8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет3/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

Бағалау мүмкіндіктері: Мұғалім оқушыларды үш топқа бөліп, төмендегі 
белсенді ойын түрлері арқылы сабақты түйіндейді. 
1-топ: “Он сұрақ!” әдісі бойынша дайындалады. Олар басқа екі топ 
мүшелеріне сабақ тақырыбы бойынша “ИӘ” не “ЖОҚ” деп қана жауап беруге 
болатын он сұрақ дайындайды.
2-топ: “9 ромб” әдісі бойынша дайындалады. Топ мүшелеріне бүгінгі 
сабақта талқыланған мәселенің айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау 
үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орнала-
стыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал 
оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда 
орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды кар-
точкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі 
тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табыла-
ды). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды 
қамтуға мүмкіндік береді.
3-топ: “Лездеме!” әдісі бойынша дайындалып, жауап береді. Топ тың бір 
мүшесі алдын ала дайындалған карточкадағы бүгінгі сабақтың негіз гі сөздерін 
топқа сөздің өзін атамай бір минут ішінде түсіндіруі керек. Сөзді тапқан 
бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді. 
Қосымша тапсырма:
Тәуке хан тұсындағы қазақ қоғамы ел аузында “қой үстіне бозторғай 
жұмыртқалаған” бейбіт заман ретінде сақталған. Дегенмен елдің ішкі 
ауызбіршілігі Тәуке хан тұсында-ақ бұзыла бастауының тарихи себептерін 
талдап, оны нақты тарихи фактілермен, оқиғалар желісімен негіздеуге ар-
налған жазбаша тапсырма. 


5
§2. “ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” заманы
сабақтың мақсаты:
7.4.1.1 - жоңғар шапқыншылығының қазақ халқының шаруашылығына 
тигізген зардаптарын анықтау;
7.2.2.1 - халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи 
дереккөзі ретінде құндылығын бағалау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет