Желтоқсан
оқигғасының
себебі
|
Ондаған жылдар бойы қордаланған келеңсіздіктер, коғамның әлеуметтік, мәдени салаларын қамтыған өрескел кемшіліктер, ұлт мәселесінің шиеленісуі республика жастарының ызасын тудырып, күрес жолына алып келді. Республиканың бірінші басшысының ауыстырылуы оған түрткі болды.
|
Желтоқсан
оқиғасының
сипаты
|
Наразылық бейбіт ілеру түрінде өтіп, саяси сипат алды. Ол мемлекеттік кұрылысты құлатуға бағытталған жок. Қазак жастарының бас көтеруі — бұл ұлтшылдык емес еді: ол — басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталған жоқ. Ол — сол кездегі ел билеуге келген басқа ұлт өкілінің жүргізген әлеуметтік-экономикалық саясатына наразылық еді.
|
Желтоқсан
оқиғасының
қорытындылары
...
|
Бұл оқиға билік басындағылардың іс-әрекетін әшкереледі. Жазалау шараларын жүргізу кезінде ұрып-соғу, техника мен медицинаны қолданып қинау, итке талату, қарға жатқызу, су киіммен аязда қатыру сиякты тәсілдерді колдану арқылы коммунист-басшылар өздерінің интеллектуалдық-рухани әлемінің шын мәніндегі жұтаңдығын көрсетті. "Қазақ ұлтшылдығы" деген терминді енгізу арқылы бүкіл халыққа күйе жағуға тырысты.
|
Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы
|
Желтоқсан оқиғасы — Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және кайғылы беттердің бірі. Бұл оқиға Қазакстанда ғана емес, КСРО-да жаңа еніп келе жатқан жас демократияның басы болатын. Сондыктан да оның жүгі ауыр, шығыны көп болды. Бұл оқиға жаңа бағыттың — экономикалық реформалардың, әлеуметтік бет-бұрыстардың жяна серпінмен дамуына себепші болды. Көп ұзамай Балтық бойы елдері бостандық жолындағы күресін бастады. Тбилиси, Баку толқулары тұтанды. Желтоқсан окиғасы - қазақ халқының ар-намысының қасіреті.
|