8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны



бет178/186
Дата27.04.2022
өлшемі467,89 Kb.
#141042
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   186
Байланысты:
8. Лекция саба тарыны жоспары, мазм ны
этнопедагогика

Сырдария” университеті





“Педагогика және өнер” факультеті




“Педагогика және психология кафедрасы”


Дене шынықтыру педагогикасы “ пәні бойынша


050108 мамандығының студенттері үшін
Тест сұрақтары:






Жетісай - 2006
А-вариант.

1.Педагогика ғылымы қандай ғылымдармен тығыз байланысады?


А) Кибернетика, техника, гигиена.
В) Медицина, техника, физиология.
С) Филология, тарих, медицина, техника.
Д) Математика, физика, химия.
Е) Философия, психология, физиология, мектеп гигиенасы,
социология,экономика, кибернетика.

2. Педагогика ғылымының өзіне тән тану саласы мен ғылыми ұғымдарына (категориялар) не кіреді?


А) Тәрбие, білім беру, оқыту.
В) Болмыс, материя, қозғалыс, даму.
С) Қоғамның өндіргіш күштері,өндірістік қатынастар.
Д) Қалыптасу, құрал, әдіс,тәсіл, даму, мақсат, ұстанымдар
(принціптер).
Е) Қалыптасу, тәрбие, әдіс, тәсіл.

3.Тәрбие дегеніміз не?


А) Адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық- тарихи тәжірибені беру процесі.
В) Жас ұрпақтың рухани дене күштерін дамыту, әлеуметтік жетілуін қамтамасыз ету.
С) Танымдық, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Д) Педагог пен оқушының мақсатты түрде өзара әрекет жасауы.
Е) Жас ұрпақтың рухани байлығын тәрбиелеу.

4. Білім беру ұғымын ең алғашқы рет педагогикаға енгізген педагог.


А) К. Д. Ушинский.
В) А. С. Макаренко.
С) В. А. Сухомлинский.
Д) И. Г. Песталоци.
Е) Н. К. Крупская.

5. Педагогика ғылымының салалары.


А) Философия, тарих, социология.
В) Математика, информатика.
С) Мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология, пәндерді оқыту әдістемесі, кәсіптік- техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, мәдени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы,
Д) Химия, физика, астрономия.
Е) Мектеп педагогикасы, гигиена, заң педагогикасы, информатика.

6. Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуына не себепші болды?


А) Өндірістік, әлеуметтік және рухани тәжірибенің қажеттілігі.
В) Қоғамның жеткіншек ұрпақты өмірге даярлау мен тәрбиелеу
қажеттілігі.
С) Белгілі ғылымдағы білімнің қажеттілігі.
Д) Адамның еңбектегі іскерлігі мен дағдысының қажеттілігі.
Е) Рухани тәжірибенің қалыптасуы.

7. Педагогиканың өзіне тән қандай ғылыми-зерттеу әдістері бар?


А) Оқыту әдістері, практикалық әдіс, бақылау әдісі, педагогикалық әдіс.
В) Бақылау әдісі, әңгіме әдісі, мектеп құжаттарын зерттеу әдісі, оқушылардың жұмысын зерттеу әдісі, эксперимент.
С) Тәрбие әдістері, педагогикалық әдіс, тексеру әдісі, лабораториялық әдіс.
Д) Оқыту әдісі, тексеру эксперименті, лабораториялық әдіс, бақылау әдісі.
Е) Оқыту әдістері, тәрбие әдістері, бақылау әдісі, әңгіме әдісі.

8. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына қандай негізгі факторлар ықпал жасайды?


А) Даму, тұқым қуалаушылық, өсу.
В) Өсу, орта, даму.
С) Тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие.
Д) Орта даму, жоғары нерв жүйесі.
Е) Орта, оқыту, даму, өсу.

9. Педагогика ең алғашқы рет қашан жеке ғылым болып таныла бастады?


А) ХІХ ғ. К. Маркс пен Ф. Энгельс негізін қалады.
В) Қайта өрлеу дәуірінде ( ХІV-XVI ғ.).
С) XVII ғасырдың басында. Ағылшын философы, табиғат зерттеу -
шісі Френсис Бэкон “О достоинсве и увелечении наук ” –– деген еңбегінде жеке ғылым деп қарады.
Д) ХІІІ ғ. Феодалдық қоғамда.
Е) ХІ ғ. Ж. Баласұғын негізін қалады.

10. Мектеп кезеңінде қай жас өтпелі кезең деп есептеледі?


А) Бастауыш мектеп шағы.
В) Жас өспірімдік шақ.
С) Жеткіншектік шақ.
Д) Кәмелеттік жас.
Е) Бастауыш мектеп шағы.

11. Егер педагогика адамды барлық жағынан ............. келсе, онда ол адамды барлық жағынан білуі тиіс. (К. Д. Ушинский).


Осы сөйлемдегі қалып кеткен сөзді тап.
А) Дамытқысы.
В) Оқытқысы.
С) Анықтағысы.
Д) Білгісі келсе.
Е) Тәрбиелегісі.

12. Дүниетаным дегеніміз не?


А) Адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсінуін және онымен қарым-қатынасын оның барлық іс-әрекеттерінің бағытын бейнелейтін көзқарастарының жүйесі.
В) Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу.
С) Теориялық іліммен қаруландыру.
Д) Жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу, ақыл-ойын дамыту.
Е) Оқушылардың ақыл-ойын дамыту дүниетаным деп аталады.

13. Тәрбиенің құрамды бөліктері:


А) Мұғалімнің шеберлігі, ақыл-ой тәрбиесі, тәрбие жұмыстары.
В) Мектептегі тәрбие жұмыстары , құқықтық тәрбие, мұғалімнің қарым-қатынасы.
С) Мектеп реформасын жүзеге асыру.
Д) Ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық тәрбие, дене тәрбиесі, экологиялық тәрбие, эстетикалық тәрбие, құқықтық тәрбие.
Е) Мұғалімнің қарым-қатынасы, еңбек тәрбиесі, эстетикалық тәрбие.

14. Тәрбие ұстанымдарын (принциптерін) ата.


А) Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі, тәрбие ықпалдарының тізбектестігі, ұжым арқылы тәрбиелеу.
В) Тәрбиенің идеялығы мен мақсаттылығы, тәрбиенің өмірмен, еңбекпен қоғам құрылымының практикасы мен байланысы, Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу, тәрбиелеушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен көрсетілетін құрметтің бірлігі, тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі,беріктігі және үздіксіздігі, тәрбиенің оқушылырды жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі.
С) Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу,тәрбиенің мақсаттылығы.
Д) Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру.
Е) Өзін-өзі тәрбиелеу, тәрбиенің мақсаттылығы.

15. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз не?


А) Адамның өз мінез-құлқындағы адамгершілік қасиеттерді тани біліп, оны одан әрі дамыту, жағымсыз қылықтарды жеңе білуге әдеттендіру сияқты сапалы әдет-дағдылырдың қалыптасуы.
В) Өте қиындық туғызатын, педагогикалық шеберлікті қажет ететін тәрбие процесі.
С) Оқушылардың рухани, адамгершілік дамуы.
Д) Оқушылардың мінез-құлқы, сана-сезімдері, талап-тілектері мен мұқтаждықтары қалыптасуы мен дамуы.
Е) Адамның жағымды мінез-құлқы.

16. Тәрбие әдістерін жіктеуде өз көзқарастарын білдірген педагогтар.


А) Н. К. Гончаров, Т. Е. Конникова, И. Т. Огородников, И. С. Марьенко, Г. И. Шукина, В.А. Сластенин.
В) В. А. Сухомлинский, Н. К. Крупская, Н. К. Гончаров.
С) Я. А. Коменский, Б. Е. Райков, А. С. Макаренко.
Д) Г. И. Шукина, Н. К. Крупская, А.С. Макаренко.
Е) Г. И. Шукина, Н. К. Крупская, К. Д. Ушинский.

17. Еңбектің ұжымдық формасына үлкен мән берген педагогты ата?


А) В. А. Сухомлинский.
В) К. Д. Ушинский.
С) Я. А. Коменский.
Д) А. С. Макаренко.
Е) Л. Н. Толстой.

18. Дүниетанымның құрамды бөліктері:


А) Сенім, ғылыми білім жүйесі, дүниетаным, адам мұраты.
В) Жеке адамның табиғатқа, өмірге көзқарасы.
С) Оқушылардың әлеуметтік тұрмысы.
Д) Оқушылардың адамгершілік жағынан қалыптасуы.
Е) Білім беру жүйесі, адамның өмірге көзқарасы.

19. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін ата.


А) Оқушылардың адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру.
В) Оқушыларды қоғамның моральдік нормасын орындауға қатыстыру, оқушылырдың тәртіп және мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру, балалардың санасына және мінезіне педагогикалық ықпал жасаудың бірлігін қамтамасыз ету, Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
С) Оқушылардың ішкі және сыртқы дүниеге көзқарасына ықпал ету.
Д) Оқушылардың адамгершілік қасиеттерінің дамуы, жағымды мінез-құлқының қалыптасуы.
Е) Оқушылардың жағымды мінез- құлқы.

20. “ Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез- құлқыңызды тексеріңіз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе... Ата- аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз отбасын қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы- тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі ”–– деген пікірді айтқан педагогты ата.


А) Н. К. Крупская .
В) В. А. Сухомлинский .
С) А. С. Макаренко.
Д) К. Д. Ушинский.
Е) Л. Н. Толстой.

21. Тәрбиесі қиын балалармен жұмыс істеу үшін қандай басты мәселелерді басшылыққа алу керек?


А) Тәрбиесі қиын балаларды әр түрлі жұмыстарға қатыстыру.
В) Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарында олқылықтар мен кемшіліктер болдырмау.
С) Тәрбиесі қиын балалардың диагноздық белгілерін анықтау.
Д) Тәрбиесі қиын балалардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу, олардың кемшіліктерін терең зерттеу, психологиялық-педагогикалық және медициналық мәліметтерін жеткілікті білу, мектептерде мақсатқа бағытталған жоспар бойынша нақты жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру, жетілдіру.
Е) Тәрбие жұмыстарын басшылыққа алу.

22. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерін ата.


А) Білім қорын жинау, негізгі ойлау операцияларын меңгеру, зиялылық біліктерді қалыптастыру, дүниетанымды қалыптастыру.
В) Ақыл-ой күштері, зер салып ойлау.
С) Жастарға білім беру.
Д) Оқушылардың ойлауын дамыту.
Е) Оқушылардың ойлау операцияларын дамыту.

23. Мектепте оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің басты міндеттерін ата.


А) Оқушыларды еңбекке баулу, тәрбиелеу.
В) Оқушылардың еңбек сүйгіштігін тәрбиелеу .
С) Еңбекке психологиялық және практикалық дайындығын қалыптастыру.
Д) Еңбектің мәні мен құндылығын арттыру.
Е) Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау, оқушыларды халық шаруашылығының салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, мамандықты таңдауға дайындау.
24. Еңбек тәрбиесінің жүйесіне кіретін іс-әрекеттер.
А) Оқу барысындағы еңбек, сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстар, өзіне-өзі қызмет ету, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек.
В) Оқушылардың өндірістік бригадаларын құру.
С) Еңбектің балалардың психикалық және физиологиялық еркешеліктеріне сай ұйымдастырылуы.
Д) Өз бетінше еңбек ету.
Е) Оқу барысындағы еңбек, кәсіптік білім беру.
25. Кәсіптік бағдар беру жүйесінің негізгі компоненттерін атаңыз.
А) Кәсіптік диагностика, кәсіптік білім беру, кәсіптік адаптация, кәсіптік консультация, кәсіптік іріктеу.
В) Оқушылардың білім деңгейі мен жеке қасиеттері.
С) Политехникалық білім беру.
Д) Еңбек ресустарын тиімді пайдалану.
Е) Оқушылардың өндірістік бригадалары.

Б-вариант


1. “Дидактика ” термині сөзбе-сөз аударғанда қандай мағынаны білдіреді?


А) Оқыту.
В) Білім беру.
С) Үйретуші, мұғалім.
Д) Дамытушы.
Е) Оқыту, дамыту, тәрбиелеу.

2. Дидактиканың ғылыми негізін салған ең бірінші кім?


А) Я. А. Коменский “Ұлы дидактика ”-китабында баяндаған.
В) К. Д. Ушинский “Адам тәрбие-тірегі”-еңбегінде.
С) И. Г. Песталоцци
Д) А. В. Луначарский “Халыққа білім беру ”.
Е) Ы. Алтынсарин.

3. Дидактиканың негізгі ұғымдары (категориялары):


А) Үздіксіз халыққа білім беру.
В) Білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
С) Политехникалық білім, еңбек тәрбиесі мен оқыту.
Д) Жалпы және кәсіптік білім беру.
Е) Жалпы білім беру.

4. Оқыту процесінің өзіне тән функцияларын ата:


А) Оқытудың дидактикалық құралдары функциясы.
В) Оқыту нәтижелерінің функциясы
С) Оқытудың білім беру функциясы оқытудың тәрбиелік функциясы, оқытудың дамыту функциясы.
Д) Танымдық іс-әрекеттері функциясы.
Е) Оқытудың дамыту функциясы.

5. Оқытудың түрлерін атаңыз?


А) Дамыта отырып оқыту, бағдарламалап оқыту.
В) Тәрбиелей отырып оқыту, білім бере отырып оқыту.
С) Білім бере отырып оқыту, проблемалық оқыту.
Д) Түсіндірмелі-иллюстративті оқыту, проблемалық оқыту, бағдарламалап оқыту.
Е) Дамыта білім бере отырып оқыту, түсіндіре отырып оқыту.

6. “Утопия” –– деген кітаптың авторы кім?


А) Аристотель.
В) М. Ф. Квинтилиан.
С) Жан-Жак Руссо.
Д) Томас Мор.
Е) Платон.

7. Оқыту процесінің заңдылықтарын атаңыз:


А) Жүйелік және бірізділік заңдылығы .
В) Оқытудың қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы, оқытудың, білім берудің және өзара байланыс заңдылығы, Оқыту процесінде оқушылардың жас, дербес ерекшеліктерін есепке алу заңдылығы, оқыту процесінің міндеттерінің мазмұнының, формаларының, әдістерінің байланыс заңдылығы.
С) Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту заңдылығы.
Д) Әлеуметтік мотивтер заңдылығы, жүйелік және бірізділік заңдылығы, оқыту процесін дамыту заңдылығы.
Е) Оқыту процесін дамыту заңдылығы, жүйелілік және бірізділік заңдылығы.
8. “Адам болу үшін ол білім алуы тиіс ”. “Білімділер, нағыз адам”-
деген пікірді айтқан педагог кім?
А) Я. А. Коменский
В) Джон Локк
С) И. Г. Пестолоцци.
Д) И. Гербарт.
Е) Жан-Жак Руссо.
9. Оқыту процесінің принціптерін атаңыз?
А) Оқыту процесінің мақсаттылық принципі, оқытудың ғылымилық принципі, жүйелілік және бірізділік принципі, көрнекілік принципі, саналылық пен белсенділік принціпі, педагогикалық процестің бағыттылық принціпі.
В) Жалпы білім беру принціпі саналылық пен белсенділік принципі.
С) Түсіндіру, ұғындыру принціпі оқыту процесінің мақсаттылық принціпі, педагогикалық процестің бағыттылық принципі.
Д) Оқушылардың жас, дербес ерекшеліктерін есепке алу принципі.
Е) Түсіндіру, білім беру, тәрбиелеу принципі.

10. Жалпы білім беретін оқу орындары үшін қандай нормативті құжаттар жасалады?


А) Оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдар.
В) Дидактикалық құралдар, оқу жоспарлары.
С) Техникалық құралдар, дидактикалық құралдар, оқу жоспарлары.
Д) Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары.
Е) Оқу құралдары, оқушылардың жеке іс-қағаздары.

11. 50.жылдардың аяғы мен 60 жылдардың басында орыс


ғылымдары Е. Я. Голант, С. Г. Шаповаленко, Н. М. Верзилин оқыту,
әдістерін қандай топтарға бөліп қарастырады?
А) Түсіндірме-иллюстративті әдіс.
В) Зерттеу әдісі.
С) Сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, практикалық әдіс.
Д) Бақылау әдісі, графикалық әдіс.
Е) Бақылау әдісі.

12. Сынып-сабақ жүйесін өзінің еңбегінде дәлелдеген педагог кім?


А) К. Д. Ушинский “Адам- тәрбие тірегі”.
В) Я. А. Коменский “Ұлы дидактика” кітабында.
С) А. С. Макаренко “Ұстаздық дастан ” еңбегінде.
Д) В. А. Сухомлинский “Балаға жүрек жылуы” .
Е) А. С. Макаренко “Мұнара үстіндегі жалаулар”.

13.АҚШ- тағы, Германиядағы оқытудың әртүрлі формаларын атаңыз?


А) Дальтон-план, лабараториялық бригадалық форма, винетка-план, трамп-план, иена-план.
В) Оқу материалдарын баяндау формасы.
С) Оқытудың көрнекілік формасы.
Д) Дербес оқыту формасы.
Е) Оқу материалдарын баяндау формасы, лабораториялық форма.

14. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасын атаңыз?


А) Білім беру.
В) Дамыту.
С) Лабораториялық жұмыстар, түсіндіру.
Д) Сабақ.
Е) Білім беру, сабақ, оқыту.

15. Аралас сабақ типі:


А) Еңбекті, іскерлікті, дамыту.
В) Танымдық міндеттерді қою.
С) Жаңа сабақ материалын түсіндіру.
Д) Ешқайсысы.
Е) Ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа материалды мұғалімнің баяндауы , жаңа материалды бекіту, үйге тапсырма беру.

16. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің нәтижесін бақылаудың түрлерін атаңыз?


А) Ішінара бақылау.
В) Экспериментті бақылау.
С) Тақырыптық бақылау, тараулар бойынша оқтын-оқтын бақылау, қорытынды бақылау.
Д) Машинасыз және машиналы бағдарламалап бақылау.
Е) Экспериментті бақылау, тақырыптық бақылау.

17. Оқушылардың білімін бағалау үшін қандай жағдайларды ескеру қажет?


А) Оқушы білімінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәлелдеу, баға әділетті болуы қажет, оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынбау, оқушылар білімін тексеруді және бағалауды сабақтың әрбір кезеңінде іске асыру.
В) Оқушылардың үлгерімін есепке алу.
С) Білімді іскерлікті, дағдыны тексеру.
Д) Материалды толық біліуін қадағалау және есепке алу.
Е) Оқушы білімінің жақсы жақтарын, үлгерімін есепке алу.

18. Мектепте сабақтан басқа оқытуды ұйымдастырудың қандай формалары бар?


А) Оқушылардың білімін бақылау.
В) Оқу саяхаты, семинар сабақтары, практикумдар, факультативтер, үй оқу жұмысы.
С) Әрбір сабақтың теориялық және практикалық дәрежесін көтеру.
Д) Дидактикалық және политехникалық.
Е) Оқушылардың білімін бағалау, нәтижесін тексеру.

19. Сабақтың түрлерін атаңыз?


А) Жаңа білім беру сабағы, білімді іскерлікті, дағдыны жетілдіру сабақтары, жинақтау және жүйелеу сабақтары, аралас сабақтар.
В) Лабораториялық сабақтар, практикалық сабақтар.
С) Дәстүрлі емес сабақтар, білімді жетілдіру сабақтары, қайталау сабақтары.
Д) Сынақ, сұрау-қайталау, бақылау сабағы.
Е) Білімді жетілдіру сабақтары, қайталау сабақтары.

20. Дәстүрлі емес сабақтардың түрлері:


А) Аралас сабақ, жаңа білім беру сабағы.
В) Бақылау сабағы.
С) Жаңа білім беру сабағы, ойын сабақтары сайыс сабақтар, аралас сабақ.
Д) Жинақтау, жүйелеу бірізділік сабақтары.
Е) Интегралдық сабақтар, ойын сабақтары, конференция сабақтары , сайыс сабақтар, индекс және жарыс сабақтары, жарнама сабақтар т.б.

21. Мұғалімнің оқыту жұмыстары қандай жоспарлар негізінде жүзеге асырылады?


А) Тәрбие жоспары.
В) Тақырыптық жоспар, сабақ жоспары.
С) Оқу бағдарламаларын жоспарлау.
Д) Оқушылырдың танымдық іс-әрекетін жоспарлау.
Е) Тәрбие жоспары.
22. Білім беру жүйесі қандай құрылымдардан тұрады?
А) Бастауыш білім беру.
В) Жалпы орта білім беру .
С) Үздіксіз білім беру.
Д) Отбасылық тәрбие, мектеп жасына дейінгі тәрбие, жалпы орта білім, мектептен тыс тәрбие мен оқыту кәсіптік техникалық білім, орта арнаулы білім, жоғары білім, арнаулы білім мекемелері, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, қосымша білім беру.
Е) Бастауыш білім беру, орта білім беру, арнаулы білім беру, қосымша білім беру.

23. Қазақсатан Республикасының білім туралы заңы соңғы рет қашан қабылданды?


А) 7 маусым 1999 жыл. Астана.
В) 30 тамыз 1995 жыл. Алматы.
С) 8 ақпан 1992 жыл. Алматы.
Д) 25 қазан 1991 жыл. Алматы.
Е) 1 қыркүйек 2000 жылы.

24. Мектеп ісін бақылауға қандай талаптар қойылады?


А) Бақылауды ұдайы және жүйелі түрде жүргізіп отыру, бақылаудың әр түрлі формаларын пайдалану, бақылаудың әдеттілігі мен жариялылығы, бақылаудың тиімділігі, нәтижелілігі.
В) Оқу – тәрбие ісін үнемі бақылау.
С) Бақылаудың бірізділігін қаматамасыз ету.
Д) Оқушылардың сабақтан қалмауын қадағалау.
Е) Бақылауды ұдайы жүргізу, ұжымның тәртібін қадағалау.

25. Мектепішілік бақылаудың мазмұнына кіретін мәселелерді атаңыз?


А) Оқу жоспары, оқу бағдарламалары, олардың орындалуы, сабақ берудің және оқудың жағдайы, жаңашыл мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелерін оқып үйрену, тарату және оқу-тәрбие процесіне енгізу, тәрбие жұмыстарын бүгінгі өмір талаптарына сәйкес басқару әдістемелік жұмыстар, ата-аналар және жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстар, мектеп құжаттары, педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдердің орындалуын тексеру.
В) Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабақ үлгерімін бақылауды ұйымдастыру.
С) Оқушылардың жеке іс-қағаздарын тексеру.
Д) Ата- аналармен жұмысты бақылау.
Е) Оқу жоспарын, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын, оқушылардың жеке іс-қағазын бақылау.

В-вариант


1.Сабақты талдау процесінде қандай мәселелер еске алынады?


А) Оқушылардың сабаққа дайындығы.
В) Сабақтың типі, құрылымы, мазмұны, оқыту әдістерінің сабақтың мақсаты мен мазмұнына сәйкестігі, сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру, мұғалімге мінездеме беру, сабақтың нәтижесін анықтау.
С) Тақырыптық- оқу жоспарын бақылау.
Д) Ғылыми тұрғыдан сабаққа басшылық.
Е) Сабақтың түрлері, құрылымы, сабақ жоспары.

2. Сабақтарға қатысудың түрлерін атаңыз?


А) Сабаққа үнемі қатысып отыру.
В) Сабақтың дер кезінде өтуін қадағалау.
С) Сабаққа оқу жылы басында қатысуы, бүкіл жұмыс күнінің барысында бір сыныпта өтетін сабақтарға қатысу, мектеп директорының, оқу ісін меңгерушілердің, әдістемелік кеңестің, әдістемелік пән бірлестіктері жетекшілерінің, мұғалімдердің сабақтарына бірігіп қатысуы.
Д) Әр сыныпта күніне 1 рет сабаққа қатысуы.
Е) Оқу ісі меңгерушісінің сабаққа ұдайы қатысуы.
3. Педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың ұжымдық формаларына не жатады?
А) Пән бойынша оқулықтар жазу, түрлі сайыстарға қатысу.
В) Арнайы тақырыптар бойынша әдістемелік ұсынбалар, әдістемелік оқу құралдарын жасау.
С) Педагогикалық оқулар, сабақты оқытудың ұжымыдық, топтық және дара формалары.
Д) Педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, практикумдар- семинарлар, мұғалімдердің әдістемелік пән бірлестіктері, сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері, кіші шығармашылық топтар, психологиялық- педагогикалық семинарлар, педагогикалық оқулар, ғылыми-практикалық конференциялар.
Е) Педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес оқу құралдарын жасау.

4. Мектептің жылдық жоспарын кім, қай уақытта бекітеді?


А) Директор, қыркүйек айындағы бірінші педагогикалық кеңесте.
В) Оқу ісінің меңгерушісі, тамыз айында.
С) Оқу жылының соңында, мектеп директоры бекітеді.
Д) Мұғалімдер, мектеп әдіскері бірінші педагогикалық кеңесте.
Е) Оқу бөлімінің меңгерушісі, әдіскер оқу жылының басында.

5. Мектеп басшысына қандай талаптар қойылады?


А) Кәсіби талаптар, адамгершілік-психологиялық талаптар.
В) Жеке басының мәдениеттілігіне қойылатын талап.
С) Өнегелі талаптар.
Д) Мектеп жұмысына дұрыс басшылық жасай алу талабы.
Е) Өнегелі талаптар, педагогикалық талаптар.

6. Жылдық оқу-тәрбие жұмысы жоспарының құрылымын атаңыз?


А) Тәрбие жұмыстары, оқу жұмысы.
В) Кіріспе- өткен оқу жылындағы мектеп жұмысына талдау жасау, жаңа оқу жылына қойылатын міндеттерді өткен оқу жылының нәтижелеріне сәйкес анықтау, жоспардың негізгі бөлімдері, олардың мазмұны.
С) Зерттеу жұмыстарының нәтижелерін анықтау.
Д) Ұжымдық шығармашылық істің байқауын өткізу.
Е) Жаңа оқу жылына қойылатын талаптар.

7. Мектеп жұмысының жоспары қандай бөлімдерден тұрады?


А) Зерттеу жұмыстары.
В) Педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттау, тарату.
С) Оқу жұмысы, тәрбие жұмысы, мектеп пен отбасы бірлестігі, педагогикалық кадрлармен жұмыс, қаржы және шаруашылық жұмыстары, педагогикалық кеңестің жұмыстары.
Д) Мектептен тыс білім және тәрбие беру жұмыстары.
Е) Оқу жұмысы, зерттеу жұмыстары.

8. Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрі кім?


А) Б. Әйтімова.
В) В. Школьник.
С) Қ. Тоқаев.
Д) С. Тоқпақбаев.
Е) И.Тасмағанбетов

9. Мектепті басқару стилінің түрін атаңыз?


А) Қарамағындағы адамдардың шығармашылық еңбегін бағалау.
В) Өктемдік стиль, демократиялық стиль, ымырашылдық стиль.
С) Оқу- тәрбие процесін жүйелі басқару стилі.
Д) Мұғалім еңбегін ғылыми негізінде ұйыдастыру стилі.
Е) Өктемдік стиль, оқу – тәрбие жұмысын жүйелі басқару стилі.
10. Ұлт ойындары өзінің мазмұнына байланысты қанша топқа бөлінеді және қандай болып?
А) Екі топқа бөлінеді: 1. Оймен келетін ойындар.
2. Тұрмыс-салт ойындары.
В) Бір топқа бөлінеді: 1. Қимыл-қозғалыс ойындары.
С) Екі топқа бөлінеді: 1. Ұлттық ойындар.
2. Спорттық элементтері бар ойындар.
Д) Екі топқа бөлінеді: 1. Дене шынықтыру, спорт ойындары.
2. Тұрмыс-салт ойындары.
Е) Үш топқа бөлінеді : 1. Ойын-сауық, тұрмыс- салт ойындары.
2. Дене шынықтыру, спорт ойындары.
3. Оймен келетін ойындар.
11.Экономикалық тәрбие дегеніміз не?
А) Еңбек тәрбиесінің бір саласы. Оқушылардың еңбек туралы
білімдерін дамыту, айырбас, бөлісу туралы түсініктерін кеңейту.
В) Экономикалық тәрбие дегеніміз- оқушыларды экономикалық
білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық
саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас, бөлісу, тұтыну шеңберіндегі
негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту.
С) Қоғам өмірінің материалдық негізі экономикалық тәрбие деп
аталады.
Д) Эконмикалық тәрбие дегеніміз-қаржыландыру көзі.
Е) Экономикалық тәрбие дегеніміз- оқушылардың еңбек туралы
білімдерін дамыту, экономикалық саясат туралы түсініктерін
қалыптастыру.

12.Жалпы орта білім беретін мектептер жағдайында оқушыларға


экономикалық тәрбие және білім беруді ұйымдастырудың негізгі формаларын атаңыз?

А) Сабақ, факультатив, саяхат үй оқу тапсырмасы, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек т.б.


В) Практикалық жұмыстар және эксперимент жүргізу, ұлттық, кіріс, қаржы, бизнес акция.
С) Экономикалық сөздік жасау, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек т.б.
Д) Ұлттық кіріс, қаржы, еңбек ақы, акция, бизнес, жаттықтыру.
Е) Сабақ, эксперимент, экономикалық қарым-қатынас, саяхат, факультатив, өнімді еңбек.
13. Экология сөзін ең бірінші қолданған неміс биологы кім, қандай
кітабында ?
А) Ч. Дарвин. “Тіршілік үшін күресу еңбегі”.
В) И. Павлов. “Тіршілік үшін күресу еңбегі”.
С) Сеченов 1968 ж. “Естественная история происхождения”.
Д) Эрнест Геккель.1968ж. “Естественная история происхождения”.
Е) Эрнест Геккель “Тіршілік үшін күресу еңбегі”.

14. Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаттарын атаңыз.


А) Адамның өндірістік іс-әрекеті, оқушыларды экологиялық біліммен қаруландыру.
В) Экологиялық нормалардың , ережелердің қажеттілігін жастардың мінез- құлқында тәрбиелеу қоршаған орта жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу, жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру.
С) Экологиялық біліммен қаруландыру, экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру .
Д) Экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу, экологиялық нормалардың, ережелердің қажеттілігін жастардың мінез- құлқында тәрбиелеу.
Е) Экологиялық білімдерін қалыптастыру, экологиялық нормалардың, ережелердің қажеттілігін жастардың мінез-құлқында тәрбиелеу.

15. Экологиялық тәрбиенің басты міндеттерін атаңыз.


А) Өмірде, еңбек іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу, табиғатты қорғауда оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу, әрбір мектепте экологиялық білім және тәрбие қоғамын ұйымдастыру, қоғам мүшелерін мектептегі жастар ұйымына ынтымақтастыру.
В) Экологиялық тәрбиеге байланысты мектепте жаппай ұйымдастыру.
С) Мектеп оқушыларын үнемі орман шауашылығына көмектестіріп отыру.
Д) Фенологиялық бақылау жүргізу, әрбір мектепте экологиялық білім және тәрбие қоғамын ұйымдастыру, қоғам мүшелерін мектептегі жастар ұйымына ынтымақтастыру.
Е) Мектепке жастар ұйымын жандандыру , табиғатты қорғауға оқушыны тарту.

16. Дефектология ғылымы нені зерттейді, оның негізгі салаларын атаңыз?


А) Дефектология ғылымы көзі нашар көретін балаларды зерттейді. Салалары :
1. Көру.
В) Дефектология ғылымы балардың сөйлеу кемістігін зерттейді. Салалары :
1. Кекеш
2. Сақау.
С) Дефектология ғылымы –– көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл –– ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейді. Салалары :
1.Сурдопедагогика –– саңырау, мылқау, керең.
2. Тифлопедагогика –– көзі нашар көретін балаларды .

  1. Олигофренопедагогика–– ақыл-ойы кеміс балаларды.

4.Легопедия –– тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді.
Д) Дефектология ғылымы оқушылардың тіл кемістігін, көз кемістігін зерттейді. Салалары:
1.Логопедия

  1. Тифлопедагогика –– көзі нашар көретін балаларды

Е) Дефектология ғылымы жалпы мектепке оқуға кедергі келтіретін дене кемістіктерін зерттейді. Салалары:
1. Логопедия .
2. Арнаулы педагогика.

17. “Жеке басы бақытты болу үшін тәрбиелемеу керек, жалпылық бақыт үшін, жалпылық күрес үшін тәрбиелеу керек ” –– деген пікірді айтқан көрнекті педагог кім?


А) А. С. Макаренко.
В) Я. А. Коменский.
С) В. А. Сухомлинский.
Д) Жан - Жак Руссо.
Е) Сен - Симон.

18. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру процесінде қандай міндеттерді шешу қажет?


А) Қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланы көру және сезу қабілетін дамыту.
В) Тазалық, қарапайымдылық, әдемілік қасиеттерін дамыту.
С) Әрбір заттың көзге сүйкімді, анық көрінуін қамтамасыз ету.
Д) Оқушылардың эстетикалық қабылдауын, эстетикалық сезім мен ұғымын дамыту көркемдік – творчестволық қабілетін үздіксіз дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Е) Оқушылардың эстетикалық қабылдауын, логикалық ойлауын, қоршаған дүниенің сұлулығын сезіне білу.

19. “Дене қимылын бір қалыптылықта ұстауға, мейірімді дауыспен сөйлеуге, өзіңді ұстай білуге, жеңіл жүруге жету қажет ”–– деген пікірді айтқан философ, ағартушы, жазушы, педагог кім?


А) А. С. Макаренко.
В) Жан – Жак Руссо.
С) М. В. Ломоносов.
Д) А. Н. Радищев.
Е) А. Дистервег.

20. “Балалар әлемі ”, “Ана тілі” , “ Педагогикалық антропология ”. Қоғамдық тәрбиенің халықтық негізі туралы, “ Швецарияға педагогикалық саяхат ”–– деген еңбектердің авторы кім?


А) А. С. Макаренко.
В) А. Н. Радищев.
С) К. Д. Ушинский.
Д) В. А. Сухомлинский.
Е) Д. Локк.

21. Күн ырғағына (режимге) қандай талаптар қойылады?


А) Күн ырғағының тұрақтылығы, балалардың жас ерекшелігін есептеу.
В) Еңбек, демалыс, тамақтануды дұрыс ұйымдастыру.
С) Дене шынықтыру, мәдениет, туризм, спортты дұрыс жолға қою, күн ырғағының тұрақтылығы, демалыс уақытын дұрыс ұйымдастыру.
Д) Оқушылардың бойында жоғары адамгершілік салаларын тәрбиелеу, күн ырғағының тұрақтылығы, демалыс уақытын дұрыс ұйымдастыру.
Е) Күн ырғағының тұрақтылығы, демалыс уақытын дұрыс ұйымдастыру.

22. Дене тәрбиесі мұғалімнің істейтін жұмыстарының мазмұнына кіретін мәселелерді атаңыз.


А) Еңбек, демалыс, ұйқы, тамақтануды дұрыс ұйымдастыру, шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын (режимін ) ұтымды пайдалануды үйрету.
В) Шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын (режимін ) ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, мектеп ғимаратына, жұмыс жабдықтарына, спорт өткізілетін орындарға қойылатын санитарлық- гигиеналық талаптарды орындау, оқу күш, оқу жылы бойында қозғалыс жасау, сауықтыру жұмыстарын тиімді өткізу.
С) Оқушылардың денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру және қоғамдық гигиенаға дағдыландыру.
Д) Оқушыларға қамқорлық жасау, негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау.
Е) Шәкірттерге дене жаттығуларын, спорт ойындарын үйрету, демалыс ырғағын (режимін) ұтымды пайдалануды үйрету.

23. Мектепте дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына не жатады?


А) Дене жаттығулары, туризм, ойын .
В) Табиғат факторлары.
С) Дене шынықтыру сабақтары, сыныптан және мектептен тыс жаппай спорт жұмыстары.
Д) Гимнастика, оқушылардың жеке және қоғамдық гигиенасы.
Е) Дене шынықтыру, гимнастика.

24. Дене тәрбиесінің негізгі құралдарын атаңыз?


А) Дене шынықтыру сабақтары .
В) Күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
С) Дене шынықтыру, спорт, негізгі қозғалтқыш сапалары.
Д) Дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм спорт, табиғи факторлар.
Е) Дене шынықтыру сабағы, суға шомылу, ойын, еңбек.

25. “Ойын балалар үшін тәрбие, ойын балалар үшін еңбек, ойын балалар үшін оқу ” –– деген жолдардың авторы кім?


А) К. Д. Ушинский.
В) А. С. Макаренко.
С) В. А. Сухомлинский.
Д) Н. К. Крупская.
Е) Я. А. Коменский.

Д-вариант


1. “Қоғамды мазасыздандырып отырған құбылыстардың басты себебі мектептегі оқу жылдарындағы зиялылық мұраттарының бишаралығы және қуыс кеуделілігінің негізінде дамып отырған жас өспірімдер мен жастар арасындағы маскүнемдік, бұзақылық, уақытты мағанасыз өткізу”–– деген жолдардың авторы кім?


А) В. А. Сухомлинский.
В) Н. К. Крупская.
С) Э. Геккель.
Д) А. С. Макаренко.
Е) А. Дистервег.

2. Құқықтық тәрбиенің негізгі формаларын атаңыз.


А) Құқықтық мәдениет.
В) Құқықтық мәдениет, заң тану мектебі.
С) Сөздік ақпараттық, құқықтық лекториялық құқықтық мәдениет, заң тану мектебі.
Д) Үкімет заңдары, машықтандыру, ұқтыру құқықтық білім беру клубтары, заң тану мектебі, құқықтық мәдениет, сөздік-ақпараттық құқықтық лекториялар.
Е) Құқықтық лекториялар, кинолекториялар, жасөспірімдердің заң тану мектебі, құқықтық білім беру клубтары.

3. Қазақстан Республикасының Конститутциясы қай жылы, қай айда, қай күні қабылданды?


А) 7 маусым 1999 жыл.
В) 30 тамыз 1995 жвл.
С) 8 тамыз 1993 жыл.
Д) 16 желтоқсан 1985 жыл.
Е) 25 қазан 1992 жыл.

4. Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формаларын атаңыз?


А) Ата-аналармен жұмыс, сынып жетекшісінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары.
В) Жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыру.
С) Жеке адамның адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамыту.
Д) Ата-аналармен жұмыс, мектептен тыс тәрбие жұмыстары.
Е) Оқушылармен жұмыс, ата-аналармен жұмыс мектептен тыс тәрбие жұмысы.

5. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығын қалыптастыруда, отбасының өзіне тән функцияларын атаңыз.


А) Отбасының этникалық құрамы және құрылымы.
В) Ішкі отбасылық қатынастар, туған-туысқандарымен қарым-қатынас жасау функциясы.
С) Халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттік –шаруашылық функциясы, отбасының тәрбиелік функциясы, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандарымен қарым-қатынас жасау функциясы.
Д) Еңбек және қоғамдық функциясы, халықтың өсуі, ішкі отбасылық қатынастар функциясы.
Е) Халықтың өсуі, ішкі отбасылық қатынастар функциясы.

6. Отбасылық тәрбиенің кейде сәтсіздікке ұшырауының басты себептерін атаңыз.


А) Отбасы мүшелерінің дұрыс қарым-қатынаста болмауы.
В) Тіршілік әрекетінің, ортаның әсері, ата-аналардың балалар алдында беделді болмауы.
С) Ата-аналардың балалар алдында беделді болмауы, әке мен ананың және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан талаптың жоқтығы.
Д) Үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығы, отбасында болатын өктемдік баланы өзін-өзі билеушілігінен айырады, баланы шамадан тыс еркелетушілік, әке мен ананың және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан талаптың жоқтығы ата-аналар балаларды еркімен қарым-қатынас жасаудан аулақтатады, әке мен ана өз баласының іс-әрекетіне немқұрайды, жауапсыздықпен қарайды.
Е) Отбасында болатын өктемдік, ата-аналар жоқтығы, әке мен ана өз баласының іс-әрекетіне немқұрайлы, жауапсыздықпен қарайды.

7. “Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп


болмайды деген кісінің тілін кесер едім”–– деген сөздің авторы кім?
А) Ш. Уәлиханов.
В) А. Байтұрсынов.
С) А. Құнанбаев.
Д) М. Жұмабаев.
Е) Ш. Құдайбердиев.

8. Балалар ұжымы дегеніміз не?


А) Ұжым деп–– мақсат, мүдделері бір бағытқа бағытталған біріккен
адамдар тобы.
В) Бір сыныпта оқитын оқушылар тобы.
С) Ұжымда оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруды ұжым дейміз.
Д) Барлық ұжымдармен табиғи байланысты болатын топ ұжым деп
аталады.
Е) Ұжым дегеніміз–– ұжым кезеңдерінің біртіндеп қалыптасуы.
9. Қазақ педагогикасының негізін салушы ағартушы-педагог кім?
А) М. Жұмабаев.
В) Ы. Алтынсарин.
С) А. Құнанбаев.
Д) Ш. Құдайбердиев.
Е) Қ. Бержанов.
10. “Әр педагог педагогикалық шеберлікке дәйекті тынымсыз еңбектенудің нәтижесінде қол жеткізе алады”–– деген сөйлем жолдарының авторын атаңыз?
А) Әль-Фараби.
В) А. С. Макаренко.
С) Л. Н. Толстой.
Д) М. Дулатов.
Е) Ж. Баласағұн.

11. Ұлы қиялшыл-социалист утопистерді атаңыз.


А) Я. А. Коменский, Д. Локк , Ж. Ж. Руссо.
В) И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский.
С) А. С. Макаренко, Томас Мор.
Д) Сен-Симон, Шарль Фурье, Роберт Оуэн.
Е) А. Дистервег, Роберт Оуэн, Д. Локк.
12. Сынып жетекшілілеріне жүктелетін міндеттерді атаңыз.
А) Оқушылардың ата-аналарымен жүйелі түрде жұмыс жүргізу.
В) Оқушыларды пәндік үйірмелерге тарту.
С) Өз сыныбында сабақ беретін мұғалімдердің жұмысын үйлестіріп отыру, сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып жүргізіп, оған бағыт беріп отыру, мектеппен отбасының байланысын жасау.
Д) Оқушыларды үнемі зерттеп білу, сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып жүргізіп, оған бағыт беріп отыру, мектеппен отбасының байланысын жасау.
Е) Оқушылардың ата-аналарымен қарым қатынаста болу.

13. Сынып жетекшісіне қойылатын талаптарды атаңыз.


А) Жоғары идеялық және қоғамдық саналылық, жоғары моральдық бедел, педагогикалық шеберлік, мәдени өріс, педагогикалық әдептілік, балаларға деген сүйіспеншілік пен құрметті ұйымдастырушылық қабілеті, сынып жетекшісінің мамандығын арттыру, тәрбие жұмысына шығармашылық көзқарас.
В) Жұмыс жоспарының нақты болуы, педагогикалық әдептілік, балаларға деген сүйіспеншілік пен құрметті ұйымдастырушылық қабілеті, сынып жетекшісінің мамандығын арттыру.
С) Ата-аналарға педагогикалық білімді насихаттау,сынып жетекшісінің мамандығын арттыру, тәрбие жұмысына шығармашылық көзқарас.
Д) Сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен үнемі қарым-қатынаста болу.
Е) Өнегелі талаптар, кәсіби талаптар, жоғары идеялық және қоғамдық саналылық, жоғары моральдық бедел, педагогикалық шеберлік.

14. Сынып жетекшісінің жоспары қандай бөлімдерді қамтиды?


А) Сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайында жалпы мәліметтер, сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары, тәрбие міндеттері, сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс, ата- аналармен жұмыс.
В) Жоғары идеялық және қоғамдық саналық, сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс, ата-аналармен жұмыс.
С) Атамекен, кәусар бұлақ бағдарламаларын негізге ала отырып тәрбие жоспарын жасау, мұғалімдермен жұмыс, ата-аналармен жұмыс.
Д) Ата-аналармен жұмыс, тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.
Е) Сыныптың қысқаша сипаттамасы, тәрбие жұмысы, оқу жұмысы.

15. “Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан сондай болдаы. ” Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады деген пікірді кім айтқан?


А) А. С. Макаренко.
В) Я. А. Коменский.
С) К. Д. Ушинский.
Д) Л. Н. Толстой.
Е) Джон Локк.
16.Оқыту процесі дегеніміз не?
А) Оқыту процесі дегеніміз –– мұғалімнің оқушыларға білім берудегі жетістігін айтамыз.
В) Оқыту процесі дегеніміз–– бұл оқушылардың мұғалімнің басшылығымен бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесудің нәтижесі арқылы оқушыға білім беру міндетін шешу. Оқу процесі–тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі.
С) Оқыту процесі дегеніміз– оқушылардың ақыл-ойын дамыту, еңбекке көзқарасын қалыптастыру.
Д) Оқыту процесі дегеніміз–– оқыту әдістерін тиімді пайдалану, оқыту процесі дегеніміз– бұл оқушылардың мұғалімнің басшылығымен бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесудің нәтижесі арқылы оқушыға білім беру міндетін шешу, оқушыларға білім беру.
Е) Оқыту процесі дегеніміз– оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру, іскерлігі мен дағдысын дамыту, білімнің жүйелілігін тәрбиелеу.
17. Оқыту құрылымына қандай танымдық іс-әрекеттің кезеңдері
кіреді?
А) Оқытудың әдістері мен түрлерін жетілдіру.
В) Оқушының ұстазын ұнатуы, оған сүйіспеншілігі.
С) Абстракты ойлау-ұғыну,мәнін түсіну, таным міндеттеріне жете
түсіну, жаңа материалды қабылдау, білімді, іскерлікті,дағдыны
жетілдіру.
Д) Мамандық таңдау мен пәнге қызығушылық, оқушылардың
білімін, іскерлігін, дағдысын тексерту, талдау, бағалау.
Е) Таным міндеттеріне жете түсіну, жаңа материалды қабылдау,
білімді, іскерлікті, дағдыны жетілдіру,дағдыны тәжірибеде қолдана
білу , оқушылардың білімін, іскерлігін,дағдысын тексеру, талдау,
бағалау.

18. Жалпы білім беру неше циклдан тұрады?


А) Екі циклдан.
1.Гуманитарлық
2.Еңбек.
В) Төрт циклдан тұрады.
1.Ғылыми жаратылыс.
2.Гуманитарлық.
3.Дене дайындығы.
4.Математика.
С) Екі циклдан тұрады.

  1. Ғылыми жаратылыс

  2. Гуманитарлық.

Д) Үш циклдан тұрады.
1.Ғылыми жаратылыс.
2.Математика.

  1. Гуманитарлық,еңбек

Е) Үш циклдан тұрады.
1.Ғылыми жаратылыс.
2.Гуманитарлық, еңбек.
3.Дене дайындығы.
19. “Ғұдатғу білік”–– атты шығарманы кім жазған, қай ғасырда?
А) ХІ ғ.Махмуд Қашқари.
В) ХІІ ғ. Қожа Ахмет Иассауи.
С) ХІ ғ. Жүсіп Баласағұн.
Д) ХІХ ғ. Абай Құнанбаев.
Е) ІХ ғ. Әбу Насыр Әль-Фараби.

20.Оқулықтарға қандай талаптар қойылады?


А) Оқу материалдарының ғылыми дәрежеде түсінікті баяндалуы, ой
әрекетінің негізгі тәсілдерін қалыптастыру, пән аралық байланысты
жетілдіру, оқу материалының жас ерекшелігіне сәйкестігі,
Қазақстанның өзіндік ерекшелігін өзге көршілес, әлемдік деңгейдегі
ғылыми білімнің деңгейіне көтере отырып баяндау, халықаралық
тәжірибені басшылыққа алу.
В) Оқулықтарды таза, ұқыпты ұстау.
С) Оқулықтардың баланың жас ерекшелігіне сай болуы, білім көлемі
кең түрде қамтылуы тиіс.
Д) Оқулықтың оқу жоспарына, оқу бағдарламасына сәйкес жасалуы,
оқулықтың ұқыпты ұсталуы.
Е) Оқулықтың барлығында еңбек, адамгершілік, ақыл-ой,
эстетикалық тәрбиелердің баяндалуы, оқулықтың эстетикалық,
педагогикалық талапқа сай жасалынуы.

21. Пдагогика ғылымында “Дидактика” саласының дамуына қазақ педагог ғалымдарынан, ағарту ісінің қайраткерлерінен кімдер үлес қосты?


А) Ж. Жабаев, К. Әзірбаев, М. Өтемісұлы.
В) С. Торайғыров, И. Тайманов, О. Тұрманжанов.
С) Ш. Уәлиханов, Т. Тәжібаев, А. Құнанбаев.
Д) Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.
Айтмауытов, Ш. Әлжанов.
Е) Ш. Уәлиханов, С. Қожанов, Д. Ахметов.

22. Оқыту процесінің звеноларына қандай танымдық іс-әрекетінің кезеңдері кіреді?


А) Оқыту іс-әрекеті, ойын іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті .
В) Ойын іс-әрекеті, түйсік іс-әрекеті.
С) Таным міндеттеріне жете түсіну, жаңа материалды қабылдау,
ұғыну-жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау процесі, білімді,
іскерлікті, дағдыны практикада қолдана білу, оқушылардың
жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру, бағалау.
Д)Қабылдау, ойлау, сөйлеу, есте сақтау, түйсіну, ерік, зейін
процестері.
Е) Таным қабылетінің дамуы, оқушыларға білім беру, оқытудың
әдістері мен формаларын жетілдіру.

23. Оқыту практикасында оқытудың қандай мотивтері қолданылады?


