Жиналған саңырауқұлақтарды алдын ала қарап шығады, стандартқа сай келмейтіндерін қолмен алып тастайды, қалған шикі затты еңкейтілген стол арқылы өңдеуден өткізілетін ыдысқа салады. ЦС‑289 қондырғыны қолданылады, ол арқылы жас жиналған саңырауқұлақтар олардың қалпағының мөлшеріне қарай іріктеліп алынып әрі қарай өңдеуден өткізіледі (кептіру, тұздау, маринадтау). Бұл қондырғы саңырауқұлақтарды алғашқы өңдеуден өткізетін дайындау пункттерде және кәсіп орындарда қойылады.
Саңырауқұлақтарды және емдік шикізаттың кейбір түрлерін кептіру үшін от жағылатын ЦС-215 кептіргішті пайдаланады. От жағылатын жердің үстіңгі жағындағы жылу өткізгіш қызады, содан соң қызған ауа қабырға қуысы арқылы ауаны сыртқа шығаратын труба арқылы шығады. Оттан шыққан түтін қабырға қуыстарынан өтіп жылу өткізгішті қосымша қыздырады да түтін шығатын труба арқылы сыртқа шығады. Кептіргіштің құрылысы шыққан ылғалды ауаны сыртқа шығарады, ал түтін кептіретін камераға кермейді.

Саңырауқұлақтарды тұздау. Тұздаудың үш түрі бар: суық, ыстық және құрғақ. Бұл тәсілдермен барлық саңырауқұлақтардың түрлерін тұзауға болады.
Суық тұздау түрлері. Саңырауқұлақтарда тұздар алдында жуады және суға салып қояды (кәрзеңкеге салып қойып ағынды су өткізу дұрыс болады). Егер маңайда ағып жатқан өзен не арық болмса, онда үлкен бөшкеге су құйып сонда салып қояды.
Бақылау сұрақтары
Бақылау сұрақтары
1. Саңырауқұлақтарды тұздау қалай жүргізіледі?
2. Саңырауқұлақ жинау маусымы қай айларының аяғында басталады?
3. Республиканың ормандарыңда жеміс пен жидек өсетін көлемді алқаптар аз ба, көп пе?
4. Қайнатылған саңырауқұлақтарды ұзақ сақтау үшін не қажет?