№8 тақырып. Онтогенездің генетикалық механизмі.
Онтогенез - дараның жеке дамуы немесе дараның зигота түзілуімен басталып тіршілігін жойғанға (өлгенге дейін) дейінгі дамуы. Онтогенез ұрықтану кезінде ата-ананың жыныс жасушаларынан алынған тұқым қуалайтын ақпараттың негізінде жүзеге асады. Әртүрлі факторлардың әсеріне сезімтал онтогенездің кезеңдерін - қауіпті, ал зиян келтіретін факторларды тератогенді факторлар деп атайды.
Адамда эмбриогенездің 3 қауіпті кезеңдерін ажыратады:
а) имплантация - эмбрионның жатырдың кілегей қабатына енуі (ұрықтанғаннан кейін 6-7 тәулік);
б) плацентация - плацентаның түзілуі (ұрықтанғаннан кейін 14-15 тәулік);
в) туылу (39-40-шы апталар).
Гаметопатиялар - бұл ұрықтануға дейінгі гаметалардағы патологиялық өзгерістер. Бұл өзгерістер спонтанды түсікке және тұқым қуалайтын ауруларға әкеледі.
Бластопатиялар - ұрықтанудан кейін алғашқы 2-ші аптадағы зиготаның зақымдалуы. Осы кезеңде зақымдану факторының әсеріне ұрықтың жауап беру "барлығы немесе ештеңе" принципімен, яғни ұрық тіршілігін жояды немесе репаративтік қабілеті жоғары болса әсер еткен факторларды "сезбей", ары қарай дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |