9-cынып №2 бжб 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



бет1/2
Дата04.04.2024
өлшемі227,5 Kb.
#200520
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
9-cынып № 2 БЖБ 3-тоқсан қазақ тілі


9-cынып
2 БЖБ
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
9.2.4.1 Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын,қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыст талдау;
9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.
Бағалау критерийі Білім алушы

          • Түрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін,

          • құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады;

          • сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратады;

          • түрлендіріп қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
Орындау уақыты: 20 минут


Тапсырма. Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырыңыз.
А мәтіні
Адам денесінде 25-30 мыңға жуық ген болса, олардың әрқайсының атқаратын өзіндік функциясы бар. Соңғы жылдары генетик ғалымдар адам ДНҚ-сын бір жасушадан екінші жасушаға ауыстыру немесе бірнеше түрдің ДНҚ-сын бір-бірімен алмастыру арқылы революциялық өзгерістер жасауда.
Ғалымдар көне замандарда өмір сүрген, бүгінде жер жүзінен жойылған алғашқы адам түрлері мен мамонттардың археологиялық қазбалардан табылған ДНҚ-сын пайдалану арқылы оларды қайта тірілту мүмкіндігін теориялық тұрғыдан дәлелдеп отыр. Сондай-ақ дәл осыған ұқсас жолдармен адам көзінің көру мүмкіндігін бірнеше есе ұлғайтатын, физикалық қуатын еселейтін, ақыл-ойын тереңдететін, өмір сүру жасын қолдан ұзартатын сәт те жақын қалғаны айтылуда. Болашақта ғылымның мүмкіндігімен адамдар жаңа дүниеге келетін шарананың қандай қасиеті үстем, неге икемді болуына алдын ала ықпал ете алады. Тіпті, ғалымдар көлемді ақпаратты адам миына сырттай енгізу мүмкіндігін де зерделеп келеді.
Соңғы жылдары ғалымдар тұқым қуалаушы ауруларды тоқтатудың, ағзадағы ақауды реттеудің ғылыми-қолданбалы жолын ұсынуда. Бұл сөзсіз адам баласы ойлап тапқан ең пайдалы жаңалықтардың бірі.


Ә мәтіні.
Өсімдіктер клеткаларына бөтен генетикалық информацияны енгізу мүмкіндігі тəжірибе жүзінде дəлелденді. Осы əдістерді пайдалану негізінде бағалы қасиеттері бар өсімдіктерді шығару үшін болашақта көп үміт күтерлік жол ашылды.
Өсімдіктерге бөтен гендерді тасымалдау жөніндегі деректер 1981 жылдан бері белгілі. Бактериялар, жануарлар жəне өсімдіктер гендері плазмидалық Т-ДНҚ-ның рестрикциялық бөліктеріне тігіліп, өсімдік геномына нəтижелі тасымалданған. Соның арқасында гендік инженерия əдістерімен құрастырылған алғашқы өсімдіктер алына бастады. Өсімдіктерге бөтен генді Ті-плазмиданың көмегімен енгізу əрекеттері ең алдымен бактерия гендерін тасымалдаумен байланысты болды. Ол үшін көбінесе антибиотиктерге төзімділікті белгілейтін Е.соli гендері қолданылды. Бұл гендердің пайдаланудың себебі олардың өсімдік геномына тіркесуін оңай тексеруге болатындығынан. Бірақ бұл антибиотиктерге төзімділік белгісінің өсімдік
үшін ешбір пайдасы жоқ. Турасын айтқанда, бұл бөтен ген нақтылы тасымалданды ма, жоқ па, тек қана соның куəсі ретінде жəне де, егер тасымалданса, онда өзіне тəн қызметін атқарып жатқанын көрсету үшін керек. Бұндай селективті маркерлік гендер өсімдіктерге туыстығы жоқ бөтен гендерді тасымалдау кезінде
қолданылады.
Өсімдіктер геномын гендік инженерия əдістерімен өзгертіп қайта құру мақсаты екі мəселені шешуге бағытталған. Біріншісі, трансгенозға байланысты негізгі теориялық мəселелерді шешу, ал тубінде өсімдіктердің алдын ала көзделген белгілі қасиеттері бар жаңа варианттарын шығару үшін практикалық
селекцияда гендік инженерия əдістерін қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет