Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, тамызғышты, дәке тампондарын, дәрілік ерітіндіні (дәрігердің тағайындауы бойынша), колғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
Дәрігердің тағайындауына сәйкес, дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлық дәрежесін, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрінің сыртқы түрін бағалаңыз). «Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.
Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Науқасты бетін жарыққа қаратып, басын аздап қана артқа қарай шалқайтып отырғызыңыз немесе шалкасынан көпшіксіз жатқызыңыз.
Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған көз тамшыларын қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз және тамызғанда оның қабырғасын басыңыз.
Оң қолыңызбен тамызғышты ұстап, дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз, екі көзге тамызатын ерітіндінің мөлшері есебінен.
Сол қолыңызға дәке тампонын ұстап, көздің төменгі қабағын төменге қарай тартыңыз және науқасқа жоғары қарауын сұраңыз.
Дәрілік ерітіндінің бір тамшысын көздің астыңғы қабына, кірпікке және қабаққа тамызғышты тигізбей, көздің ішкі бұрышына жақынырақ, тамызғышты көзден 1,5см қашықтықта ұстап тамызыңыз.
Науқас көзін ақырын ғана жауып, көз алмасын айналдыруын сұраңыз (дәрілік ерітінді ақпауы тиіс) бірнеше секундтан кейін манипуляцияны қайталаңыз, екінші тамшыны осы көзге тамызыңыз.
Көздің ішкі бұрышында қалған тамшыны тампонмен сүртіңіз.
Екінші көзінде тамшыны сол реттілікпен тамызыңыз.
Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа пайдаланған дәке тампондарын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту:
екі тамшыны бір көзге бір мезгілде тамызғанда әдетте 1 тамшы ағады;
бір науқасқа тамызғыштың саны дәрілік ерітіндінің санымен байланысты: әрбір дәрі үшін жеке тамызғыштар болуы керек;
егерде көзде іріңді бөліністер бөлінсе, әуелі көзді жуыңыз, сосын дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.