDay = "қате";
}
Мұнда switch (өрнек) мəні case сөзінен кейінгі қайсы мəнге тең болса, сол жол
орындалады. Онан кейінгі break командасы басқаруды switch сөзінен кейінгі жолға
береді. Егер break командасы жоқ болса, онда варианттарды тексеру жалғаса береді.
Default нұсқасы (ол болмауы да мүмкін) өрнек мəні case сөзінен кейінгі бірде бір мəнге
сəйкес келмеген кезде орындалады.
5. Логикалық операциялар
Шарт ретінде логикалық өрнектер де жазыла береді, ондайда келесі логикалық
операциялар қолданылады:
Белгіленуі Сипаттамасы Мысалы
= = Тең x+1==8
!= Тең емес str !=”yes”
> Үлкен x*y>5
>= Үлкен немесе тең d>=0
< Кіші num>10
<= Кіші немесе тең bonus<=5
&& Логикалық ЖƏНЕ 1 < x && x < 10
|| Логикалық НЕМЕСЕ x== 1 || x == 10
! Логикалық ТЕРІСТЕУ ! (1 < x && x < 10)
6. Блок
Жүйелік жақшаға алынған командалар тізбегі {команда1; команда2; ...} бір
команда секілді орындалады. Бұндай күрделі команда құрама немесе блок деп аталады.
Жақшадан «}» кейін «;» символы қойылмайды. Блок арқылы орындалатын шартты
команда мысалдары:
Шағын емтихан программасын жасайық. Емтихан бес сұрақтан тұрады. Бір дұрыс
жауапқа бір балл беріледі. Нəтижесінде 2-ден 5-ке дейінгі бір баға қойылады:
- баға = 2, егер дұрыс жауаптар саны 3-тен аз болса;
- əйтпесе баға = дұрыс жауаптар саны.
Мұның программасы төмендегідей болады:
Экзамен по логическим выражениям
Экзамен по логическим выражениям