Қабырғалардың қосылыстары
41
ал байламдар — бір-бірінен ажырап кетуге кедергі болады.
Омыртқа бағанасын құрайтын сегменттер саны көп болған-
дықтан, жеке омыртқалар арасындағы ұсақ қозғалыстар бірігіп,
бүкіл омыртқа бағанасына айтарлықтай қозғалғыштық береді. Ең
көп қозғалатын — омыртқа бағанасының мойын және бел
бөлімдері, ал азырақ қозғалатын — қабырғалармен қосылыстарына
байланысты кеуде бөлігі. Сегізкөз мүлдем қозғалмайды.
Омыртқа бағанасында мынадай қозғалыстар болуы мүмкін:
1)
фронталды білікте — бүгу және жазу;
2)
сагитталды білікте — оңға және солға иілу;
3)
вертикалды білікте — түлғаны айналдыру (оңға және солға
бұрылу).
Бұдан басқа айналма қозғалыстар, сонымен қатар сәйкес
бұлшықеттерді жиырып немесе босаңсыта отырып иілімдерін
үлкейтіп немесе тегістеу арқылы омыртқа бағанасын ұзарту және
қысқарту (серіппелік қозғалыстар).
Достарыңызбен бөлісу: