8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет32/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

зерттеу сұрағы 
Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі неде?
Оқулық
Қазақ халқының ұлттық киімдері. 63–64 беттер.
Тірек сөздер
Шекпен, Камзол, Сәукеле, Орамал, Кимешек.
ресурстар
1. Жәнібеков Ө. Жолайырықта. – Алматы: Рауан, 1995.
2. Алимбай Н., Муканов М., Аргынбаев Х. Традиционная культура жиз-
необеспечения казахов. Очерки теории и истории. – Алматы: Ғылым, 1998.
3. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері: Ғылыми-зерттеу еңбек. – Ал-
маты: “Өнер” баспасы, 1987.
Көрнекілік
Фотоальбомдар, слайд, қолданбалы өнер туындылары. 
Музыкалық фоны бар ұлттық киімдер фотоклипі. 
Мақсатты айқындау


29
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің үлгілері мен түрлерін қазақтың 
дәстүрлі материалдық мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде, қазақ халқының 
ұлттық құндылығы ретінде паш ету. Киім белгiлi дәрежеде адамдардың жас 
айырмашылығын, әлеуметтiк ерекшелiктерi мен этникалық ортасын, ұлттық 
ерекшелігін танытатынын ұғындыру.
Дамытушылық маңызы
. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің үлгілері 
мен түрлерін қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениетінің ажырамас бөлігі 
ретінде қарастыру арқылы, қазақ киімдерінің күрделілігін, маусымдық 
қолданысын, тіршілік қамы жүйесін қамтамасыз етуін, тіршілік қамы 
жүйесіндегі алатын орнын көрсету арқылы оқушыларды мәдени мұрамызға 
аса құрметпен қарауға баулу.
Тәрбиелік маңызы
. Қазақтың ұлттық киімдерінің бірегейлігін таныту 
арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, дамыту, бекіту. 
Ұлттық құндылық тарымызды паш ету арқылы патриоттылыққа тәрбиелеу. 
сабақтың деректік материалдары
дерек:
”Бұл бір ғажайып көрініс: олар көш кезінде мерекедегідей жасана киінеді, 
ең әдемі киімдерді, әсіресе байлардың алтын зер тігіп киген шапандарын 
осы кезде көруге болады. Ауыл ақсақалы көш бастаса, ер-тоқымына қызыл 
шұғамен тысталған көпшік немесе кілемше жапқан атқа мінген зайыбы 
оның соңынан ереді... Салт атқа мініп жүруді жақсы көретін бұл халық 
ең алдымен көлігінің әбзеліне көбірек көңіл бөледі. Ер-тұрман олар үшін 
барлықтың, байлықтың белгісіндей болып, безендірілуге тиіс. Ердің алдыңғы 
қасын көбінесе күміс қаптатып өрнектейді, тіпті қолы жеткендерінің асыл 
тас орнататындары да болады. Жүген, өмілдірік, құйысқан – бәрі де шебер 
өріліп, Шығыс үлгісіндегі өрнектермен безендіріледі” (
Бронислав Залесский. 
Қазақ сахарасына саяхат. – Алматы: “Өнер” баспасы, 1991.) 
”Қазақтың қандай кәсіпке болмасын табиғатынан қабілеттілігіне тек 
сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, ал-
тын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. 
Қазақтардың тіккен аяқкиімдері өте берік, киюге ыңғайлы”. (
Леваневский 
М.А. Очерки киргизских степей Эмбинского уезда. Землеведение. Кн ІІІ. М., 
1894.)
Деректерді оқып, оқушыларға қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің 
ерекшелігін айту керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет