1.Түрлендіріліп берілген сұрақтарға жауап беріңіз. а) Дамыған мемлекеттің халқы неден қорқады?
ә)Олар қауіптің алдын алу үшін қандай шараға қадам баспақ?
б) Робототехниканың дамуының салдары бар ма? Қандай?
в) Болашақ мамандар үшін жаңа технологиялардың қандай оң және теріс әсері болуы мүмкін?
2. Мәтінде қандай мәселелер көрініс табуда? Ол туралы сіздің пікіріңіз қандай?
Ғарышқа ұшқан 5 жануар Жануарлар ғарышта болған алғашқы тірі жан иелері болды. Алғашында ғалымдар адам баласы ғарышта ұзақ уақыт бойы салмақсыздық күйінде өмір сүре алмайды деп ойлады. Сондықтан да салмақсыздықтың тірі жаратылысқа әсерін тексеру үшін олар алдымен жануарларды ғарышқа аттандырды.
1. 1959 жылы ғарышқа Авель және Бейкер маймылдары ұшқан. Олар ғарыштағы саяхатты жақсы өткерген, алайда зерттеуге арналған тетіктерді шешу кезінде бірі өлген.
2. Маймылдардан басқа ғарышқа тасбақа, мысық, және ит ұшырылған.
3. Ең алғаш ғарыштық зерттеулер 1949 жылы иттерге жүргізілген. Иттердің ғарышқа ұшуы үшін бойы 32 см, салмағы 6 кг болу керек болған. Оларды ғарышқа ұшырмас бұрын алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілген. Иттердің алғашқы ғарышқа сапары сәтті болған.
4. Ең алғаш 1957 жылдың 3 қарашасында жер аумағындағы орбиталық ұшуға Лайка есімді ит ұшқан. Ол кезде космостық құрылғылардың жерге қайтып келуі екіталай болғандықтан, ит ғарышта тек 1 апта тіршілік етеді деген болжам жасалған. Алайда ғарыш кемесінде салмақсыздық байқалып, ит ыстықтан өлген.
5. 1960 жылы ғарышқа Белка, Стрелка иттері мен тышқан, егеуқұйрық, шыбын ұшырылған. Ғарыш кемесі жерге сәтті оралған. Осы ұшырылымнан кейін ғарышқа адам барады деген тұжырым жасалған.