А. А. Какимова Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер


Этникалық топты түсіндіруде бірнеше бағыт бар



бет25/101
Дата12.10.2020
өлшемі0,62 Mb.
#64463
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   101
Этникалық топты түсіндіруде бірнеше бағыт бар.

  1. Примордиалистік.

  2. Инструменталистік.

  3. Конструктивтік.


2. Этностарды зерттеудегі примордиальдық және әлеуметтік биологиялық бағыттар

Алғашқы бағытты (әлеуметтік биологиялық бағытты) ұстанушылар этникалық топты адамзаттың алғашқы сипаттамасы деп түсіндіреді. Олар этникалық топты эволюциондық-генетикалық ой тұрғысынан оны кеңейтілген туысқандық топ деп қарастырды.

Энтони Смитттің анықтамасы бойынша примордиализм – бұл этностардың терең тарихи тамырлары бар екендігі туралы түсінік. примордиализмің бірнеше түрі бар. Әдетте оның тарихи түрлерін философиямен, неміс романтизмінің тарихымен байланыстырады. Осы алғашқы көзқарастарға сәйкес, этонстар табиғи және өзгеріссіз қалған дерек болып табылады. 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап, Г. Спенсердің еңбектерінің ықпалынан, этникалық топтар мен ұлттар әлеуметтік-биологиялық бағыт шеңберінде қарала бастады. Бұл бағыттың қазіргі өкілдерінің бірі Пьер ван ден Берге болып табылады. Г. Спенсердің идеясына сүйене отырып, ван ден Берге әлеуметтік-биолог ретінде Ч. Дарвиннің ашқан табиғи іріктеу заңдарын таратты. Әрбір адам, кез-келген жануар секілді, өзін-өзі сақтау мен ұрпақ жалғастыру инстинктісіне бағынады. Ол «обьективті» түрде өз қанын сақтау мен таратуға мүдделі: оны оған жануарлық инстинктісі бағыттайды. Адам басқа да жануарлар секілді қоғамдық болып табылады. Оның өмір сүруге деген эволюциялық күресі ұжымда жүзеге асады.

Біздің қазіргі күнімізде ван ден Вергеден басқа әлеуметік – биологиялық бағыттың өкілдері жоқ деуге болады.

Қазіргі уақытта примодиалистік бағыттың өкілдері кеңінен таралған. Оған мысал ретінде К. Гиртц пен Э. Шилзді айтуға болады. Олардың пікірі бойынша этникалық және ұлттық байланыстар базалық және әрдайым қоғамда басты роль ойнайды дейді.

Примордиалистік бағыттың қазіргі өкілдеріне Энтони Смитті де жатқызуға болады. Этностар қазіргі ұлттардың негізі болып табылады. Ұлттарды зертеу сол этностың тарихын зерттемей мүмкін емес деп жазды. Э. Смит этностардың тарихи екі түрін көрсетті: латеральды және вертикальды. Латериальды этностар жаулап алу нәтижесінде пайда болады. Бұған мысал ретінде түрік-осман және орыс ұлттарын жатқызуға болады. Ал көптеген этностар өз дамуында вертикальды сипатқа ие. Олар ұлы көршілермен шекараласа отырып, европалық мемлекеттің элиталары өз күш-жігерлерін ішке жұмсады. Соның нәтижесінде халық пен элита арасында қауымдастық пайда болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет