Тұмау — жұқпалы ауру, адамға ауру адамнан ауа тамшы арқылы жұғады, сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде. Инфекция адамнан адамға ауа-тамшылы жол арқылы тез таралады.Тұмау эпидемиялары әлемде әр бір жылы күз-қыс мезгілінде болады. Тұмау вирусы жасына қарамастан барлық адамдарға жұғуы мүмкін. Дене қызуының 39-400С көтерілуі, әлсіздік, қалтырау, көзді қимылдатқанда ауырсынуы, бас және тамақ ауыруы, мұрынның бітелуі және бұлшық етпен буынның қақсаумен сипатталатын ауру.Тұмау ауруының жедел респираторлы вирусты инфекциясынан бір айырмашылығы көптеген асқынулармен аяқталатындығы. Тұмау ауруының асқынуларына құлақ, мұрын, тамақ ауруларының, сонымен қатар созылмалы жүрек, қан-тамыры, өкпе, жүйке жүйесінің ауруларының өршуі жатады. Өте ауыр жағдайлар өлім жағдайына әкеліп соғуы мүмкін.
Тұмау ауруының және оның асқынуларынан қорғанудың ең бастысы тұмау ауруының эпидемиялық маусымы алдында ең тиімдісі - уақытылы тұмауға қарсы егуді алу.Вакцина Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымымен сертификатталады және Қазақстан Республикасында бақылаудан өтеді.Вакцинаның құрамы жылда тұмау вирусының айналымдағы түрлеріне сәйкес өзгертіліп отырады. Әр дайым жеке бас гигиенасын сақтап, қолды әр бір іс әрекеттен кейін, тамақтың алдында сабындап жуу қажет. Үйде желдету тәртібін сақтап, жиі-жиі желдетіп тұру. Эпидемиялық кезеңде халықтың көп шоғырланған жеріне барар алдында оксалин майын мұрынға жағуды ұмытпаңыз. Мектепте сабақ арасындағы үзілістерде сынып бөлмелерін жиі желдету керек. Одан басқа дене шынықтырумен айналасу, витамин С дәруменімен (лимон, малина, капуста, сарымсақ, пияз) бай тағамдарды жиі жеу қажет.
Ауырсаңыз үйге дәрігер шақыру керек. Егер жанұяңызда жедел респираторлы вирусты инфекциясымен немесе тұмау ауруымен науқастанған жағдайда өз бетімен дәрі-дәрмек қолданбай, үйге жергілікті емханадан дәрігерді шақыртып, мамандырылған ем алу қажет. Туыстарыңызға жұқтырмау үшін бір реттік бет перде қолданып, бет пердені әр 3 сағат сайын ауыстырып, қолданған бет перделерді кіші жастағы балалардың қолы жетпес үшін тез арада жойылуы тиіс.