Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бағалау жүйесі
Білім беру ісіндегі басты приоритет студенттердің жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, оларды дара тұлға етіп әзірлеу. Оқу үрдесінде басымдылық ролі оқытушыға емес, студентке берілуі тиіс, студент белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпай, ол өздігінен оқуы керек. Оқытудың негізгі мақсаты - өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан, оқытудың негізгі формасы студенттермен жұмыс істеу, дифференциялау.
Әрбір студент басқа студентпен салыстырылмайды, керісінше өзімен -өзі салыстырылады. Студенттер өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды.
Студенттердің білімін бағалау оның жіберген қатесіне жазалау емес, жетістігін мадақтау, көтермелеу құралына айналуы тиіс.
Студенттердің білімін бағалау жүйесі Sillabus /оқыту бағдарламасына/ міндеті элемент болып кіреді.
Әр деңгейдің ұпай саны студенттердің білімін бақылаудың үлгілері мен кіріспе, ағымдағы және аралық бақылаулармен жиналады. Төменде студенттердің баллмен есептегенде білім градациясының кестесін беріп отырмыз:
Бағалаудың әріптік жүйесі
|
Баллдары
|
Бағалаудың %-тік мазмұны
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
А
|
4.0
|
100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3.67
|
90-94
|
В+
|
3.33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3.0
|
80-84
|
В-
|
2.67
|
75-79
|
С+
|
2.33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2.0
|
65-69
|
С-
|
1.67
|
60-64
|
D+
|
1.33
|
55-59
|
D
|
1.0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Пәннен F деген баға алған студент деканат белгіленген мерзімде оны қайта тапсыру керек.
Бұл градация GPA-ді / студенттің жалпы академиялық білімін орташа бағалау/ айқындауы қажет
Достарыңызбен бөлісу: |