А) Нақты ойлау, абстракты ойлау, дедуктивті ойлау мотивтері.
В) Тікелей талаптандыру мотивтері, перспективті талаптандыру
мотивтері, ойдың талаптандыру мотивтері, танымдық мотивтері,
әлеуметтік мотивтер.
С) Мамандықты таңдап алуға байланысты шәкірттердің пәнге
қызығушылығы мотивтері.
Д) Келешек мамандыққа байланысы жоқ белгілі іс-әрекеттеріне
қызығушылық мотивтері.
Е) Әлеуметтік мотивтер, оқушыларды жаңа білімді игеруге және ұғу
тәсілдеріне бағыттау мотивтері, жаңа оқу материалын түсініп
жинақтау мотивтері.
24. Түсіндірмелі–иллюстративті оқытудың мақсаты не?
А) Проблема шешімінің дұрыстығын тексеру.
В) Болжау арқылы шешім тәсілдерін табу.
С) Мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен
қаруландырып қоймайды, олардың танымдық және шығармашылық
қабілетін дамытады..
Д) Проблемалық ситуация жағдайында оқушының ойлауын, есте
сақтауын дамытады.
Е) Мұғалім оқушыларды белгілі білім жүйесімен қаруландырады, іскерлікке үйретеді. Ол үшін жаңа біліммен таныстырады, жаңа ұғымдыр, теориялар, заңдар туралы түсінік береді.Оқушылар дайын білімді меңгереді.

25. Орыстың озат ойшылдары, революцияшыл-демократтары кімдер?


А) Белинский, Чернышевский, Добролюбов, Герцен.
В) Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, К. Д. Ушинский.
С) В. А. Сухомлинский, Я. А. Коменский.
Д) А. Дистервег, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко.
Е) Л. Н. Толстой, Н. И. Пирогов, В. Ломоносов.

Е-вариант


1. Қазақ даласында ең бірінші рет мектеп ашқан демократ-ағартушы, тұңғыш педагог кім? Мектеп қай жылы ашылды?


А) Ы. Алтынсарин 1864 ж.
В) Ш. Уәлиханов 1855ж.
С) А. Құнанбаев 1876ж.
Д) М. Әуезов 1956ж.
Е) М. Дулатов 1910ж.

2. “14-15 жастағы Шоқанға кадет корпусының бастықтары болашақ зерттеуші, тіпті ғалым деп қарайтын ... Шоқан ол кезде аса көп оқитын. Көп оқуы оның сыншылдық қабілетін өсірді. Оның адамгершілік мәселесі және кейіннен өзінің мамандығы болып кеткен шығыс филологиясы жөніндегі пікірлері бізді таң қалдыратын ”–– деген сөзді кім айтқан?


А) Н. И. Веселовский.
В) Н. А. Добролюбов.
С) Н. Г. Чернышевский.
Д) Г. Н. Потанин.
Е) Н. И. Пирагов.

3. Порблемалы оқытудың мақсаты не?


А) Порблемалық ситуацияны пайда болдыру.
В) Оқушы өз бетімен шығармашылық іскерлікке үйренеді,оқу
материалын сабақ процесінде ұғады.
С) Оқушының дербес қабілеті мен дарындылығын дамытады.
Д) Мұғалім оқушыларды белгілі білім жүйесімен қаруландырады,
іскерлікке, дағдыға үйретеді, болжау арқылы шешім тәсілдерін
табады.
Е) Мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймайды, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады.Оқушыларға тақырып бойынша проблемалық сұрақтар қойылады. Оқушылар проблемалық сұрақтардың дұрыс шешімін табуға тырысады.

4. Оқыту процесінің өзіне тән қандай компоненттері бар?


А) Саяси- идеялық, оқыту іс-әрекеті, ғылыми-жүйелік.
В) Оқытудың мақсаты, мазмұны формалары мен әдістері, нәтижесі.
С) Оқыту әдістері, дамумен білім берудің өзара байланысы, ішкі
қозғаушы күштері.
Д) Дидактика, тәрбие теориясы.
Е) Бағдарлап оқыту, проблемалы оқыту.

5. Оқыту процесінің тәрбие процесімен салыстырғандағы өзіне тән ерекшелігін атаңыз.


А) Оқытудың мақсаттылығы, ғылымилығы.
В) Білім беру, оқыту, дамытушылығы.
С) Оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым оңай
басқарылатын, тез іске асыралатын, нәтижесі тез тексерілетін
процесс.
Д) Оқыту процесінде мұғалім мен оқушы іс-әрекетіне сыртқы
факторлар әсер етеді.
Е) Ойлаған мақсаттарды, белгіленген іс-әрекеттерді тез тексеру,
нәтижесін анықтау.

6. Заңдылық дегеніміз не?


А) Құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын
мәнді байланыс заңдылық деп аталады.
В) Оқыту процесінің өзіне тән компоненттері заңдылық деп
аталады.
С) Оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктері заңдылық деп аталады.
Д) Объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды
бейнелейтін ойлау формасы заңдылық деп аталады.
Е) Адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау
мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық –тарихи тәжірибені
беру процесі заңдылық деп аталады.

7. Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан педагогтар.


А) М. Жұмабаев , Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев .
В) Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский.
С) А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, Н. К. Крупская.
Д) Жан-Жак Руссо, И. Г. Пестолоцци.
Е) А. Дистервег, М. В. Ломоносов, Л. Н. Толстой.

8. Көрнекіліктің түрлерін атаңыз.


А) Оқыту материалдары, карталар , тақта.
В) Практикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар.
С) Табиғи көрнекілік, заттар мен бейнелеу көрнекілігі,
символикалық көрнекілік, дыбысты техникалық көрнекілік.
Д) Оқыту материалдары, өсімдіктер, құстардың тұлыбы, макет,
портреттер, мүсін үлгілері .
Е) Дидиактикалық материалдар, көрнекі құралдар, техникалық
құралдар, парталар, тақта, оқулықтар, көрмелер, суреттер.

9. “Қазақ хрестоматиясы ” , “Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылық ”–– деген кітаптардың авторы кім?


А) А. Құнанбаев.
В) Ш. Уәлиханов.
С) Қ. Бержанов.
Д) М. Жұмабаев.
Е) Ы. Алтынсарин.

10. “Шоқан Уалиханов шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың шығысты зерттеушісі ғалымдарының барлығы да оны ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының тағдыры туралы және маңызды жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті ”––деген жолдардың авторы кім және қай жылы жазылған?


А) Г. Н. Потанин 1900 жылы.
В) А. И. Герцен 1870 жылы.
С) Ы. Алтынсарин 1880 жылы.
Д) Н. И. Веселовский 1904 жылы.
Е) А. Құнанбаев 1901 жылы.

11. Этнопедагогика ұғымын ғылыми айналымға тұңғыш енгізген ғалым кім?


А) Чуваш ғалымы Г. Н. Волков.
В) Әзербайжан педагогы А. Ш. Гашимов.
С) Татар педагогы Я. И. Ханбиков.
Д) Орыс педагогы К. Д. Ушинский.
Е) Қазақ демократ-ағартушысы Ы. Алтынсарин.

12. Педагогикалық техникаға не жатады?


А) Педагогтік, кәсіптік дағдылар.
В) Ұстаздың балалардың жүрегіне жол таба алуы.
С) Ұстаздың сөйлеу өнері, әңгімелесе білу, бетпе-бет әсер ету өнері,
ұстаздың өзін-өзі тәрбиелеуді меңгере білу өнері, қуана, ренжи білу
өнері.
Д) Оқушылармен дұрыс тәрбие жұмыстарын жүргізуі.
Е) Ұстаздың ұйымдастырушылық қабілетінің болуы.

13. “Отбасы-өте үлкен және аса жауапты жұмыс, бұл жұмысты ата-аналар басқарады, бұл үшін қоғам алдында, өз бақыты және балалары алдында жауап береді”––деген жолдардың авторы кім?


А) Н. К. Крупская.
В) А. С. Макаренко.
С) А. Құнанбаев.
Д) М. Жұмабаев.
Е) Я. А. Коменский.

14. Сабақ қандай дидактикалық талаптарға жауап беруі керек?


А) Жаңа білімді игеру.
В) Сөзбен көрнекілікті үйлестіру.
С) Оқушылардың оқу материалын, терең ұғынуын бақылау, есепке
алу.
Д) Сабақтың жақсы өтуін қадағалау.
Е) Сабақтың дидактикалық мақсатының айқындығы, оқу
матетериалдарының көлемін анықтау, оқыту мен тәрбиенің
бірлігі,оқытудың тиімді әдістерін таңдап алу.

15. Мұғалімнің тақырыптық жоспары қанша мерзімге және қандай құжаттарды негізге ала отырып жасалады?


А) Бір жылға, көрнекті құралдарды негізге ала отырып жасалынады.
В) Бір айға, оқу бағдарламасын, оқу құралын негізге ала отырып
жасалады.
С) Жарты оқу жылына, оқулықты негізге ала отырып жасалынады.
Д) Жарты немесе толық бір оқу жылына, оқу бағдарламасы мен оқу
құралы негізінде жасалады.
Е) Әр сабаққа, оқу бағдарламасын, оқу құралын негізге ала отырып жасайды.
16. Сабақ жоспарының үлгісін атаңыз.
А) 1. Күні, айы, жылы.
2. Сабақтың тақырыбы.
3.Сабақтың дидактикалық мақсаты.
4. Сабқтың типі, оның құрылымы.
5.Оқу материалдарын және әдістерін сабақтың құрылым
бөлімдеріне сәйкес таңдап алу.
6. Сыныппен жұмыс: сабақта оқытудың ұйымдастырудың
жалпы түрлерін тиімді пайдалану.
7. Үйге берілетін тапсырма мазмұнының түсінікті болуы.
В) 1.Күні, айы, жылы.
2. Сабақтың тақырыбы.
3.Ұйымдстыру кезеңі.
4.Жаңа материалды баяндау.
5. Жаңа материалды бекіту.
6. Сабақтың классификациялау принциптерін анықтау.
С) 1. Күні, айы, жылы.
2. Сабақтың тақырыбы.
3.Білім беру функциясы.
4.Тәрбиелеу функциясы.
5.Дамытушылық функциясы.
6. Көрнекті құралдар.
7. Сыныппен жұмыс.
Д) 1. Күні, айы, жылы.
2. Сабақтың тақырыбы.
3.Сабақтың міндеті.
4. Сабақты түсіндіру.
5. Үйге тапсырма беру.
Е) 1. Күні, айы, жылы.
2. Ұйымдастыру кезеңі.
3. Жаңа материалды баяндау.
4. Жаңа материалды бекіту.
5. Үйге тапсырма беру.

17. Оқытудың сөздік әдістер тобының құрамына не кіреді?


А) Иллюстрация, бақылау, лабораториялық жұмыстар, әңгімелесу,
зерттеу.
В) Кітаппен жұмыс, табиғи көрнекіліктер, портреттер, суреттер,
схемалар, бүклеттер.
С) Әңгіме, әңгімелеу, түсіндіру,дәріс, (лекция), кітаппен жұмыс.
Д) Экскурсия, табиғи көрнекілік, техникалық құралдар,
дидактикалық материалдар.
Е) Демонстрация, практикалық жұмыстар, ауызша
әңгімелеу,жаттығу, графикалық жұмыстар.

18. Баланың жеке басының даму процесіне ықпал жасайтын балаға тумысынан берілетін табиғи заңдылығын атаңыз?


А) Адамның жануарлар дүниесінен ерекшелігі, онда жоғары
дәрежеде дамыған бас миының құрылысы және жоғары нерв
жүйесінің болуы, туа біткен сыртқы дене ерекшеліктері, нерв
жүйесінің кейбір ерекшеліктері, жоғары нерв қызметінің белгілі
бір типі, туа біткен инстинктер-шартсыз рефлекстер, адамға ғана
тән туа берілген нышандар, ойлауға, еңбек, етуге бейімділік және
қабілеттілік нышандары.
В) Терілерінің , көздерінің, шаштарының түр-түсі, бағдарлау
рефлексінің болуы, сананың болуы, тік жүруі, тілдің дамуы, сөйлеуі,
қиялдауы, ойлауы, есте сақтауы.
С) Қоғамдық өмір, олардың саналы іс-әрекеттері, адамдар, олардың
қарым-қатынастары, мәдениеті, әдебиеті, идеялогиясы.
Д) Тамақ рефлексі, қорғаныс рефлексі, бағдарлау рефлексі, ойлауға,
еңбекке, ойынға бейімділік пен қабілеттілігі.
Е) Жоғары нерв қызметінің белгілі бір типтерінің болуы: холерик,
сангвиник, флегматик, меланхолик, ыстықтан, суықтан қолды
тарту, тамақ, ауа, жылу, жарықты қажетсінуі.

19. М.Н. Скаткин мен И.Я.Лернер оқытудың қандай әдістерін ұсынды?


А) Көрнекілік әдісі, бақылау әдісі, ойын әдісі.
В) Зерттеу әдісі, эксперимент әдісі, әңгіме әдісі.
С) Проблемалы баяндау әдісі, проблемалы оқыту әдісі.
Д) Практикалық әдіс, жаттығу әдісі, репродуктивті әдіс, зерттеу
әдісі, әңгіме әдісі, сөздік әдіс.
Е) Түсіндірме-иллюстративті әдісі, зерттеу әдісі, репродуктивтік
әдіс, проблемалы баяндау әдісі, ішінара іздену немесе эвристикалық
әдіс.

20. Бағдарламалап оқытудың мақсаты не?


А) Оқушының оқу материалын анағұрлым байымды ұғуы.
В) Оқушылардың танымдық қаблетін дамытудың, оқу процесін
үйлесімді басқарудың негізгі құралы, оқулықтар, оқыту құжаттары,
үйрету (оқыту) маншиналары қолданылады.
С) Оқушылардың ұжымдық сезімінің дауына, нығаюына мүмкіндік
береді,олардың танымдық және шығармашылық қабілетін
дамытады.
Д) Проблемалық ситуацияны дұрыс ойлауға, шешуге көмектеседі.
Е) Оқушылар белгілі білім қорымен қаруланады, іскерлігі, дағдысы қалыптасады, ойлау қабілеті дамиды, машинамен жұмыс ітеуге машықтанады.

21.Қазіргі заманғы “педагогиканың адам тәрбиесі жанды ғылым” ретіндегі анықтамасында “тәрбие” ұғымы ... қолданылады.


А) Адамның бүкіл өмірі бойындағы білім алуын, оқуын, тәрбиесін


қоса алғандағы кең ауқымды мағынада.
В) Тек өскелең ұрпақтың білім алуы мен оқуын, тәрбиесін қоса
алғандағы кең ауқымды мағынада.
С) Адамның тек білім алуы мен оқуы мәселелерін қоса алғандағы тар
ауқымды мағынада.

Д) Адамның тек жеке тұлғалық тәрбиесінің мәселелерін қоса алғандағы тар ауқымды мағынада.

Е) Адамның тек білім алуы - өзіндік білім алуы және оқуы - өзіндік


оқуы мәселелерін қоса алғандағы тар ауқымды мағынада.

22.Алғашқы педагогикалық тұжырымдар мына ғылымда шоғырланды:


А) Педагогика

В) Психология


С) Медицина
Д) Философия
Е) Астрономия

23.Педагогикалық ғылымның алдына қандай міндеттер қойылады?


А) Тәрбиені өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікті тұрғыдан


дамыту.

В) Тәрбиені өскелең ұрпақты адамгершілікті тұрғыдан


қалыптастыру және дамыту, еңбекке баулу факторы ретінде
зерделеу.

С) Тәрбие заңдарын тану, педагог-практиктерді оқу-тәрбие процесі


теориясының білімдерімен қаруландыру.
Д) Қазіргі заманғы әлемде – адамдарға білім беру және оқыту
мәселелерін бағытты түрде зерделеу.
Е) Адам табиғатын зерттеу.

24.Балаларға білім мен тәрбие берудегі этникалық топтардың эмпирикалық тәжірибесі жайлы, сонымен қатар , ұлыс, тайпа, ру, отбасының ежелгі құндылықтарына деген моральды-этикалық, эстетикалық көзқарастар жайлы ғылым – бұл:


А) Халықтық педагогика.
В) Этнопедагогика.
С) Халықтық психология.
Д) Халықтық этика.
Е) Халықтық философия.

25.Олигофренопедагогика нені зерттейді?


А) Соқыр балаларды тәрбиелеу.
В) Есту қабілеті нашар балаларды тәрбиелеу.
С) Ақыл-ойы дамымаған балаларды тәрбиелеу.
Д) Дарынды балаларды тәрбиелеу.
Е) Дені дұрыс балаларды тәрбиелеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   186




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет