1.Электр қыздырғыштың спиралі арқылы өтетін ток күші 6А.Спиральдің көлденең қимасы арқылы 4с ішінде өтетін электрондардың саны:
а) 1,5·10 ; б) 3·10 ; в) 1,5·10 ; г) 3·10 ; д) 1,5·10 .
2. Электр тізбегіне қосылған резистордың кедергісі 20 Ом.Резистордағы кернеу 50В. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1мин ішінде өтетін зарядтың шамасы:
а) 1000 Кл; б) 30 Кл; в) 100 Кл; г) 2,5 Кл; д) 150 Кл.
3. Отыз бірдей шам параллель жалғанып, кернеуі 220В ток көзіне қосылған.Бір шамның кедергісі 1200 Ом.Осы тізбектегі ток күші:
а) 8 А; б) 5,5 А; в) 10 А; г) 4 А; д) 12А.
4.Әрқайсысының кедергісі 300 Ом төрт кедергі алдымен тізбектей, сосын параллель жалғанған.Осы кезде олардың жалпы кедергісі қалай өзгереді?
а) 4 есе артты; б) 16 есе артты; в) 16 есе кеміді; г) 4 есе кеміді; д) өзгермеді.
5.Егер U кернеу көзіне жалғанған өткізгіште t уақыт ішінде Q жылу бөлінетін болса, осы уақыт ішінде өткізгіш арқылы өтетін электр заряды:
а) ; б) ; в) ; г) ; д) .