ОМЫРТҚАЛАР АРАСЫНДАҒЫ
ҚОСЫЛЫСТАР
Адамда омыртқалар арасындағы қосылыстар олардың
филогенез үдерісінде өткен жолын қайталайды. Басында бұл
қосылыстар үздіксіз — синартроздар болады, олар қаңқа да-
муының 3 кезеңіне сәйкес алдымен синдесмоздарға тән сипатта,
кейін синдесмоздармен қатар синхондроздар, соңында синостоздар
(сегізкөз бөлімінде) пайда болады. Жалпы қозғалыстардың
дамып-жетілуіне байланысты омыртқалардың арасында үздікті
қосылыстар — диартроздар да пайда болады.
Осындай дамудың нәтижесінде адамның омыртқа баға-
насында қосылыстардың барлық түрлері болады: синдесмоздар
(көлденең және қылқан өсінділер арасындағы байламдар),
синэластоздар (доғалары арасындағы байламдар), синхондроздар
(омыртқа
денелерінің
арасында),
синостоздар
(сегізкөз
омыртқалары арасында), симфиздер (омыртқа денелерінің
арасында) және диартроздар (буындық өсінділері арасында).
Барлық бұл қосылыстар сегментті, омыртқа бағанасының
метамерлі дамуына сәйкес қүрылған. Жеке омыртқалар бірігіп
тұтас омыртқа бағанасын қүратындықтан, омыртқа бағанасының
бойымен орналасқан және оны біріктіріп, біртұтас етіп тұратын
бойлық байламдар пайда болады. Нәтижесінде барлық омыртқа
аралық қосылыстарды негізгі бөліктеріне сәйкес — омыртқа
денелері арасындағы қосылыстар және доғалары арасындағы
қосылыстар деп бөлуге болады.
32
Артросиндесмология
ОМЫРТҚА ДЕНЕЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ
ҚОСЫЛЫСТАР
Омыртқа денелері бір-бірімен байланысып, тұлғаның тірегі
болып табылатын омыртқа бағанасын құрайтын болғандық- тан,
бір-бірімен (соның ішінде сегізкөзбен) симфиздер, яғни
омыртқа
аралық дискілер, disci intervertebrales
арқылы байланысады. Әрбір
диск талшықты-шеміршекті табақшадан тұрады, оның шет
жақтары тығыз дәнекер тінді талшықтардан құралған. Бұл
талшықтар табақшаның шеттерінде өте мықты
фиброзды сақина,
annulus fibrosus
құрайды, ал табақшаның ортасында жұмсақ
талшықты шеміршектен тұратын
іркілдек ядро, nucleus pulposus
болады. Бұл ядро өте қатты жаншылған және үнемі кеңеюге
ұмтылып тұрады (дискті кесіп қарағанда ол кесінді жазықтығынан
қатты томпайып шығып тұрады); сондықтан ол серіппелі және
соққыларды буфер сияқты жұмсартып тұрады.
Бір-бірімен омыртқа аралық дискілер арқылы байланысып,
омыртқа денелерінің тізбегін түзеді де, алдыңғы және артқы
жағынан екі бойлық байламмен бекітіледі (5-сурет).
Алдыңғы
бойлық байлам, lig. longitudinale anterius,
омыртқа денелерінің
алдыңғы бетімен созыла орналасқан және ауыз омыртқаның
алдыңғы
доғасының
төмпешігінен
басталып
сегізкөздің
жамбастық бетінің жоғарғы бөлігіне дейін созыла орналасып, сол
жерде сүйек қапқа бітісіп кетеді. Бұл байлам омыртқа бағанасының
артқа қарай шектен тыс иіліп кетуіне кедергі жасайды.
Артқы
бойлық байлам, lig. longitudinals posterius,
II мойын омыртқадан
бастап төмен қарай омыртқалар денесінің артқы бетімен омыртқа
өзегінің ішімен
canalis sacralis-тің
жоғарғы шетіне дейін созылып
жатады. Бұл байлам иілуге кедергі жасайды, алдыңғы бойлық
байламға қызметі жағынан қарама-қарсы болып табылады
(1-кесте).
Омыртқалар арасындағы қосылыстар
33
Достарыңызбен бөлісу: |