А. А. Досмаканбетова «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық жабдықтары»


Жылдамдықтағы газжуғыштар (Вентури скрубберлері). Газдарды электрсүзгілерде тазалау



бет14/41
Дата13.12.2021
өлшемі1,68 Mb.
#125891
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Байланысты:
344266 2

Жылдамдықтағы газжуғыштар (Вентури скрубберлері). Газдарды электрсүзгілерде тазалау.

Вентури скруббері (1.9 сурет). Өте майда шаңдардан газды тазалау үшін турбулентті газжуғыштар – Вентури скрубберлері қолданылады. Шаңды газ Вентури құбырының конфузоры арқылы құбырдың ең тар жеріне беріледі. Тамшылар шаң бөлшектерімен соқтығысып, оларды өзіне сіңіріп, іріленеді. Бұл іріліенген тамшылар газ ағынымен бірге диффузор арқылы циклонға беріледі. Ағын жылдамдығы диффузорда 20-25 м/с дейін, ал циклонда 4-5 м/с дейін азаяды. Бұл қимадағы газдың жылдамдығы 60-150 м/с дейін барады. Тесік арқылы осы ең тар жерге артық қысымда 0,3-1 атм сұйық беріледі.

Бұл сұйық газ ағынының әсерінен өте майда 10 мкм тамшыларға ажыратылады. Циклонда ортадан тепкіш күш әсерінен тамшылар газдан ажыратылып, шламмен бірге тұндырғышқа беріледі. Мұнда сұйық шламнан ажыратылып, сораппен скрубберге қайтадан беріледі. Вентури скрубберінде өте майда бөлшектерді 0,2-2 мкм ұстауға болады, және оның тазалау дәрежесі өте жоғары. Бұл аппараттың құрылысы қарапайым, бірақ оның гидравликалық кедергісі өте жоғары.



1-конфузор; 2-мойынша; 3-сұйық берілетін тетік; 4-диффузор; 5-циклонды сепаратор; 6-тұндырғыш; 7-сорап
1.9 сурет. Вентури скруббері
Көбікті, барботажды скрубберлер (1.10 сурет). Өте шаңдалған газдарда тазалау үшін көбікті шаңұстағыштар пайдаланады.

Мұндай аппараттарда сұйық қозғалыстағы көбік жағдайында болады. Соның нәтижесінен газбен сұйықтың жанасу беті көп және осыған сәйкес газдың тазалау дәрежесі де жоғары болады. Көбікті шаңұстағыш ішіне тесікті табақша орнатылған дөңгелек немесе тіктөртбұрышты камерадан құралған болады. Шаңды газ құбыр арқылы беріледі.

Газ табақша тесіктерінен сосын оның бетіндегі сұйық қабатынан өтіп, сұйықты қозғалыстағы көбікке айналдырады. Шаң көбік қабатында сұйықпен сіңіріліп, көбікпен бірге бөгет үстінен шығарылады. Көбікпен сұйықтың 80% шығарылады, ал қалғаны 20% тесіктен төмен қарай ағып, табақша астындағы ірі шаңдарды ұстап, келте құбыр арқылы ағып кетеді.

Сұйықтарды шашырату үшін механикалық, пневматикалық және ортадан тепкіш шашыратқыштар қолданылады. Көбікті аппараттар газсұйықты реакторларға жатады.

Барботажды скрубберлер стандартталған бағаналы аппараттар. Көбінесе газдарды азот оксидінен NОX, NO5  , диоксиді күкіртінен SO2, күкірт осксидінен СО, хлордан Cl2, қышқылдардан және т.б. абсорбциялық тазартуда қолданады.

а) көбікті б) қалпақшалы барботажды


1.10 сурет. Көбікті және барботажды скрубберлер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет