А. А. Жолдыбаева артросиндесмология оқУ ҚҰралы а. М. Искиндирова, Л. А. Искакова, А. А. Жолдыбаева артросиндесмология учебное пособие



Pdf көрінісі
бет39/82
Дата22.09.2022
өлшемі5,68 Mb.
#150412
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82
Байланысты:
артросиндесмология
8апта, Патфиз. Каз. С отв
АЯҚ БАСЫН 
БІРТҰТАС ТҮРДЕ ҚАРАУ 
Аяқ басын 6ip тұтас түрде қарау.
Аяқ басы серпімді қозғал- 
ғыш күмбез тәрізді құрылған және сол сияқты қызмет етеді. Адам 
тәрізді маймылдарды қоса барлық жануарлардың аяқ басының 
құрылысы күмбез сияқты емес, мұндай құрылыс тік жүруге 
байланысты болады. Қатаң буындар арқылы қозғалмайтындай 
дерлік болып қосылған аяқ басы сүйектері қатты аяқ басы негізін 
құрайды, оның құрамына 10 сүйек кіреді: 
os naviculare, ossa 
cuneiformia, ossa metatarsalia І, ІІ, ІІІ, ІҰ, V.
Байламдардан аяқ басы күмбезін бекітуде 
lig. plantare longum
— 
ұзын табандық байлам шешуші рөл атқарады. Ол өкше сүйегінің 
төменгі бетінен басталып, алға қарай созылып, терең 
талшықтарымен 
tuberositas 
ossis 
cuboidea-ға
және беткі 
талшықтармен табан сүйектерінің негізіне бекиді. 
Sulcus ossis 
cuboidei
арқылы асып өтіп, ұзын табандық байлам бұл 


Аяқ сүйектерінің қосылыстары 
81 
жүлгені 
m. peronei longi
сіңірі өтетін сүйекті-фиброзды өзекке 
айналдырады. 
Аяқ басының жалпы күмбездік құрылысында бес бойлық 
күмбез бен бір көлденең күмбезді ажыратады. Бойлық күмбездер 
өкше сүйегінің бір нүктесінен басталып, аяқ басының бес сәулесіне 
сәйкес келетін жоғары қарай дөңесті радиустар бойынша алға 
шашырай бөлінеді. 
Бірінші (медиалды) күмбездің түзілуінде 
sustentaculum tali 
маңызды рөл атқарады. Бойлық күмбездердің ішіндегі ең ұзыны әрі 
биігі — екінші күмбез. Алдыңғы жағында парабола тәрізді 
байланысқан бойлық күмбездер аяқ басының көлденең күмбезін 
түзеді. Сүйекті күмбездер оларды түзетін сүйек, бұлшықет, 
шандырлар арқылы пішіндерін сақтайды, сонымен бірге 
бұлшықеттер күмбезді ұстап тұратын белсенді «құлыпшалар» 
болып табылады. Атап айтқанда, аяқ басының көлденең күмбезін 
табанның байламдары, қиғаш орналасқан 
m. peroneus longus, m. tibialis posterior
сіңірлері және 
m. adductor 
hallucis
көлденең басы сүйеп тұрады.
 
ұзын бойы орналасқан бұлшықеттер аяқ басын қысқартады, ал 
қиғаш және көлденең орналасқан бұлшықеттер оны ұзартады. 
Бұлшықет-сырғыма құлыпшалардың осындай екі жақты әрекеті 
аяқ басының жүрісті серпімді ететін күмбезді пішінін сақтайды. 
Бұл сипатталған аппарат нашарлағанда күмбез аласарып, табан 
жалпайып, құрылысы өзгеріп, жалпақ табандылық (тобанаяқ) 
пайда болуы мүмкін. 
2-кесте. 
Омыртқалар арасындағы қосылыстар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет