Сопы ақын Сүлеймен Бақырғани: «Баптардың бабы Хорасанда, Сансыз баптар Үндістанда. Бабалар басы- баба Арыслан»- деп жырлаған Қазақ бақсылары да: «Түркістанда түмен баб, Сіздерден медет тілеймін. Сайрамдағы сансыз баб, Отырырдағы отыз баб, Ең үлкені Арыстанбаб, Сіздерден медет тілеймін»,-деп жылған.
VII-VIII ғасырларда Көне Отырар жерін мекендеген әулие-Арыстан баб.Діни аңыздар бойынша оның есімі Сайрам, Йасы, Отырар өңірлерінде сопылрадың рухани ұстазы ретінде кеңінен тараған.Алғашқы ислам дінін тартушы, Иассауидің- пірі. Арыстан баб өмірі туралы Иассауидің хикметтерінде 1-2 рет айтылады.Арыстан баб туралы аңыз әңгімелер көп. Тағы оның Қарға және Лашын атты шәкірттері болған. Ол кісі бұрын да көптеген дінге кіріп, олардың ішінен ислам дінінің ерекшелігін айқын аңғарған.Сонымен қатар барлық діннің ішіндегі ең жоғарғы рухани молы ислам діні екендігіне көзі жетіп оны мойындаған. Бұл аңыздарға қарағанда, Салман парсы(Арыстан бабтың лақап аты) исламға дейін отыз тоғыз дінді білген. Соған байланысты айтылып жүрген аңыздардың бірі «Аманатқа» қысқаша тоқталайын. Бірде Меккеде Мұхаммед пайғамбар с.а.с халықты жинап «Менің өмірім жетер емес, менен төрт жүз жылдан кейін түрік елінен ізбасарым келеді.Соған менің аманатымды кім тапсырады »,-дейді. Сонда ортаға Арыстан баб шығып: «Мен тапсырар едім,егер ғұмырым жетсе»,-депті. Ол кезде Арыстан баб үш жүз жаста еді. Сонда Мұхаммед с.а.с Алламен тілдесіп, «ғұмырыңды созуға рұқсат берді»,-деп жауап беріпті. Аманат құрманың сүйегі екен,соны ел алдында Мұхаммед с.а.с Арыстан бабқа табыстайды.Сонда: «Мен оны қалай тапсырамын»,-деген де,оған: «ол сенің алдыңнан өзi шығып сұрайды.»,-дейді Мұхаммед. Арадан біраз жыл өткен соң, Түркістанды аралап жүргенінде, Арыстан бабтың алдынан жеті жасар бала : «Ата,амнатымды бер»,-деген екен.Сонда Мұхаммедтің айтқаны есіне түсіп,ол аманатты иесіне тапсырыпты.Бала алды-артынв қарамай жөнелмек болғанда, «Мен бұл аманатты неше жыл сақтадым,сен тіпті бір жылы сөз де айтпадың ғой »,-деп ренжиді Арыстан баб. Сонда бала артына бұрылып, «Маңызын сорып, сүйегін маған бердің»,- дейдi, «Саған түнесін, маған тілесін»,-депті де жүріп кетіпті.Міне, содан кейін зияратқа келген халықтың Арыстан бабқа түнеп, Ахмет Иассауиден тілеуі дәстүр болып қалыпасқан. Кейбір деректерге Арыстан бабтың бағбан болғандығын, көзі тірісінде тау-тасты аралап, емдік шөп іздеп емшілікпен де айналысқандығын айтады. Сол себепті зиярат етушілер көшет отырғзуды да әдетке айналдырған. Қорыта келе Ахмет Иассауи Мұхаммед пайғамбардың ізін жалғаушы болса, Арыстан баб оларды байланыстырушы. Осы арада айтып өткенімдей Салман парсыға тоқталсақ. Ол пайғамбарымыз Мұстафа Мұхаммедтің ең қадірлі сақабаларының бірі болған. Ғылыми деректер бойынша Салман парсы-ирак, ал Арыстан баб-араб. Яғни екеуі екі заманда өмір сүрген екі бөлек тарихи тұлға.Арыстан бабпен аттас адамдардың бірі- Қырғызстандағы Ош өңірінде өмір сүрген.Бірақ қырғыздардың наным-сенімдерін зерттеген ғалым С.М.Абрамзонның пікірінше ,жергілікті халық бұл жерде жерленген Арыстан бабты қалмақтарға қарсы соғысқан батыр деп таниды.Яғни Оштағы Арыстан баб XVII ғасырда өмір сүрген.Тағы оның Қарға және Лашын атты шәкірттері болған.
Қожа Ахмет Иассауидің хикметтерінен: «Арыслан бабам сөздерін есітіңіз- тәбәрік, Құрма туралы сөз еттім, маған айбар жасады. Ей, би әдеп, көдек деп асасын алып қуды. Айбарынан қорықпадым, маған қарап тұрды. Арыслан бабам сөздерін есітіңіз- тәбәрік, Ауызыңды аш,ей,көдек, аманатыңды берейін. Мазалысын(дәнін) жұтпадым, аш аузыңды салайын, Хақ пайғамбардың бұйрығын үмбет болсам,қалайын.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз- тәбәрік, Аузымды аштым. Салды. Құрманың иісі мас етті. Екі ғаламнан безіп, аллаһи болдым хақты, жан тәнімен сүюші. Қожа, молда жиылды, қолдан-қолға тигізбей алып-жүрді Арыслан бабам сөздерін естіңіз-тәбәрік. Бабам айтты: «Ей, балам маған әдеп қылмадың ». Бес жүз жыл ұртымда сақтап едім мен саған. Дәнін сіз алып, етін маған бердіңіз». Қожа Ахметтің шәкірті Сүлеймен Бақырғанидің «Ақыр заман кітабы» деген өлең жинағында да Мұхаммедтің аманаты сөз етіледі: «Субхан ием өсірді, Мұстафам бұйырды, Арыстан бабам жеткізді. Шайхым Ахмет Иассауи, Күтті (ұзақ жыл). Дәнін жеді. Қағбаның қоғамын басқарды. Шайхым Ахмет Иассауи, Қараса,Қағба (қасындағыдай) көрінген. Аяғын басса, жер қысқарып түрілген. Алланың ілімі үйірілген . Шайхым Ахмет Иассауи». Осы аңыздың аңыздың пайда болу себебін түсіну үшін біз сол кездегі діндарлар арасындағы жағдайға назар аударғанымыз жөн. Қожа Ахмет: «Түйіні жоқ халыққа айтқан сөзің, Дүние малын берсе де тоймайды көзің»,-деп дін иелерін аяусыз әшкерелеп, шенейді. Осы топ өкілдері таза, адал жолмен жүруші сопыларға барынша қарсы әрекет жасады. Бұл туралы «Хикметте» былай делінеді: «Диуана деп басын жарып қанға бояр», «Дұрысын айтқан дәуріштерге қарсы болар», Осы күресте сопылар Мұхаммедтің с.а.с айтқандарына арқа сүйеп, өздерін оның жолын, ісін тікелей жалғастырушымыз деп есептеді: «Кәззаптәр менің үмметім емес-дейді Мұхаммед с.а.с, Жалғаншылар қауымын үмметім-демес Мұхаммед с.а.с. Тура жүрген Хақ жолын іздегендерді, Адал құлдарды үмметім-дейді Мұхаммед с.а.с » 24 хикмет. «Жалаңаш пен аштарға қанат болған- Мұхаммед с.а.с. Кемтар үмметке рахым қылған- Мұхаммед с.а.с Түндер қатып ұйықтамай, тілеуаті қылған- Мұхаммед с.а.с Кедей менен жетімге құрмет қылған- Мұхаммед с.а.с» 25 хикмет Қожа Ахметтің Мұхаммед пайғамбардың с.а.с өзінен Арыстан баб арқылы аманат алуы оның ислам дінін қалпына келтірудегі іс-әрекетін заңдастырды. Бұл арқылы Қожа Ахмет және оның шәкірттері көпшілік қолдауына ие болады. Арыстан бабтың дүние салуы Қожа Ахмет Иассауи хикметінде былайша суреттеледі: «Бабам айтты: Ей балам, қасымда тұр өлейін, Жаназамды оқып көм, жан тәсілім қылайын. Медет берсе Мұстафа, ғарыш биігіне шығайын. Арыслан бабам сөздерін есітіңіз- тәбәрік. Жылап айттым: Eй балам, жас көдекпен білмеймін, Көріңізді қазармын, көтеріп сала алмаспын. Хақ Мұстафа сүндетін, балапаным, білмеймін. Бабам айтты: Ей балам, періштелер жиылады. Жәбірейіл имам болып, өзгелер оған ұйиды. Макаил мен Исрафил көтеріп көрге қояды». Отырар өңірінде біз естіген аңыз бойынша Арыстан баб дүние салған соң, оның денесін ақ бураға артып, еркіне жіберіп, соңынан ілесіп отырған. Ақ бура жүре жүре осы жерге шөккен екен.Сол шөккен жерге Арыстан баб қойылыпты.
Арыстан баб кесенесінің сәулет өнері
Арыстан баб дүниеден өткен соң, оның бейітінің үстіне кесене тұрғызылды.Бұл кесененің сәулетшісі ташкенттік Ескендір қажы деп жатады, алайда кесененің маңдайшасында мәр-мәр тастан қаланған бөлігіне 12 ғасырда алғашқы белгі түскен.Ол белгіде «Санат 1327 » деген жазу бар.Бұл жазуды зерттеген әрі оқып берген Отырар археологиялық музейінің қызметкері С.Ергебеков. Қыш бетіне араб әріпімен бес қатар жазу берілген: «1327 Ұста Қалмырза мен Мүсәпір Түркістани » яғни бұл кісі кесененің сәулетшісі. Кесене дәлізхана,қабірхана, мешіт, азан шақыратын орын сияқты бөлмелерден тұрады.Ең көнесі қабірхана, әуелгісі болып табылады. Бұған қоса халық арасында кең тараған мынадай аңыз бар: « Қожа Ахмет кесенесінің қабырғалары қаланып болған түні алып жасыл өгіз көтерілген дуалдарды мүйізі мен соғып, құлатады.Ғимарат қайта тұрғызылып, күмбездері қалана бастағанда бұл оқиға тағыда қайталанып, бәрі үйілген төбеге айналады. Бұл жай Әмір Темірді көп ойландырады. Түсінде бір шал келіп, аян береді, ол Қожа Ахметтің ең алғашқы ұстазы, Арыстан баб моласының үстіне мазар көтеруге әмір ететінін жеткізеді. Бұл талап орындалған соң ғана Әмір Темір Түркістандағы құрылысын ойдағыдай аяқтайды.» Ол басқа бөлмелермен салыстырғанда едені едәуір биік.Тігінен көтерілген қабырғалары бір биіктікте сәулет өнерінде «желкен» деп аталатын өріммен иіліп барып, күмбезге ұласады. Күмбез ауқымы биік, кең. Қабырхананың есігі Меккеге бағытталып, ғимараттың қас беті Түркістандағы Әзірет Сұлтанған қаратылып салынған. Бөлменің қақ ортасында Арыстан бабтың қабірі орналасқан. Оның ұзындығы 3 м 90 см, ені 1 м 30 см, биіктігі 1 м 20 см, көлемі 5,4 х 5,4 бөлмеде үш қабір бар.Алайда күмбездің іші алебастермен сыланып, геометриялық үлгідегі өрнекпен нақышталған.Осы қабырханаларға оңтүстік –батыс жақтан бірнеше бөлмелер қосылған. Екі қанаттағы бөлмелерді біріктіріп, байланыстырып тұрған дәліз- бастырма бар. Ол әдеттегі бастырма-айвандардан өзгеше, тұтасымен қыштан өріліп, төбесі иіліп жабылған. Оның көлемі 7,60х4,35 м. Қабырханалар, дәліз қышпен қаланып күмбезделсе, төбесін жабуда ағаш көп пайдаланылған. Мешіттің ортасында В.В. Константинова жасаған жоба бойынша алты ағаш тіреу болған. Олардың үстіне қары қойылып, ағаштан қырлы күмбез қиыстырылған. Мешіт қабырғасында Мекке бағытын көрсететін ойық-михраб бар. ХХ ғасырдың басында жүгізілген қайта құру жұмыстарынан кейін бұрын сыртта тұрған көне ұстындар мешіт ішіне қойылған.Бұл көне тіреулердің табаны сегіз қырлы, орта белінен бастап жоғары қарай кеңейе түскен. Жалпы биіктігі бірінші тіреудің 3,49м, екішісі одан 1,5см қысқа. Олардың бас жағы,мойны жұлдызша, торкөз тәрізді өрнектермен безендірілген. В.Л.Воронинаның пікірінше дәл мұндай пішінді,қатаң геометриялық тәртіптегі ұстындар Қазақстанның, не Орта Азияның бірде-бір ескеткішінде кездеспейді. Аты-жөнi белгісіз Отырар шеберінің қолымен сомдалған бұл ұстындар VI ғасырдың куәсі. Бұған қатысты аңыздар да ертедегі ұғым- түсініктерден хабардар етеді. Аңыз бойынша бұл тіреулер өсіп діңгектеп кеткен мақтаның қозапаясынан жасалыныпты. Орта ғасырда «мақта ағашынан» жасалған ұстындардың емдік қасиеті бар деп есептеген. Тарихшы ибн Арабшахтың жазуы бойынша осындай ұстын Самархан төңірегіндегі бір мешітте болған екен. «Говорят что оно из «хлопчатого дерева», которому приписывают чудесное, исключительное и редкое свойство, что будто даже крохотный кусочек этого дерева, приложенный к воспаленному зубу, излечивает его моментально прекащая боль что сам я испытал и удостоверяю». – деп жазады ибн Арабшах.
Арыстанбаб кесенесі – көне рух, сенім-наным, байырғы тарих пен ежелгі өнер түйіскен жәдігер. Бір қызығы бұл ғимарат сай жерде орналасқанына қарамастан, қай нүктеден болмасын, тіпті таяудағы Құйрық төбеден қарсаң да, еңсесі биік, алып болып көрінеді. Ол азанда, түсте және күн батарда сәлесінің түсуіне қарай өзгеріп құбылып тұрады. Сонымен Арыстан баб ғимараты төл өнеріміздің туындысы. Ол бойына ортағасырлық және XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы тамаша сәулеткерлікті ұштастырған шежірелі кесене.Соңғы кезде Арыстан баб кесенесінің атындағы су деңгейі көтеріліп, ескерткішке едәуір зиян келтірді. Алайда екі жыл бұрын кесенеге жаңа архитектуралық құрылысы басталған болатын. Идея авторы- белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, инженер-ғалым, танымал меценат Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев. Бір кездеріАсқар Алтынбеклы халық игілігі үшін рухани қндылық орнатуды армандаған еді. Бүгінде Асқар мырзаның және оның ұлдарының Қазақстанның жан азығы байлығын еселей түсу мақсатындағы сіңірген үлесі зор екендігін айтуға болады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзі бастама көтеріп, бүкіл мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылып жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында жүзеге асқан осынау игі істің дер шағындажәне өте жоғары сапалы деңгейде орындалғаны еліміздің рухын көтереді. Ұлы ұстазды, қасиетті тұлғаның қадір-қасиетін құрметтеу мен әспеттеудің озық үлгісіне күллі елді куә етіп отырған бұл еңбек әлемдегі мұсылманды риза етіп, сауапқа жазылғаны сөзсіз.
Кесененің шырақшылары
Арыстан баб кесенесін сөз еткенде оның ажырамас бөлігіне айналған шырақшыларды және олардың қолында сақталып келген бұйымдарды әңгіме етпеу мүмкін емес.Алыстан шаршап-шалдығып жеткен зияратшыға ниет қабыл болсын деп қарсы алып,халына ортақтасып, демеу жасайтын адамдар қажет еді. Бұған қоса әулие жерді күтіп,құлағанын жөндеп, қорып отыру керек.Осы міндеттерді-шырақшылар атқарған .Ал, шырақшылықты атадан балға мирас еткен әулет өкілдері кесенеге қатысты аңыз-әңгімелерді көптеп білген.Тарихи орынды зерттеп тануда бұл аса қажетті мағлұмат болып табылады.Арыстан баб кесенесінде шырақшылардың болғанын И.Т.Пославскийдің 1998 жылы жарияланған «Развалины города Отрара» деген мақаласынан аңғару қиын емес. Онда Арыстан баб күмбезінің қасында мешіт және суы тұщы құдығы бар, бұл арада әулие жерді күтушілер отбасымен бірге тұрады делінген.Ал, 1909 жылғы А.Черкасовтың «Поездка на развалины Отрара »мақаласында Арыстан баб шырақшысының есімі аталады: Нар-Магомет Азиз-Арысланбаев.
1904 жылғы А.Кларенің «Древний Отрар и раскопки, произведенные в развалинах его в 1904» мақаласында Нарымбет шырақшының есімі аталып, ол туралы дерек келтіріледі.Нарымбет Шырақшының көзі ашық, көне тарихтан хабардар адам екенін байқауымызға болады. Әрине, бұл кітап табылса, Отырар тарихының беймәлім жақтарына қанығар едік. Нарымбет шырақшы немесе Нарымбет Әздер Отырар төбені алғаш зерттеп, археологиялық қазба жүргізген. А.Черкасов пен А.Клаерге Отырар төбеден табылған заттарды берген.Алайда осы әулеттен Арыстан бабта алғашқы шырақшы болған Нарымбеттің әкесі Шерімбет Әздер екен.Ол Арыстан баб кесенесінде Лашын баб және Қарға бабтың үшінші қабірінде жерленген.Шерімбет Әздер Арыстан баб әулиенің басына орнатылған күмбездің түбі құзданып, құлауға айналғанынан хабардар болып, оны қалпына келтіру ниетімен бабтың қасына келеді. Бұл шамамен XIX-ғасырдың аяғы болуы тиіс,себебі 1898 жылы И.Т.Пославскийдің мақаласында Арыстан баб кесенесінің қараушыларының болғаны аталып кеткен.Шерімбет Әздер сол қоныстанған елдің ақсақалдарын, ауыл ағаларын, молда мен билерін жинап, тозған көне мазарды қайта жөндеуге шақырады.Оның бұл ұсынысын көпшілік қолдайды. Кесененің сол кездегі халін көпшіліктің ұсынысына қарсы шыққан қарсы шыққан бір адамның сөзі аңғартады.Ол: «бұл бұзылып қалған айдаладағы мазардың орнынан қандай шарапат таппақсыңдар, бұларың бос әурешілік »,-депті.Халықтан қаржы жиналып, қалғанда Шерімбет Әздер дүниеден өтіпті. Құрылыс салу жұмысы оның баласы Нарымбет Әздердің еншісіне тиген екен. Шерімбет Әзірет Сұлтанда ертеден зікір жағынан басшылық ететін әздер тобының өкілі болған. Оны қоштайтын тағы бір айғақ бар. Ол-Нарымбетов Мамасадықтың қолындағы бабаларынан қалған ескі мөр. Мөр ағаштан ойылып жасалған, жалпыпошымы дөңгелекше, бетінің диаметрі 11,5см. Әбден қарайған, кей жерлері жарылған ағаш мөрі қолға ұстаушы ең алдымен қас бетіндегі гүл тәріздес өрнекке, арабша жазуларға назар аударады. Жазуды алғаш музейдің бұрынғы арабтанушы қызметкері С.Ергөбеков көріп мөр арасындағы әріптер өрнегінен Қожа Ахмет Иассауи есімін оқыды. Қалған жазуларды ажырту үшін Ахмет Иассауиға сағанасының тайқазаны мен шырағдандар жазуын оқып арнайы мақалалар жазған, Эрмитаждың Шығыс өнері бөлімінің меңгерушісі А.А Ивановтан көмек сұраған едік. Ғалым С.Ергөбеков пікірін қуаттай, мөрдің айналасындағы қалған жазулардың мына төмендегідей болып оқылғанын хабарлады: Мөр ортасында: “Сұлтан Қожа Ахмет Иассауи”, айналасындағы жапырақшаларда, оңға қарай ретімен: “Шайқы Ахмет Раванде, Шайқы Ахмет Жами Шайқы Ахмет Қабир Шайқы Ахмет Аркам Шайқы Ахмет Саххак Шайқы Ахмет Харб, Шайқы Ахмет.../толық оқылмайды/, Шайқы Ахмет Марсал” Бұл мөр туралы «Жібек жолы» журналының 1991 жылғы №3,4 наурыздағы санында жариланған.
|
Шерімбет Әздер
|
Нарымбет
/1941ж дүне салған/
|
|
Нұрымбет
|
|
Айтқожа
палуан
|
Бахан қары /1941 ж. дүние салған /
|
|
Аппаз
|
|
Қамал қожа
|
Мұхаммед-садық / Мамасадық
|
|
Аман қожа
|
Достарыңызбен бөлісу: |