«Өтебай Тұрманжановтың мысал өлеңдері мен аудармалары және оны сыныптан тыс оқыту»
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ..................................................................................................................8
1. Ө.ТҰРМАНЖАНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІР ЖОЛЫ
МЕН АҚЫН ДАРАЛЫҒЫ
1. 1 Ө.Тұрманжановтың шығармашылық өмірі ................................................11
1. 2 Ө.Тұрманжанов поэзиясы және ақынның шығармашылық
даралығы ........................................................................................................14
2. МЫСАЛ МЕКТЕБІ ЖӘНЕ Ө.ТҰРМАНЖАНОВТЫҢ МЫСАЛДАРЫ МЕН АУДАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 Қазақ әдебиетіндегі мысал мектебінің қалыптасуы ..................................32
2. 2 Ө.Тұрманжанов мысалдары мен аудармаларының көркемдік
ерекшеліктері.......................................................................................................44
3. ОРТА МЕКТЕПТЕГІ ӘДЕБИЕТ ОҚУ ПӘНІНДЕ Ө.ТҰРМАНЖАНОВ
МЫСАЛДАРЫ МЕН АУДАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ
3. 1 Сыныптан тыс оқуларда мысал жанрын оқыту...........................................58
3. 2 Ө.Тұрманжанов мысалдары мен аудармаларын орта мектепте
сыныптан тыс оқыту.....................................................................................64
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .............................................................72
КІРІСПЕ
Әдебиеттің көп жағдайда назардан тыс қала беретін бір саласы – балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті – кішкентайлардың үлкен әдебиеті. Қашанда балалардың өз әдебиеті болуға тиіс. Балаларға арнап әдебиет жасамай – оларды көзге ілмеу, елемеу болып табылады. Бүгінгі балаларды елемеу – қоғамның ертеңін ескермеу болып табылады. Сондықтан, өркениетке жетемін деген ел, өзін-өзі сыйлайтын халық ең алдымен балаларға жағдай жасайды, олардың рухани қазына-байлығына ерекше зер салады.
Қазақ балалар әдебиеті қазақ қоғамымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан рухани іргелі сала. Қазақтың бай ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, ақын, жыраулар поэзиясы – тұнып тұрған балалар әдебиеті. Ал, ХХ ғасырдың жетпісінші, сексенінші жылдарында қазақ балалар әдебиеті қарыштап дамыды.
Қазақ балалар әдебиеті әңгіме болғанда, есімі ауызға алдымен ілінетін қаламгердің бірі – Өтебай Тұрманжанов. Ол әдебиетіміздің осы қызықты саласының негізін салушылардың бірі саналады. Балаларды болашақ тұтып, өзінің бар дарын, қуатын ақын бүлдіршіндерге арнаған еді. Ақынның бұл арнадағы әдеби мұрасының қызықты, ерекшелікті сипаттары мол. Көзі тірісінде ақын шығармашылығы әдеби сында жалпылама әңгімеленіп жүрді. Нақты, тереңдей арнайы зерттеле қойған жоқ және оның әдеби мұрасы тақырыптық талдау объектісіне айналмаған.
Бұл зерттеу жұмысымызда біз балалар ақыны болып тарихта аты қалған Өтебай Тұрманжановтың шығармашылық өмір жолы мен халық қазынасына мол үлес болып қосылған балаларға арнап жазған өлең-жырлары, оның ішінде арнайы ат басын тіреген мысал жанрындағы өлеңдері мен аудармаларының мазмұнына терең талдаулар жасауға талпындық. Өмір жолы мен шығармашылығы көп зерттеліне қоймаған ақынның еңбектеріне зерттеу жүргізіле отырып, оның балалар әдебиетіндегі алатын орны айқындалып, шығармаларының көркемдік құндылықтары ашылады.
Біз жоғары оқу орындарында балалар әдебиеті туралы мәселені сөз еткенде тек Кеңес дәуірінен бергі кезеңді ғана қамтимыз. Себебі, осы мәселеге қатысты жарық көрген еңбектердің барлығы да кеңес дәуірінен бергі тұсты қамтыған, соған сай оқу бағдарламасы да 1918 жылдардан басталды. ХІХ ғасыр әдебиетіне, Абай, Ыбырай еңбектеріне қатысты жекелеген еңбектерді атамасақ, балалар тақырыбына арналған әдеби шығармалар жайы зерттеу аясынан тыс қалған. Балалар әдебиетінің тәрбие құралы екендігі де, оның кеңес дәуірінде қазақ топырағында біраз жетістіктерге жеткені де белгілі, алайда, бұл қазақ балалар әдебиетінің басы осы тұс екен деген сөз емес. Қазақ әдебиетінде балалар әдебиетінің толық курсы оқытылмауы, яғни сонау ауыз әдебиетінен бастау алар тұстан осы күнге дейінгі кезең тұтас қарастырылмауы кім-кімді де ойландырары ақиқат.
Халық ауыз әдебиетінде балалар тақырыбына арналған көптеген құндылықтар бары белгілі, ол тіпті қазіргі кезге дейін жалғасуда. Осы үлкен де, маңызды іске өз үлесін қосып, қазақ әдебиеті тарихында өзіндік қолтаңбамен қалған белгілі қаламгер Өтебай Тұрманжанов шығармашылығын жоғарыда аталып өткен әдебиеттану мәселелерімен бірлікте қарауды мақсат ете отырып, біз зерттеудің негізгі желісі етіп «Менің кітабым» атты жинағын алғанды жөн санадық. Әлемнің көптеген елдеріне танылып, талантына талайды тамсандырған Ө. Тұрманжанов шығармашылығы кешегі кеңес дәуірінде өз бағасын ала алмағаны белгілі. Еліміз бодандық бұғауынан босап, егемендік алғаннан кейін ғана жарық көрген бірлі-жарым еңбекті айпағанда, сол кезеңде Ө.Тұрманжанов шығармашылығы туралы зерттеулер болған жоқ деп те айтуға боларлықтай. Оның «Менің кітабым» жинағына әр заман өз бағасын берері де белгілі. Міне, осы жәйттер біздің ақынның шығармашылық даралығы, ақын шеберлігі, стиль, көркемдік және оның мысалдары мен аудармалары тәрізді мәселелерді балаларға арналған қазақ әдебиеті туындыларының көшбасшысы «Менің кітабым» жинағымен байланыста қарауымызға негіз болды.
Жоғарыда біз айтып өткен жәйттер және диплом жұмысына тақырып етіп алып отырған мәселенің жан-жақты зерттелмеуі диплом жұмысының өзектілігін, көкейтестілігін көрсетеді. Өтебай Тұрманжанов шығармашылығының ерекшелігіне, оның ақындық шығармашылық даралығы мен шеберлігі мәселелеріне қатысты, «Менің кітабым» жинағына еніп отырған ақын мысалдары мен аудармаларының көркемдігі және стиль мәселелеріне арналған үлкен зерттеулердің, ғылыми тұжырымдардың болмауы бұл тақырыптың тың екендігін көрсетумен қатар, зерттелу деңгейінің төмен екендігін де анықтайды. Ө.Тұрманжанов шығармашылығы туралы ой қорытып, тұжырымдар жасау, «Менің кітабым» жинағының көркемдік деңгейін анықтау, ондағы мысал өлеңдері мен аудармаларындағы жазушы шеберлігін ашу, жазушының шығармашылық даралығы мәселелерін анықтау – жұмысымыздың мақсаты мен міндетін айқындайды. Ө.Тұрманжановтың мысалдары мен аудармалары «Менің кітабым» жинағына енгендіктен, аталмыш еңбек және т.б. жинақтар зерттеу жұмысының нысаны болмақ. Диплом жұмысын орындауда А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, М.Қаратаев, Т.Нұртазин, З.Ахметов, М. Дүйсенов, З.Қабдолов, Ә.Нұрпейісов, Т.Кәкішев, Р.Нұрғалиев, Б.Сахариев, Ш.Ахиетов, М.Атымов. Х.Әдібаев, Б.Майтанов, Т.Есенбеков, Р.Бердібаев, С.Қирабаев, М.Атымов, Т.Ахтанов, М.Әлімбаев, Ш.Елеукенов, Ө.Күмісбаев, Ж.Дадебаев, Қ.Ергөбек, Ш.Ахметов, Ә.Байтанаев, Т.Тоқбергенов, Қ.Алпысбаев, С.Негимов, Ә.Нарымбетов, С.Мұратбеков және т.б. зерттеушілер мен қаламгерлер еңбектеріне, теориялық ой-тұжырымдарына, пікірлеріне, сондай-ақ алыс, жақын шетел ғалымдары В.Белинский, П.Антокольский, А.А.Потебня, Г.Н. Поспелов, Л.И.Тимофеев, Л. Я. Гинзбург, М.Рыльский, М.Бахтин, Н.Гей, В.Виноградов, А.К.Дремов, К.Федин, О.Кундзич, М.Храпченко, М.Гиршман және басқа да ғалымдар зерттеулері мен еңбектеріне сүйендік. Бұл еңбектер диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері болып табылады.
Диплом жұмысын орындауда талдау, салыстыра талдау, салыстыру әдістері – зерттеу әдістері ретінде пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде алынған қорытындылар мен дерек көзіндерін мектеп бағдарламасындағы өтілетін сабақ барысында және жоғары оқу орындарында өтілетін «Балалар әдебиеті» курсында пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
– Ө.Тұрманжановтың шығармашылық өмір жолына нақты деректермен шолу жасау;
– «Менің кітабым» жинағын негізге ала отырып, ақын шығармаларына талдау жасау;
– Ө.Тұрманжанов мысалдары мен аудармаларын талдау, саралап жүйелеу;
– Ақын мысалдары мен аудармаларын сыныптан тыс оқыту жоспарының жаңа үлгісін жасау.
Қазақ әдебиетінде өзіндік жазу өрнегін, өзіне ғана тән қолтаңбасын қалдырған ақын-жазушы Ө.Тұрманжановтың мысалдары мен аудармаларына бүгінгі күн тұрғысынан баға беру, жазушы шеберлігі мен даралығын айқындау, осы орайдағы жазушы шеберлігінің қыр-сырын ашу – зерттеу жұмысының жаңалығы болып отыр. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бұл аталғандар диплом жұмысының құрылымы болып табылады.
1. Ө.ТҰРМАНЖАНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІР ЖОЛЫ
МЕН АҚЫН ДАРАЛЫҒЫ
1.1 Ө.Тұрманжановтың шығармашылық өмірі
Өзінің ақындық өнер жолын 20-жылдардан бастаған Өтебай Тұрманжанов Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданына қарасты Жалғызағаш деген жерде, 1905 жылы 15 желтоқсанда кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Өтебайдың әкесі Тұрманжан егіншілік шаруашылығымен кәсіп етуімен бірге, қолөнерге жетік адам болыпты. Он саусағынан өнері тамған әрі етікші, әрі ағаштан ер-тұрман жасайтын шебер екен. Шешесі Үмітай да киім пішіп, кілем тоқыған өнерлі кісі болыпты. Осындай ұсақ-түйек кәсіптермен шұғылданып жүрсе де Тұрманжан жоқшылық қасіретін көп көреді. Соның салдарынан 1917 жылы Ташкентке көшіп барады. Олар Ташкенттегі наубайханада істеп жүрген нағашысының қолына келіп, жұмысқа орналасады. Алды-артын шырмап алған кедейшіліктен Ташкентке келген соң да арыла алмайды. Әке-шешесінің ауыр тұрмыстары болашақ ақынның жас жанына қатты әсер етеді. Мұның үстіне шешесі қайтыс болады. Былай да жоқшылық зардабы арқасына батып жүрген Өтебай шешесі қайтыс болған соң, көшеге, басы ауған жағына қаңғып кетеді.
Өтебайды осындай ауыр тұрмыстан арашалап алған, оны өз бауырына тартқан 1917 жылғы Өктябрь революциясының жеңісі еді. Көшеде қаңғып жүрген көп жетім балалармен бірге Өтебайды да жаңа орнаған совет өкіметі өз қамқорлығына, тәрбиесіне алып, 1919 жылы «Маркс интернаты» деп аталатын Ташкенттегі балалар үйіне орналастырады. Өтебай сауатын балалар үйінде жүргенде ашқан.
1922-1925 жылдары Өтебай Москвадағы Күншығыс еңбекшілері коммунистік университетін бітіріп, Ташкентке қайта келеді. Содан 1932 жылға дейін Орта Азия коммунистік университетінде оқытушы болып қызмет істейді. 1933 жылы Қазақстанға шақырылып, Абай атындағы педагогтық институтта әдебиеттен сабақ береді. Мұнан кейін «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналында редактордың орынбасары болады. Өмірінін соңғы жылдары «Жазушы» баспасында бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.
Өтебай Тұрманжановтың тұңғыш шығармалары 1922 жылдан бастап, Ташкентте шығатын «Жас қайрат» журналында басыла бастады. 1925 жылы «Таң сырлары» деген өлеңдер жинағы Ташкентте, 1932 жылы «Карл» деген поэмасы Алматыда басылды. 1929-1931 жылдары Өтебайдың Самарқанда, Тәшкенде «Ақ алтын», «Шыршық сыры» атты поэмалары, «Тез адыммен», «Құрылыс жыры» деген өлеңдер жинағы басылып шықты. Бұл кітаптар ақынның жаңа, тың тақырыптарға барғанын, сюжетті шығармалар жаза бастағанын байқатады. Бірақ бұл барыстың, бұл бастаманың кейбір табыстарымен қатар елеулі олқылықтары да болмай қалған жоқ. Жаңалықты өмір құбылысына тереңдеп бара алмау, шындықты үстірт қамту сол кездегі көптеген шығармаларға тән кемшілік болатын. Ө.Тұрманжанов шығармашылығы да осы кемшіліктерге ортақ еді. Әйткенмен, Өтебай поэзиясының дербес өзіне тән бір ерекшелігін ескеруіміз керек. Ол мынау: Өтебай өлеңдерінің ішінде жиырмасыншы жылдары басқа ақындарда көп ұшыраса қоймайтын махаббат лирикасы әжептәуір орын алыпты. Бұған ақынның 1958 жылы шыққан таңдамалы өлеңдер жинағына енген «Ұмытқам жоқ», «Күн мінезді күлкісі бар Гүләйім», «Жандырма, сұлу, жанымды» сықылды өлеңдері айғақ. Гүләйім образы кейін де Өтебай лирикасының түбегейлі образы болып бекіді [1, 25-б.].
1937 жылы «Қошан кедей» кітабы жарыққа шықты. Таңдамалылары 1959, 1964, 1975 жылдары жарық көрді. «Қазақтың мақал-мәтелдері», «Асыл сөздер» атты жинақтары құрастырылды.
1933 жылы жақсы поэмаларға арналып жарияланған республикалық жабық конкурста Өтебай Тұрманжановтың «Пулемет» атты поэмасына бірінші сыйлық беріліп, үздік жүлде алды. «Ақ алтын» атты поэмасы – қазақ әдебиеті тарихында бірінші рет мақта шаруашылығына байланысты жазылған шығарма. Сонымен қатар «Шыршық сыры» поэмасы да қазақ әдебиеті тарихында ең бірінші рет ирригация – су құрылысы тақырыбына арналып жазылған шығарма. Өтебай Тұрманжанов бірнеше оқулықтардың авторы болды.
Өтебайдың балаларға арналған шығармалары да өз алдына бір төбе. 1952 жылы «Қарлығаш», 1959 жылы «Сұңқар түлектер» деген балаларға арналған өлеңдер жинағын шығарды. Мұнда «Ленин суреті», «Қызыл құмның құпиясы», «Қарлығаш, дәуіт, жылан», «Жолбарыс», «Төрт өгіз туралы ертегі», «Жолаушы мен жеті қасқыр», «Аю мен аралар», «Қарлығаш, көкқұтан», «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос құдалар», «Көктем көріністері» тағы басқа толып жатқан ертегілер, «поэмалар, мысалдар, өлеңдер бар. Өтебайдың ұзақ жылдардағы әдеби сапарында қаламынан шыққан өлең, дастан, мысалдарының таңдаулысы 1965 жылы жеке кітап болып басылды. «Бозша торғай» (1970), «Жауқазын» (1973) атты жинақтарына сонғы он шақты жылдың ішінде балаларға арнап жазған шығармалары енген. Ақын сонымен бірге Лев Толстойдың әңгімелерін, И. Крыловтың мысалдарын, Ғафур Ғулямның өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Қазақ совет балалар әдебиетінің ақсақалы атанған Өтебайдың екі томдық таңдамалы шығармалары жақында оқырмандар қолына тиді. Ақынның бірнеше кітаптары орыс тілінде басылып шықты.
Бала кезінен жақсы білген ауыз әдебиеті – Ө.Тұрманжанов шығармашылығының үнемі сусындап, нәр алатын сарқылмас қайнар бұлағы болды. Оның қай шығармасы болмасын халықтың ауыз әдебиетімен терең тамырлас. Өтебайдың отызыншы жылдары Азамат соғысы және Кеңес тақырыбына жазған «Қыран қыз», «Байғыз», «Қойшы күйі» сықылды поэмаларының өзі ертегі, аңыз жырлар түрінде орындалған. Бұл поэмалардың ерекшелігі боп табылатын жетістігі мен кемшілігі халық поэзиясымен тығыз шектестігінде. Халық фольклорының сюжеті мен образдары, тілі мен поэтикасы Ө.Тұрманжановтың әсіресе балаларға арналған туындыларында кең орын тепкен. Жазушының отызыншы жылдары жарияланған «Қарлығаш» атты жинағы осының айғағы еді. [1, 25-б.].
Өтебай фольклорлық қазынаны өз шығармашылығына пайдаланумен қатар, зерттеуші ретінде жинап, сұрыптап, бастыру жөнінде де көп еңбек сіңірді. Оның халық мақалдары мен мәтелдерін жинап толықтырып, бірнеше рет кітап етіп шығаруы бүкіл мәдениетіміз үшін мәні зор бағалы еңбек екені даусыз. Осының бәрін Өтебай отыз жасында істеп үлгірді.
Көзі кеш ашылған талант енді ғана толып, енді ғана шарықтап келе жатқан шақта шарт үзілді. Жазушы жеке адамға табыну кезеңінің жалалы қырсығына ұшырады. Содан он жеті жыл бойы айдауда жүріп, еркін өмірден, әдебиет ортасынан қол үзіп кетсе де, ол өз көзқарасынан айныған жоқ. 1955 жылы шашын ақ шалып, бетіп азап әжімі торлап қайтқан Ө.Тұрманжанов жаңа күш-жігермен, ынта-ықыласпен өзінің сүйікті ісіне – шығармашылық жұмысына қайта жұмылды. Бұл жылдардың ішінде ол туған әдебиетіне жемісті қызмет етіп, елеулі үлес қосады: көптеген жаңа өлеңдер жазып, 1958 жылғы таңдамалы өлеңдері мен поэмаларының жинағына енгізді; өзбектің көрнекті ақыны Ғафур Ғулямның таңдамалы шығармаларын қазақшаға аударды және мақал-мәтелдер кітабын толықтырып қайта шығарды. Әсіресе балалар әдебиетіне аса көңіл бөліп, «Бөдене мен түлкі», «Бал қаласы», «Алма атасы», «Сұңқар түлектері», «Менің кітабым» атты жаңа кітаптар жазып шығарды. Мұнда да тәжірибелі жазушы, балалар мен жасөспірімдер жазушысы халық фольклорының санқилы сюжеттерін, айқын образдарын, ашық бояулары мен теңеулерін мол пайдаланып, қазіргі балалар түсінігін байытатын, жақсы тәлім-тәрбие беретін, табиғатты, туған жерді, ізгілік пен ерлікті, әділет пен әдемілікті сүйгізетін, жамандықтан, залымдықтан, ұсқынсыздықтан жиренетін көркем туындылар жасаған. «Менің кітабым» деген үлкен кітапқа енген 80 шамалы өлең-тақпақтар, 60 шамалы мысалдар, ертегі-поэмалар, әңгіме-аңыздар Өтебай Тұрманжановтың балалар әдебиеті саласындағы құнарлы еңбегінің қомақты қорытындысы тәрізді. Бұл кітап әдебиетшілер мен мұғалімдер қауымынан жақсы бағасын алды. Осы кітапқа жазған кіріспе сөзінде белгілі балалар жазушысы Сапарғали Бегалин: Жазған өлеңдері де, мысал, хикаялары да, ертегі ізімен жазылған жаңа ертегі-поэмалары да халық ауыз әдебиетінен қорланып, көркем кесте, мәнер алады. Жас оқушыларын жас сұңқардай өрге, өнерге, қияға талпынуға, еңбекке, еңбек адамын сүюге баулиды. Адал болуға, әділ, шыншыл болуға меңзейді. Өтебай шын мағынасында баланың тілін тапқан, балажанды ақын.
Сайып келгенде, Ө.Тұрманжановтың соңғы жылдары айрықша шешек атқан балалар үшін шығармашылығы бұл саладағы қазақ әдебиетінің елеулі табысы ретінде көрнекті орын алып отыр. Бұл шығармашылықтың моральдық-этикалық тәрбие жөнінде ғана емес, эстетикалық тәрбие жөнінде де мән-мағынасы өте-мөте зор – ол оқушысын, әсіресе, сөз сұлулығына, өлең өнеріне тәрбиелейтін таптырмас қымбат құрал.
Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Ө.Тұрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ө.Тұрманжанов 1978 жылы Алматы қаласында дүние салды.
Диплом жұмысының толық нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына
(ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне
2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа ақша аударылған түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған диплом жұмысының толық нұсқасы салынады.
(Диплом жұмысы барлық талапқа сай, жоғары сапада дайындалған)
Осы сайттан басқа да диплом жұмыстарын, сабақ жоспарларын, сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!
Достарыңызбен бөлісу: |