9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты.
Тәрбие сағатының мақсаты:
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты
Әнұран мен басталады.
1 - Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар!
ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай - ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.
2 - жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.
1 - оқушы:
Фарида
Жүргенімде қуанышпен қамданып,
Керек - жарақ заттарымды қолға алып.
Жиырма екінші сағатында қырық бірдің
Батыстан дауыл соқты долданып.
2 - оқушы:
Ләззат
Таң алдында сағат бесті соққанда,
Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да.
Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,
Шекараға келіп салды ойранды.
3 - оқушы:
Айзере
Осы хабар уақытында алынды,
«Соғысқа» деп дабыл қағылды.
Қуанышты жас жүректі суытып,
Баса қалды лапылдаған жалынды.
4 - оқушы:
Айшат
Қатық құйып ішкен күнім зереңге,
Елім, сені енді қайтып көрем бе?!
Қайғыменен, жетімдікпен өсіп ем,
Қызықты күн енді көрмей өлем бе?!
Отаныма берген бірақ антым бар,
Дедім сізге: Ал, соғысқа тартыңдар!»
Ұлы Отанды қорғаңыздар аянбай,
Арттарында сізге сенген халқың бар!
5 - оқушы:
Аяна
Тоқта, достар, тез мін атқа,
Қатерлі ауру сын сағатта.
Батыстан зіл қара бұлт
Төнді айналып Кавказ қартқа.
Қай жан шыдар бұл мазаққа.
Өлім арлы азаматқа.
Ән: Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген.
4 - сынып
1 - жүргізуші:
Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл кеңес халқы, ал Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам майданға аттанады. Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
2 - жүргізуші:
Отан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды. Қазақстанда құрылған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал майор В. Панфилов болды.
Оқушы қыздардың орындауында «Солдаттар» биі.
1 - оқушы
Қадыр
Отаным бар, ордам бар мақтанатын
Қазақстанымды сүйемін, мақтап атын.
Бізді осындай егемен ел болсын деп,
Қазақстанда шығарған жастар атын.
2 - оқушы
Ақторғын
Азаттық аңсаған еркін елміз,
Дос пейілді ұлттарға жаны көлміз
Ұшқан құстың қанаты талатұғын
Көк аспанбыз, көсілсең - алтын төрміз.
Ән: Сарбаздар Жасұландар әні
Орындайтын оқушылар
1 - жүргізуші:
Тастар көкке атылды,
Орман шулап, тау құлап,
28 батырды жеңе алмады жау бірақ.
Жамылды жер тұманды,
Өрт ішінде қалды бақ.
28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.
2 - жүргізуші:
Оқ астында зулаған,
Туған жермен бір болып,
Жау алдында тұр олар 28 мың болып,
28 батырын ұмытпайды ел мәңгілік.
Оқушылардың орындауында
Би: Катюша
2 - жүргізуші:
Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!
1 - оқушы: «Мен соғысты жек көрем!» (Қ. Жұмағалиев)
Болатбек
Мен соғысты жек көрем!
Көкем айтып отырса,
Кім көз жасын төкпеген!
Талай өткен ғасырлар
Еш соғыссыз өтпеген!
Мен соғысты жек көрем!
Күні ертең - ақ ержетем!
Қиялымды өрлетем!
Туған жерді әлпештеп,
Кірпік ілмей тербетем!
Жету үшін мұртаза
Сапар шегем жыраққа!
Ғұмыр бойы айқасам,
Асу бермес елдермен!
Асау өзен көлдермен!
Құлазыған шөлдермен!
Мен соғысты жек көрем!
Адамзатты жеткізем,
Арманына жетпеген!
2 - оқушы. «Болмасын соғыс»
Нұргүл
3 - оқушы: «Сен құрметте оны»
Бекзат
Сен құрметте оны!
Түсіндін, бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кеше елге қатер төнгенде
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Өлім соққысын өз үлесіне алды.
Денесін оқ пәршелесе де
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Сенің келешегің үшін берді ол
Азаттық, жолында аяғын!
Би: Қазақ биі
1 - сынып қыздары.
1 - жүргізуші:
Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман,
Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні.
2 - жүргізуші:
Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,
Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
1 - оқушы:
Назгүл
Жеңіс күні ардагерлер әперген,
Желбіретіп қызыл туды көтерген.
Туған елін жау қолында қалдырмай,
Ерлікпенен ел парызын өтеген.
2 - оқушы:
Айдана
Он сегізде соғыс атты от кешкен,
Жараланып жас денесін оқ тескен,
Аталарым, ардагерлер, болшы аман,
Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен.
3 - оқушы:
Әділет
Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,
Арамызда ардақ болып жүріңдерші!
Құрметтейік жеңісті мамырдағы,
Бақыттан рахаттанып күліңдерші!
Ардагер аталарға мың алғыс!
Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.
Келешек ұрпағының бақыты үшін,
Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.
2 - жүргізуші:
Инкар
Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,
Асыр салып қуансын бала біткен.
Жүректері жарылсын қуаныштан,
Аяласын көңілі жақсы үмітпен.
3 - оқушы
Бексұлтан
Алтын ұяң – Отан қымбат
Құт – берекең - атаң қымбат.
Туып өске елің қымбат
Кіндік кескен жерің қымбат
1 - жүргізуші:
Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,
Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.
Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,
Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.
Ән: Бейбітшілік сақталады.
Орындайтын Болатбек.
2 - жүргізуші:
Міне, ата - бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |