8 сабақ Синхронды генраторларды қоздыру жүйесі. Оларға қойылатын талаптар. СГ қозу әдісін реттеу СГ ротор орамы арнайы тұрақты тоқ көздерінен, қоздырғыштардан қоректенеді. Көмекші және реттеуші құрылғылардың қоздырғыштар жиынтығы қоздыру жүйесі деп аталады. Қоздыру тоғын реттей отырып,
синхронды генератордың кернеуін және торапқа берілетін реактивті қуатты өзгертеді.
Қоздыру жүйесі жеткілікті түрде жылдам әрекетті және торапта апат болған жағдайда төбелік (потолочные) қоздыруды қамтамассыз етуі керек. Қысқа тұйықталуда, қоздыруды еселеу (форсировка) қолданылады.
Қоздыру жүйесінің маңызды сипаттамасы: ротор орамында жеделдету кезінде ротор орамында кернеудің арту жылдамдығын анықтау, 3.1 суретте көрсетілген, қисық бойынша көрсетілген жылдам әрекеттілік болып табылады.
Қоздырудың арту жылдамдығы : . Төбелік кернеудің номиналды қоздыру кернеуіне қатынасы жеделдету еселігі(кратность) деп аталады
Uf,пот/Uf,ном = kф. ГОСТ сәйкес турбогенераторлар жеделдету еселігі kф 2, қоздыру артудың жылдамдығы 2 1/с кем емес болуы керек. Барлық қоздыру жүйелері екі топқа бөлінеді: тәуелсіз қоздыру және өздік қозу (тәуелді қоздыру).