9 «А» сынып Тәрбие жұмысының жоспары 2020-2021 оқу жылы


Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері



бет10/16
Дата07.02.2022
өлшемі87,33 Kb.
#88552
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
тәрбие журналы 9 А

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі №227 бұйрықпен бекітілген
Кіріспе
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтік мәдени трансформация ескеріле отырып әзірленді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар , адам өмірі мен денсаулығы , тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын , патриотизмді, еңбексүйгіштікті, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілк ел» жалпыұлттық идеясы аясында, отбасылық тәрбие құндылықтары, сонлай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға , оқыту мен тәрбиені кіріктіруге, тәрбие әдіснамасын , мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған.
Тұжырымдамалық негіздері Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиенің даму перспективасын , басым бағыттарын, тәрбие мақсаттарын, міндеттерін, бағалау өлшемдерін және тетіктерін анықтайды.
Тұжырымдамалық негіздер жаһандану дәуірінде қазіргі адамда қоршаған әлемге технократтық және тұтынушылық көзқарас үстем болатын заманауи қоғам дамуының ерекшеліктерін ескереді.
Осыған байланысты адамзатты ұлттың тұрақты дамуының , рухани әлеуетінің артуына кепіл болатын прогрестің рухани-адамагаршілік құндылықтарына, ана тілі мен ұлттық менталитеттің маңыздылығын нығайтуға қайта бағдарлау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет