А. А. Жолдыбаева артросиндесмология оқУ ҚҰралы а. М. Искиндирова, Л. А. Искакова, А. А. Жолдыбаева артросиндесмология учебное пособие



Pdf көрінісі
бет34/82
Дата22.09.2022
өлшемі5,68 Mb.
#150412
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82
Байланысты:
артросиндесмология

14-сурет
Оң ұршық буыны (буын қапшығы кесілген және ортан жіліктің 
басы ұршық ойығынан алынған): 1 — санның тік бұлшықеті; 2 — ұршық 
ойығы; 3 — ортан жілік басының байламы (дөңгелек байлам); 4 — ортан 
жіліктің басы; 5 — буын қапшығы; 6 — жапқыш жарғақ; 7 — ұршық 
ойығының көлденең байламы; 8 — жарты ай тәрізді бет; 9 — майлы тін 


Аяқ сүйектерінің қосылыстары 
69 
Ұршық ойығы 
(acetabulum)
рештенологиялық жағынан түбіне 
және төбесіне бөлінеді. Ойықтың түбі медиалды жағынан конус 
тәрізді ашық түспен шектелген («көз жасы пішіні»), ол шонданай 
сүйек денесінің алдыңғы бөлігіне сәйкес келеді. Ұршық ойығының 
төбесі 
(fossa 
acetabuli-дің
жоғарғы жиегі) дөңгеленген: 
патологиялық жағдайларда ол үшкірленеді. Буындық басы, 
caput 
femoris,
рентгенограммада дөңгелек пішінді және шеттері тегіс
fovea capitis femoris
тұрған жері ғана ойыс, бұдырлы болып 
көрінеді, оны сүйектің зақымдалу ошағы деп қалмау керек. 
Рентгендік көріністе ортан жілік басы мен ұршық ойығының төбесі 
арасында «рентгендік буындық саңылау» көрінеді. 
Адамның жыныстық, жастық және конституциялық ерек- 
шеліктерін есепке алу үшін ортан жілік мойны мен диафизі 
арасындағы бұрышты есептеу керек. Тірі адамда бұл бұрышты тек 
рентгендік сәулелер арқылы ғана анықтауға болады. 
Ересек ер адамда ол шамамен 130—135, балаларда үлкенірек, 
қарттарда азырақ, ал әйелдерде ер адамдарға қарағанда аздау. 
Ұршық буыны артериялық қанды 
a. circumflexa femoris medialis 
et lateralis (a. profunda femoris-тен)
және 
a. obturatoria- дан
түзілген 
rete articulare-ден
алады. Соңғысынан бөлінген 
r. 
acetabularis,
ортан жілік басына 
lig. capitis femoris
арқылы өтеді. 
Тамырлық қаны санның және жамбастың терең тамырлары арқылы 
— 
v. profunda femoris, v. femoralis, v. iliaca interna- 
ларға құйылады. 
Лимфасы терең лимфа тамырлары арқылы 
nodi limphatici 
inguinales profundi-ға
құйылады. Буын қапшық 
nn. obturatorius, 
femoralis et ischiadicus-термен
жүйкеленеді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет