8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны



бет112/186
Дата27.04.2022
өлшемі467,89 Kb.
#141042
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   186
Байланысты:
8. Лекция саба тарыны жоспары, мазм ны

Оқыту әдіс – тәсілдері.

Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.
Әдіс деген сөз гректің “metodos” деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді.
Қысқаша психологиялық –педагогикалық сөэдік “әдіс” –мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс–әрекет”–деген анықтама береді.
Оқыту әдісі–оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым–қатынасының тәсіл–амалдары–деген де пікір айтылады.
Оқыту әдістері–оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері–мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.
Оқыту әдістері–мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.
Оқыту әдістері– мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.
“Әдіске” қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: “белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым–қатынас және іс–әрекет”.
Олай болса оқыту әдістері–оқытудың мақсат–міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал–тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс–әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал–тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Оқу құралдарына оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар жатады.

  1. Оқу кітаптары –оқулықтар, оқу–әдістемелік кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, есептер жиыны т.б.

  2. Көрнекі құралдар –кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық–географиялық карталар т.б.

  3. Техникалық құралдар – үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   186




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет