«№99 мектеп-гимназиясыны» кмм-нің орыс тілі пәнінің мұғалімі Сабирова Жанар Абдумажитовнаға Пікір 2022-2023 оқу жылында «№99 мектеп-гимназиясына»



Дата16.02.2023
өлшемі14,09 Kb.
#168928
түріСабақ
Байланысты:
пікір (1)
физра реферат5, Документ, Документ 1, Дефектология ПРОБНЫЙ ТЕСТ

«№99 мектеп-гимназиясыны» КММ-нің орыс тілі пәнінің мұғалімі
Сабирова Жанар Абдумажитовнаға
Пікір
2022-2023 оқу жылында «№99 мектеп-гимназиясына» жоғары оқу орнын бітіріп, орыс тілі пәнінің мұғалімі болып қызметке орналастым. Маған тәлімгерлікке Сабирова Жанар Абдумажитовнаға бекітілді.
Жанар Абдумажитовна өз ісіне тиянақты,білгенін үйретуден жалықпайтын, өнегелі ұстаз. Сабақ берген сыныптарында оқушылары ерекше ілтипатпен сыйлайды және ұстазына еліктеп бірнеше оқушылары орыс тілі пәнінің мұғалімі болуды қалады. Әсіресе ең жоғары 126 балл жинаған оқушысы Қалыбай Рамазан орыс тілі пәнінің мұғалімі мамандығын таңдады.
Жаны таза, эстетикалық талғамы жоғары, адамгершілігі биік. Жақсы ақылшы. Ақыл- парасаты өмірде көрген- білгенімен ұштасып жатады. Отбасында үш баланың анасы.
Әріптестерімен тату, керек кезде көмек қолын созуда аянбайды. Мол тәжірибесімен, ақыл-парасатымен, ұстамды мінезімен ұжымға сыйлы. Тәлімгерім ретінде, маған сіңірген еңбектеріне алғысымды айта отырып, АРДАҚТЫ ҰСТАЗ деген пікірдемін.

Жанар Абдумажитовнаның әріптесі,


орыс тілі пәнінің мұғалімі, жас маман: Оспанова Айдана

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет