9 класс химиядан олимпиада есептері. 2020-2021 оқу жылы



Дата13.12.2021
өлшемі13,97 Kb.
#100178
түріАнализ
Байланысты:
9- сынып олимпиада химия


9 класс химиядан олимпиада есептері. 2020-2021 оқу жылы

  1. Массасы 4.6г сілтілік металды иодпен әрекеттестіргенде 30г металл иодиді түзілген. Реакцияға қандай сілтілік металл алынған? ( 3 ұпай)



  1. 464 г темір қағынан (Fe3O4)темірді тотықсыздандыру үшін жұмсалатын алюминий салмағын есепте ( 4 ұпай)



  1. Мына бейметалдардың қайсысы кәдімгі жағдайда :B, H2 , O2 , Br2 , Cl2, Si, Kr, C, I2

а) газ

ә) сұйық


б) қатты (3ұпай)

4. А элементі бірінші топта , В элементі бесінші топта орналасқан . Екеуінің қосылысындағы В элементінің тотығу дәрежесі -3. А элементі екі атомнан тұратын жай зат түзеді. В элементі оттекте жанып, түзілген қосылысы суда ерігенде көк лакмусты қызыл түске бояйды. Бұл қай элементтер? Олардан алынған қосылыстардың формулаларын және реакция теңдеулерін жазындар. ( 5 ұпай)

5. Түрөзгеріске сай реакция теңдеуін жазындар

CuO→CuSO4→CuCl2→Cu(NO3)2→CuO→Cu (5 ұпай)

6. 5 нөмірленген сынауыққа келесі заттардың 0,1М ерітінділері құйылған тұз қышқылы, натрий сульфаты, калий карбонаты, барий хлориді, темір (II) сульфаты. Тек осы ерітінділерді ғана пайдаланып, қай сынауыққа қай заттың ерітіндісі құйылғанын анықта.

Анализ жасау жоспарын жасап, тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар



(8 ұпай)



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет