Бас сүйектерінің қосылыстары
27
БАС СҮЙЕКТЕРДІҢ
ҚОСЫЛЫСТАРЫ
Бас сүйектері бір-бірімен негізінен үздіксіз қосылыстар:
синдесмоздар және аз мөлшерде — синхондроздар арқылы
байланысады. Үздікті қосылыс — тек шықшыт буыны ғана (егер
есту сүйекшелерінің қосылыстарын есептемегенде).
Ересек адамның бас сүйегінде синдесмоздар жік түрінде
кездеседі. Жіктер арқылы бас сүйек күмбезінің және беттің
сүйектері қосылысады. Бас сүйек күмбезі сүйектері арасында тісті
және қабыршақты жіктер болады.
Тісті жік, suture serrata,
шеке
сүйектерінің арасында (сагитталды жік);
маңдай және шеке
сүйектері арасында (тәждік жік); шүйде және шеке сүйектері
арасында (ламбда тәрізді жік) болады.
Қабыршақты жік, sutura
squamosa
көмегімен самай сүйектің қабыршағы шеке сүйекпен
және сына тәрізді сүйектің үлкен қанатымен байланысады. Бет
сүйектері тегіс жіктер,
sutura plana
арқылы байланысады.
Жіктердің атаулары байланысатын сүйектердің атына байланысты,
мысалы:
sutura frontozygomatica, sutura frontoeihmoidalis
және т.б.
Ұрықтың, нәрестенің және екі жасқа дейінгі балалардың бас
сүйегінде тегіс жіктерден басқа еңбектер болады. Олардың ішінде
ең үлкені — алдыңғы (маңдайлық) еңбек,
fonticulus anterior
(frontalis),
маңдай сүйегінің екі бөлігінің және шеке сүйектерінің
арасында орналасады. Пішіні ромб тәрізді және 2
жасқа қарай
жабылады.
Артқы (шүйделік) еңбек,
fonticulus posterior (occipitalis)
екі
шеке және шүйде сүйегінің арасында орналасқан, пішіні үшбү-
рыш тәрізді, 2 айға қарай жабылады. Алдыңғы және артқы
еңбектер — тақ. Бұлардан басқа жұп еңбектер де болады: сына
тәрізді,
fonticulis sphenoidalis,
емізік тәрізді,
fonticulis mastoideus.
Еңбектердің орнына кейінірек тісті жіктер пайда болады.
Шеміршекті қосылыстар — синхондроздар, бас сүйек не-
гізінің сүйектеріне тән. Олар талшықты шеміршектен тұрады.
28
Артросиндесмология
Балаларда сына тәрізді сүйектің денесі мен шүйде сүйектің негізгі
бөлігі
арасындағы
уақытша
синхондроз,
synchondrosis
spheno-occipitalis
анық көрінеді. Сонымен қатар самай сүйек
пирамидасы мен шүйде сүйектің негізгі
бөлігі арасында тұрақты
синхондроз —
synchondrosis petrooccipitalis
бар; сына тәрізді
сүйектің үлкен қанаты мен самай сүйек пирамидасы арасында —
synchondrosis sphenopetrosal
және
foramen lacerum-
ді
жауып
тұратын шеміршек болады. Көбінесе, жас өскен сайын адамда
шеміршек сүйек тініне айнала бастайды.
Шықшыт буыны,
articulatio temporomandibularis,
айдаршықты
үйлесімді буын болып табылады. Ол төменгі жақ сүйектің басымен,
caput mandibulae,
төменгі жақ сүйектік шұңқырмен,
fossa
mandibulars,
және самай сүйектің
буындық төмпешігінен,
tubercutum articulare
түзілген. Төменгі жақ сүйектің басы пішіні
бойынша айдаршыққа ұқсас және шеміршекпен негізінен алдыңғы
жағынан қапталған. Талшықты шеміршек төменгі жақ сүйектік
шұңқырды тасты-дабылдық саңылаудың алдыңғы жағынан ғана,
буындық төмпешікті барлық жағынан астарлайды (4-сурет).
Шықшыт буынының ерекшелігі —
буын беттерін сәйкес-
тендіріп тұратын буындық дисктің,
discus articularis
болуы. Диск
пішіні екі жағы ойыс линзаға ұқсайды. Буын қапшығы,
capsula
ardcularis,
самай сүйекте буындық
төмпешіктің алдыңғы жағына
бекінеді, ал артқы жағынан — тасты-дабылдық саңылау деңгейінде
бекінеді. Төменгі жақ сүйекте буын қапшығы айдаршықты
өсіндінің мойны аймағына бекінеді (алдынан артына қарағанда 0,5
см жоғары). Буын қапшығы алдыңғы бөлігінде жұқалау болады,
ішкі жағынан барлық бетімен буындық дискпен бітіскен,
нәтижесінде буын қуысы жоғарғы
және төменгі екі қабатқа
бөлінеді. Төменгі қабатта синовиалдық жарғақ тек буын қапшығын
ғана емес, сонымен қатар қапшық ішінде орналасқан айдаршықты
өсіндісі мойынының артқы бетін де жауып жатады. Жоғарғы
қабатта синовиалдық жарғақ буын қапшығының ішкі бетін
астарлап, буын шеміршегінің жиегіне бекінеді.
Бас сүйектерінің қосылыстары
29
Достарыңызбен бөлісу: