№ 8 ОБӨЖ «Экономикалық дамудың кластерлік принципі»
« Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» Мәселенің өзектілігі қазіргі ел экономикасы дамуының негізі, әлемдік нарыққа шығу үшін сапалы, бәсекеге қабілетті өнім өніру қажеттілігі.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бәсекеге қабілеттілік кез-келген елдің экономикасының дамуының ерекше маңызды факторы және шаруашылық кешенінің ең жақсы экономикалық көрсеткіші болып табылады.
Бәсекеге қабілетті экономиканы құруда сәттілікке жету қажетті әлуетті жинақтауға мүмкіндік беретін бірқатар сатыдан өтумен сипатталады.
Өзгерулердің бастапқы сатысында тұрған елдер бәсекеге қабілетті тауарларды өндіретін салалардың тар шеңберінің болуымен сипатталады. Бәсекелестік артықшылықтарына негізінен табиғи қорлар және арзан жұмыс күші сияқты негізгі факторлар есебінен қол жеткізіледі Бұнда, жоғары технологиялардың болмауы төмен бағамен өтеледі. Сыртқы нарыққа шығу жаңа технологияларды жеткізетін немесе кейде басқарушылық факторларды атқаратын шетелдік серіктестермен біріккен кәсіпорындарды құру арқылы жасалады.
Жоғары технологиялардың болмауы және экспорттық өнім түрлерінің шектелгендігі экономиканы әлемдік конъюктураның құбылыстарына өте сезімтал қылады. Бұндай экономика қазіргі жағдайларда сәттілікке жетпейді.
Бүгінгі күнде республика бәсекеге қабілетті тауарлар өндіретін салалардың тар шеңберімен сипатталатын сатыда тұр. Жалпылама қабылданған өлшеулер бойынша, саланың үлесіне әлемдік экспорттың 25-30% келетін болса, ол бәсекеге қабілетті болып саналады.
«Бәсекеге қабілеттілік» сипаттамаларын, оның нарықтық стратегия мен «кәсіпорынның икемді дамуы» сапалы жаңа экономикалық категориясымен өзара байланысын зерттеуді бастай отырып, бұл ұғымды қалай түсіну керектігін анықтап алу қажет.
Экономикалық ғылымда «бәсекеге қабілеттілік» ұғымы пікір тартысарлық болып табылады. Бұл бәсекелестікке қабілеттілік пен оның анықтамаларындағы елеулі айырмашылықтардың болуына себеп болады. Бірқатар отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектерін зерттей және олардағы ұғымдарды жүйелей отырып, біздің ойымызша ең қисынды және толыққанды анықтама К.А. Сагадиевпен оның соңғы жұмыстрының бірінде берілген: «ұлттың бәсекеге қабілеттілігі – бұл ұзақ уақыт бойы халықтың нақты табысын қолдай және арттыра отырып, халықаралық нарықтардың талаптарына сәйкес келетін тауарлар мен қызметтердің өндірісінде еркін нарықтық экономика жағдайларында ел мүмкіндіктерінің деңгейі»
Ұйымның бәсекеге қабілеттігінің ұғымын, әдетте, оның тиімді өндірістік-шаруашылық және коммерциялық қызметін қамтамасыз ете отырып, бәсекелестерге қарсы тұру, тұтынушыларды сақтау мен көбейту мүмкіндіктерін бағалаумен байланыстырады .
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі, өз қатарына, М.И. Кныштің пікірінше, бұл өнімнің нақты сатып алып жатқан тұтынушы үшін тартымдылығының деңгейі .Тауардың бәсекеге қабілеттілігі ұғымының мәнін аша отырып, К. Бейсембетовтың пікірінше, бәсекеге қабілеттілік – бұл тауардың бәсекелестің тауарынан оның нақты қоғамдық қажеттілігі, сонымен бірге, оны қанағаттандыру шығындары дәрежесі ретінде ажырататын сипаттамасы Ұсынылған анықтамаларды, жеке алғанда тауардың бәсекеге қабілеттілігін талдай отырып, анық болып тұрғаны – экономикалық категория ретінде тауардың тұтынушының қажеттіліктеріне сәйкес болу, сатылу қабілеті. Бәсекеге қабілеттілік, сападан басқа, маркетингтік, коммерциялық және экономикалық құрамдастардан тұрады, олар тауардың тұтыну бағасын құрайды, бұл баға сатып алу бағасы болып табылмайды, тауардың пайдалану үрдісіндегі қолдану тиімділігін көрсетеді. Осылайша, тауардың бәсекеге қабілеттілігі – жоспарлы және күрделі мәселе, оны шешудің дәрежесін жалпы елдің экономикасының дамуының көрсеткіші ретінде көруге болады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейіне нарықтың келесі факторлары елеулі әсер етеді: нарықтың жеке сегменттерінің еңбек сыйымдылығына сұранысты қанағаттандыру дәрежесі, бәсекелестердің болуы, тауарлардың әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары, қамтамасыз ету және өткізу желісінің және сатудан кейінгі қызметтің дамуы. Әр тауар үшін оның бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін бағалау қажет, бұл кейін талдау жасап, сәтті баға саясатын әзірлеу үшін керек. Сатып алушылардың мінез-құлқын зерттеу көрсетіп отырғандай, салыстыру мен таңдау үрдісінде тауарды пайдалану және сатып алу шығындарының пайдалы тиімділігі басқа ұқсас тауарлармен салыстырғанда артығырақ болған тауар жеңіп шығады.
«Тауардың бәсекеге қабілеттілігі» ұғымының мәнін қарастыра отырып, оның «өнім сапасы» ұғымымен өзара байланысына көңіл бөлген жөн. Берілген екі ұғымның нақты байланысы олардың бірін-бірі өзара толықтыратындығы көрініп тұр, алайда, көп жағдайда болатындай, бұл экономикалық категориялардың айырмашылықтарын нақты түсінудің жоқтығына байланысты, оларды ұқсастыру дұрыс емес. Е.М. Белый мен С.В. Барашковтың пікірінше, бұл ұғымдарды келесі аспектілерде қарастырған жөн. Біріншіден, кез-келген тауардың бәсекеге қабілеттілігі тек сатып алушының қызығушылығын тудыратын және тиісті қажеттіліктің қанағаттандырылуын қамтамасыз ететін қасиеттерінің жиынтығымен анықталады, ал көрсетілген шектерден тыс шығатын көрсеткіштер бағалау кезінде есепке алынбау қажет, яғни, өндіруші үшін тиімділік көрсеткіштері тұтынушы үшін жиі жағдайда маңызды емес. Екіншіден, өнім сапасының деңгейін анықтаудың қажетті элементі бәсекелестікке қабілеттілікті бағалау кезінде таңдауы біршама қиын болатын қайсыбір негіздік үлгімен салыстыру болып табылады. Үшіншіден, сапаны бағалау мен нысандардың арнауы мен қолдану аясын ғана емес, негізгі конструктивті және технологиялық ерекшеліктерін есепке алып кейінгі негізделген бағалауы болып табылады. Ал негіз ретінде нақты қажеттілікті қанағаттандыра алынатын бәсекелестікке қабілеттілік жайғасымынан қарағанда, элементтік негіз, атқарымдық ұстанымдары, дайындау технологиясы бойынша айырмашылығы бар, бірақ бір қажеттіліктің түрін қанағаттандыра алатын бұйымдарды салыстыру. Төртіншіден, қолданыстағы нормативті құжаттарға сәйкес сапаның талдауын жасау тауардың бәсекеге қабілеттілік дәрежесін бағалай алмайды
Жоғарыда аталғанға сүйене отырып, егер сапа деп қасиеттердің жиынтығы түсінілсе, бәсекеге қабілеттілік олардың нақты қоғамдық қажеттілікке сәйкес болуымен сипатталады. Бұл жағдайда, бәсекеге қабілеттіліктің деңгейін бағалау кезінде бір қажеттілікті қанағаттандыратын бірыңғай емес тауарларды салыстыру да мүмкін. Сапаның сипаттамалары, әдетте, өндірушінің мүдделеріне сай анықталады, ал бәсекеге қабілеттіліктің сипаттамалары, ең алдымен, тұтынушының мүдделерін қорғайды. Өнімнің сапасының деңгейі мен техникалық деңгейі қазіргі өндірістің деңгейімен анықталады, ал бәсекеге қабілеттілікті бағалау үшін, оны оның қажеттіліктерінің даму деңгейімен салыстыру керек, бұнда бәсекеге қабілеттіліктің қажеттіліктердің даму деңгейінен артуы жеке сипаттамалар бойынша сатып алушымен бағаланбауы мүмкін және қажетті экономикалық тиімділік бермейді. Осылайша, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру - бұл көп жоспарлы және кешенді тапсырма, оны шешу отандық кәсіпорындар мен жалпы ұлттық экономика үшін басым стратегиялық бағыттама ретінде саналады.
Жоғарыда аталғанның бәрін қорытындылай отырып, Қазақстанның ғаламдық бәсекелестік аймаққа енуінің нақты жолы, біздің ойымызша, келесі бағыттарды жүзеге асыруда екенін айта кету керек:кен өндіру салаларында шикізатты алғашқы өңдеу дәрежесін нығайту;жаңа технологияларды игеру, ғылыми-техникалық зерттеулер, шикізаттың, материалдардың жаңа қайнар көздеріне капиталды салудан тұратын кәсіпорындардың инвестициялық саясатының бағыттарын әзірлеу;халықаралық бәсекеге қабілеттіліктің ұлттық саясатын әзірлеу;импортты қысқарту және отандық тауар өндірушілерін қолдау;қазақстандық бәсекелестік ортаның сапасының әлемдік нарықтың аналогтарының сапасымен біртіндеп жақындастыру;акциялардың бір бөлігін шетелдік стратегиялық инвесторларға сату арқылы халықаралық дамыған желілерді пайдалану құқығына ие болу мүмкіндігі;елде бар жоғары білікті, білімді және сұранысқа ие персоналды пайдалану арқылы қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдардағы индустриалды-инновациялық дамуының Стратегиясын әзірлеу және енгізу өзекті мәселе, оның мәні мемлекет экономикасының қазіргі жоғары технологиялы құрылымын құру және оның шикізатты бағдарлануынан жедел өту туралы белсенді саясаты болып табылады. Ең басты тапсырмалардың бірінші сатысында бәсекеге қабілетті экспортты өнімді құруға мақсатталған ғылым мен өндірістің күштерін біріктіру болып табылады. Осы бағдарламаға сәйкес 2015 жылға қарай жалпы ішкі өнімді 2000 жылмен салыстырғанда 3,5 есе арттыру, ЖІӨ энергосыйымдылығын 2 есе төмендетіп, еңбек өнімділігін 3 есе арттыру жоспарланды .
Жоғарыда аталғанға сүйене отырып, бүгінде республиканың даму кезеңінде және тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу үшін бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканы құру арқылы, отандық кәсіпорындарға талаптар кешенін ұсынады, оның сәтті орындалуына жеке алынған шаруашылық бизнес-бірліктің, сонымен бірге, жалпы экономиканың атқарымдығының тиімділігі тәуелді
Қазіргі жағдайда, бәсекеге қабілеттілік елеулі түрде инновацияларды құру және пайдалану қабілетіне тәуелді. Инновацияны пайдалану тамақ өнеркәсібі кәсіпорнының техникалық-экономикалық дамуына әсер етеді. Бұл әсерді бағалау жеке шаралардың, сонымен қатар, жалпы инновациялық бағдарламаның тиімділігін анықтаудың арнайы әдістерін қолдануды талап етеді.
Қазақстан экономикасы үшін бүгінгі күнде төмен инновациялық белсенділік тән. Қолда бар ғылыми-техникалық әлуеттің сұранысқа ие болмауының басты себептерінің бірі, ғылым мен өнеркәсіп арасындағы бұрынғы байланыстардың бұзылғаны, ал жаңалары әлі жақсы жұмыс жасамайтындығы болып табылады. Сонымен қатар, ғылым мен өнеркәсіп арасындағы өзара әрекеттестіктің нарықтық механизмі инновациялық қызметті нығайтуда өте маңызды.
Біздің елде «Қазақстан 2030» даму бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдардағы индустриалды-инновациялық дамуының Стратегиясы, Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы бар .Үнемі салалық стратегиялар және даму бағдарламалары бекітіледі. Аталмыш Қазақстандық кластерлік инициатива – территориясы арқылы және экономикалық жағынан байланысты кәсіпорындар мен белгілі бір салаға қатысты оларға жөнелтпе ұйымдардың топтарын дамытуды жүзеге асыру. Стратегия көздейтін барлық өзгерістер (негізгі бағдарламалық құжат, мемлекеттің келешек 10 жылда дамуын анықтайды) болуы мүмкін, егер кәсіпорын қызметі өнімнің ассортиментін кеңейту, сапасын және шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндірістің технологиясы мен ұйымдастыруын жетілдіру мақсатында инновацияларды іздеу және жүзеге асыруға бағытталған болса.
Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізу олардың шығаратын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің артуымен, яғни, елдің әлемдік нарықта жайғасымының нығаюымен, және мемлекеттің жалпы бәсекеге қабілеттілігінің өсуімен байланысты. Ғылыми-техникалық прогресстің ең дамыған елдердің жалпы ішкі өнімінің өсуіне қосқан үлесі түрлі бағалаулар бойынша 75-тен 100%-ға дейін. Бұл инновациялық қызметтің макроэкономикалық көрсеткіштерге әсер ете отырып, жалпы мемлекет үшін маңызы бар дегенді білдіреді. Халықаралық стандарттарға сәйкес, инновация нарыққа енген жаңа немесе жетілдірілген өнім, тәжірибелік қызметте қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс, немесе әлеуметтік қызметтердің жаңа тәсілі ретіндегі инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі деп анықталады
Инновация – бұл білімді, тапқырлықты, дарынды қажет ететін, тынбас жинақталған жұмыс, ол нарыққа бағытталу керек, оның қажеттіліктеріне басшылық ету керек. Кәсіпорын инновациялық қызметті атқару үшін, оның кәсіпкерлік атмосферасын құру және жаңаны жағымды мүмкіндік ретінде қабылдауға көмектесетін құрылымы мен жағдайы болу керек.
Нарық жағдайында инновациялық қызметті өндірістік-коммерциялық қызметтің бөлігі ретінде қарастыруы тиіс. Жаңашылдықтарды енгізу арқылы қажетті бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізіледі, дағдарыстық жағдайларынан өтеді. Инновациялық қызмет шаруашылық қызметтің барлық түрлері мен бағыттарының қатарында ерекше орны бар, бұл елеулі түрде оның экономикалық өсуді және дамуды қамтамасыз етудегі ролімен анықталады.
Қалыптасқан жағдайларда, нарыққа өз өнімімен шыға отырып, кез-келген кәсіпорын нарықта өз өнімін өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет. Бұл оған өзіне бәсекелестерге қарағанда ең қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Яғни, әр тамақ өндіруші нарықтың талаптарына сәйкес, өзінің даму жолын іздестіру керек. Басқа сөзбен айтқанда, капиталды қолданудың жаңа түрлерін, өндірістің жаңа экономикалық жағынан тиімді технологияларын, өнімді тұтынушыға жеткізудің жаңа түрлерін іздеу, нарық конъюктурасын білу, кәсіпорынның ішкі мүмкіндіктерін оның талаптарына бейімдеу және т.б. болу керек. Бұл, өз кезегінде, жаңа білімдердің, тұжырымдамалар мен тәсілдердің жетілдірілуін көздейді, және әр кәсіпорынның стратегиясын әзірлеу қажеттілігінде өз көрінісін табады.
Қазақстан халқын ұсынылатын тұтыну нормаларына сәйкес қамтамасыз ету үшін, сүт пен сүт өнімдерін жылына адам басына 405 кг мөлшерде жеткізу қажет, себебі біз жоғары деңгейді алуымыз керек, ал бұл үшін, сүтті сапалы 6,6 млн.тонна өндіру керек, бұл әлемдік өндірістің 0,96%-ын (684 млн.тонна) ғана құрайды. Бұған тек дамудың инновациялық жолын - кәсіпорыннан ұлттық экономикаға дейін барлық деңгейлерде бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудің жалғыз тиімді әдісін пайдалану арқылы жетуге болады. Сондықтан, инновациялық қызметке қызығушылық тәжірибелік қолданыс сферасына айналды.
Қазіргі кезде жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың, сонымен қатар, аймақтардың инновациялық белсенділігі мен инновациялық әлуеті өте өзекті мәселе болып отыр, бұл статистика қызметтері қалыптастыратын көрсеткіштер жүйесін пайдалану қажеттігін көрсетеді.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары қатаң бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуде, әсіресе бұл шетелдік өндірушілер тарапынан байқалады. Отандық өндірушілер мен Қазақстанға импорттайтын шетелдік жеткізушілер арасында азық-түлік өнімдерін өндіру мен өткізуде бәсекелестіктің күшеюі ұлттық компаниялар мен фирмалардан отандық нарықтағы жайғасымды сақтап қалу үшін бар күшті мобилизациялауды қажет етеді.
Елдің тамақ өнеркәсібінің дамуында инновациялық және кластерлік тәсілді қолдану қазір бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Тамақ өнеркәсібі кластер құру мен инновациялық өндіріс үшін ең басымды салалардың бірі болып табылады. Тамақ өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін азық-түлік өнімдерін өндіру мен өңдеудің кластерін дамыту қажет.
Жоғарыда аталғанның барлығын қорытындылай келе, жоғары сапалы, экологиялық жағынан қауіпсіз, импортты алмастыратын, нарықтық жағдайларда бәсекеге қабілетті өнімді шығару үшін, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында технико-технологиялық деңгейді көтеру, тек қазіргі заманның емес, келешектің де талаптарына сай соңғы ғылыми-техникалық жаңашылдықтардың негізінде өнімді шығару бойынша қазіргі заманғы өндірісті құру; кәсіпорынның дамуы үшін қажетті және жеткілікті инвестицияларды ажырату, сонымен қатар, кәсіпорындардың ғылыми-техникалық қамтамасыз етілуінің мемлекеттік қаржылық қолдауын жүзеге асыру; ұйымдастырушылық-экономикалық және мемлекеттік-құқықтық сипаттағы шаралар кешенін жасау қажет екенін айта кету керек.
Қорытынды ретінде, жаңалықтарды енгізу әрқашанда өндіріс дамуында үлкен мәнге ие болатынын айта кету керек. Қазіргі экономикада инновациялардың ролі елеулі артып отыр. Олар экономикалық өсудің және бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторлары болып табылады. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ҒТП (ғылыми-техникалық прогресс) кезеңінде өндірістік күштер аясында түбегейлі өзгерістер, өндіріс факторларының жаңа үйлесімдерінің жедел ауысуы, жаңашылдықтарды кеңінен енгізу қазіргі экономикалық өмірдің қалыпты жағдайы болып келеді. Егер ииновациялық тәсіл дамыған елдерде өспелі рольді атқарса, қазіргі Қазақстанда нарықтық экономика жағдайларында бұл роль аса жоғары.