968 жылғы қарашада Венада қол қою үшін ашылған Жол жүрісі туралы конвенцияны толықтыратын Еуропалық келісімді ратификациялау туралы



бет2/13
Дата12.09.2020
өлшемі24,61 Kb.
#63730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯНЫ ТОЛЫҚТЫРАТЫН


ЕУРОПАЛЫҚ КЕЛІСІМ

1971 ЖЫЛҒЫ 1 МАМЫРДА ЖЕНЕВАДА ЖАСАЛҒАН

      ВЕНАДА 1968 ЖЫЛҒЫ 8 ҚАРАШАДА ҚОЛ ҚОЮ ҮШІН АШЫЛҒАН ЖОЛ ЖҮРІСІ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯНЫҢ ТАРАПТАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР

      Еуропада жол жүрісіне қатысты ережелерді одан әрі бір ізге түсіруге ҰМТЫЛА ОТЫРЫП,


      төмендегілер туралы КЕЛІСТІ:

1-бап

      1. 1968 жылғы 8 қарашада Венада қол қою үшін ашылған Жол жүрісі туралы конвенцияның Тараптары болып табылатын Уағдаласушы тараптар өз аумақтарында қолданылатын жол жүрісі қағидалары өз мәні бойынша осы Келісімге қосымшаның ережелеріне сәйкес келуі үшін тиісті шаралар қабылдайды.

      2. Олар осы Келісімге қосымшаның ережелеріне қандай да бір тұрғыдан қайшы келмейтін жағдайда:



      а) бұл қағидаларға осы Уағдаласушы тараптардың аумағында орын алмайтын жағдайларға қатысты ережелер кірмеуі мүмкін;



      b) бұл ережелерде осы қосымшада көзделмеген ережелер болуы мүмкін.



      3. Бұл баптың ережелері Уағдаласушы тараптарды өздерінің жол жүрісі туралы қағидаларына енгізген қосымшаның ережелерін кез келген бұзушылық үшін санкциялар көздеуге міндеттемейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет