А. А. Какимова Қазақстан Республикасы тарихы



бет44/70
Дата21.10.2023
өлшемі356,06 Kb.
#187291
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70
Байланысты:
А. А. Какимова Қазақстан Республикасы тарихы-emirsaba.org

Дәрістің мазмұны:
Генерал-майор А. Тевкелевтің Орынбор өлкесі мен қазақ жүздері туралы «Әр түрлі қағаздары» әсіресе өлкені отарлаудың басталуына байланысты шын мәнінде бірінші дәрежелі орын алады.
А. И. Тевкелев патша шенеуніктерінің арасында аймақтағы көптеген түрік халықтарының тұрмысын, әдет-ғұрпы мен құқықтық нормаларын жақсы білген өте беделді адам болатын. Патша мен Ресейге әбден берілген адам ретінде ол Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарын Ресей бодандығына қабылдаудың бастауында болды, күрделі, ал кейде қауіпті де дипломатиялық міндеттерді орындады.
Деректемелердің екінші тобын құжаттар мен материалдар жинақтары – «ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары» және «ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары» құрайды. Кеңестік кезде жарияланған жинақтарда Кіші жүз бен Орта жүзді Ресейге қосудың бас кезіне, бұл үрдістің барысы мен дамуына, оған қазақ хандарының қатысуына, А. Тевкелевтің және Орта жүздегі башқұрттар елшілігінің (Абылай ордасында) қызметіне, Абылайдың 1771 жылы хан атағын алуына қатысты материал бар.
Бірқатар мәліметтер қазақ хандарының Пугачевпен келіссөздерге, ал қазақ жасақтарының Орынбор мен басқа да бекіністерді қоршауға қатысқанын дәлелдейді.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысына қатысты материалдар қазақтардың Ресеймен, соның ішінде Кенесары Қасымовтың көтерілісі кезеңіндегі өзара қатынастарының экономикалық, сауда-саттық және басқа да жақтарын ашып береді.
ХІХ ғасыр деректемелерінің ақпаратына тән ерекшелік көтерілістердің бірнеше ошақтарының тууы болатын. Бөкей Ордасындағы шаруалардың Исатай Тайманов бастаған 1836-1837 жылдардағы бой көрсетуімен бір мезгілде дерлік Орта жүз бен Кіші жүзде патша өкіметіне қарсы Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс (1837-1847) бұрқ ете түсті, кейініректе 1856-1857 жылдарда Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған Сыр өңірі қазақтары тәуелсіздік жолындағы күреске көтерілді, ал 1855-1858 жылдарда Кіші жүз аумағында Есет Көтібаров басшылық еткен қазақтар Орынбор жазалау отрядтарына қарсы қимыл жасады. Қазақ шаруалары бой көрсетулерінің арасында ұзақтығы жөнінен де, қарқындылығы жөнінен де айырмашылық болды. Алайда құжаттар бұл көтерілістердің негізгі күші өз бостандығы мен дербестігін қорғаған қазақ шаруалары болғандығын растайды. Қазақтар және олардың өз жерін Ресейге қосу аяқталғанға дейінгі өкімет орындарына қарсы бой көрсетулері туралы алуан түрлі фактілер бар бірқатар тарихи материалдар жалпы Түркістанды жаулап алуға қатысты ертеректе жарық көрген жарияланымдарда оқырмандар назарына жеткізілді.
1930 жылдарда кеңестік тарих ғылымында патшалық Ресейдің ұлттық шет аймақтарындағы азаттық қозғалыстарының тарихы архив материалдары бойынша іздестірілді. Мұрағатшылар көтеріліс мәселелерін және Исатай Таймановтың патша мен ханның билік орындарымен көтеріліс кезеңіндегі өзара қатынастарындағы жеке рөлі көрсетілетін бірнеше құжат жариялады. Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік архивінің қорларындажинақталған құжаттар мен материалдар жинағында Бөкей Ордасындағы көтеріліс мейлінше толық деректі көрініс тапты. Қазақ және орыс тілдеріндегі құжаттар көтеріліс туралы біздің білімімізді толықтыра түседі және Бөкей Ордасындағы қазақ қоғамының қалың тобы наразылығының себептерін, көтеріліс қамтыған аумақты, көтерілісшілердің әлеуметтік және рулық құрамын, күрестің қиын-қыстау жағдайларында И. Таймановтың жалтақтық көрсетуінің негізгі сырын, патшалық өкімет орындарының Жәңгір ханмен хат алысуының басты себептерін, олардың халық бұқарасымен күресінің әдістерін және басқа мәселелерді неғұрлым толық анықтауға мүмкіндік береді.
Тұтас алғанда, жинақтарды шығарушылардың алдында Ресей империясына қазақтардың өз еркімен қосылғандығын, ал ең бастысы – бұл үрдістің прогресшілдігін дәлелдеу, яғни кеңестік өмір шындығының көптеген он жылдықтар бойы тарихнамада санаға сіңіріліп келген идеяларын деректер арқылы негіздеу мақсаты тұрғанын айта кеткен жөн. Алайда жинақтардың материалдарына сын көзбен қараған жағдайда, зерттеушілер өлкені отарлаудың басталуы мен барысы, қазақ қоғамының тұрмыс-тіршілігіне империя енгізген саяси, шаруашылық және құқықтық өзгерістер туралы алуан түрлі мәліметтер алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет