20
Артросиндесмология
Осы біліктерде мүмкін болатын қозғалыс түрлері 5 және
6-кестеде көрсетілген. Мысалы, фронталды білікте екі түрлі
қозғалыс болады — бүгу және жазу
(flexio, extensio
); сагитталды
білікте де екі түрлі қозғалыс болады — әкелу және әкету
(abductio,
adductio);
бір біліктен екінші білікке ауысқан кезде тағы бір
қозғалыс түрі — дөңгелек немесе конус тәрізді
(circumductio);
вертикалды білік бойынша — бір қозғалыс — айналу
(rotatio),
бірақ оның бірнеше түрі болады: ішке айналдыру, сыртқа
айналдыру немесе супинация мен пронация.
Сонымен, буындарда барлығы 6 түрлі қозғалыс болады.
Қосымша қозғалыстар, мысалы сырғу, серіппе тәрізді (қысылып
немесе созылған кезде буындық беттердің алыстауы мен
жақындауы) және бұралу. Мұндай қозғалыстар жеке буындарға
емес, үйлесімді буындардың тобына тән, мысалы, омыртқа аралық
буындар (2-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: