ЖОК 74.58.
МҰҒАЛІМ - МАДАҚҚА ДА, СЫЙҒА ДА ЛАЙЫҚ ТҰЛҒА
А.А.Нурудинова
Бұл мақалада мұғалімнің қазақ классиктерінің шығармаларын пайдалана отырып заман талабына сай жастарды тәрбиелеудегі ролі айтылған.
Тұлға қоғамда өзіндік орны бар, ерекше қасиет иесі. Тұлғаны қалыптастыруда қоршаған ортаның, қоғамдық орындардың, ата - ананың, көрші - туыстардың әсері жеке тұлғаның дамуына негізгі жағдайлар туғызады. Өткен тарихымыздан белгілі, ата - бабаларымыздың арман аңсарына айналған бостандық, тәуелсіздік мәселесін, ұлттық мемлекет құру идеясын, адам әлемінің ақыл парасына тәлім - тәрбиесіне, еркіндіктің есігі айқара ашылуына өмір - тағдырын арнаған Ж.Аймауытовтың психологиялық - педагогикалық еңбектері арқылы («Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі және өнер таңдау») ұлттық тұлғаны қалыптастыру мәселесіне көп көңіл бөлінген. Ұлт зиялыларының әр кезеңдегі қоғамдық - саяси көзқарастары, әлеуметтік мәселелерді дұрыс, тиімді шешу жолындағы ізденістері, еңбектері, әлемдік алып ой иелерінің есімін, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесінде басшылыққа алып отыруымыз керек.
Әл-Фараби, М.Қашқари, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбергенов, М.Дулатов тағы басқаларының еңбектері оқып, талдап, жас тұлғаны қалыптастыруда негізгі назарға алуымыз керек. Ұлы Абай айтқандай, адамның үш асыл қасиеті ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, оны қор қылатын надандық, еріншектік, зұлымдықтан аулақ болуымыз керек. Таза жүрек, адал еңбек, парасатты ой жастардың өмірін нұрландырып, жастардың өзің де жетілдіреді.
Бұл қасиеттер адамның бойында орын алмаса, адамзат тыныш өмір сүре алмайды. Өзінің міндетін беріліп атқару, бүгінгі ұстаздардың борышы, - деп ойлаймын. Жастар өзіне рухани азық талап етеді, білім нәрімен сусындағысы келеді. Жастар - болашақ кепілі. Оқу орындарырының мақсаты - жастарды жан-жақты, жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары адамгершілігік позицияларын қалыптастыру, өмірге, еңбекке әзірлеу. Дүние танымы кең, ой - өрісі жоғары, жан – жақты дамыған адамның ниетін қалыптастыру, еңбек, таным, қоғам, отбасы, уақытты пайдалана білу секілді әлеуметтік функцияларды дұрыс қабылдап пайдалана білуге әзірлеу, кәсіп таңдау, өз тағдырын өзі шешуге мүмкіндік жасау, жастардың өзің - өзі кәсіби тәрбиеленуіне, өз бетімен білім алуына мүмкіндік береді. Өз мүддесі мен қоғам мүддесін ұштастыра білетін зиялы адамгершілігі мен денсаулығы мықты жастарды тәрбиелеу, өзін - өзі тәрбиелеу, пікірлер алмастыру, өндіріс адамдары, сөғыс, еңбек ардагерлерімен кездесулердің де әсері мол. Жастарға сана керек, соның арқасында, қабілетті, білімді, білікті тұлға болып қалыптасады. Қорқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін - өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру, әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеп, бар күш жігерімізді жұмсауымыз керек. Ғылыми зерттеу - ғылыми әдіс - тәсілдерді қолдана білу керек. Қоғам сұранысынан туындап отырған талапқа сәйкес, жастардың ой - орісін дамытып, алған білмдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, іздемпаз, шығармашылдықпен, ғылыми - педагогикалық тұрғада ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, отандық қол жеткізген табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастыруымен саналы тұлғаны қалыптастыруға күш салуымыз қажет.
Қазақтың таңғажайып ақыны М.Жұмабаев «Әрбір ел келешегіне негізгі жастарын тәрбиелейтін, даярлайтын білім оқу орнын (мектебін) қаламақ. Ел тағдыры оқу орнын сау, таза, берік жанымызға қабысатын негізде құра білсек, келешегіміз үшін серттесуге болады» - деген. Ендеше әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің де болашағы білім мен тәрбиенің алауын жаққан оқу орнына тікелей байланысты және халық тағдырымен тамырлас. Мұғалімдердің қолында еліміздің ертеңі мен болашағын орнататын жастар тағдыры, - деп ойлаймын. Осы жауапкершілікті жан-тәнімен сезініп, жаңа заманның ауыр жүгін қайыспай, жұмыла көтерген жүктің жеңіл екенін сезіне білген ізгілік ұясының бірі - Ақтөбе политехникалық колледж оқу орны. Бұл оқу орны кәсіптік білім беруде, маман тұлға даярлауда, жаңа мазмұнды оқыту жүйесімен көзге түсуде. Ұлтық және жалпы азаматтық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып, дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында ұстаздар даралап, саралап оқыту, деңгейлеп дамыта оқытудың компъютерлік технологияларымен,жаңа бағдарламамен жұмыс істеуде.Облыстық үздіксіз білім беру институтының тірек орны болып саналатын бұл білі ордасында, облыстық, қалалық семинарлар жиі өткізіледі, шығармашылықпен жұмыс істейтін іздемпаз, жаңашыл мұғалімдер өз тәжірибелерін әріптестерімен үнемі бөлісіп отырады.
Мұғалімдер арнаулы пәндер бойынша арнайы бағдармалар түзіп, ғылыми еңбектер жазып, үнемі шығармашылық ізденістер үстінде жүреді. Заман талабына сай бейімделген білім шаңырағының аз ғана кезеңнің өзінде асқан асулары, алған белестері мен биіктері, қол жеткізген табыстары аз емес. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп, қазақ атамыз тегін айтпаған. Бұл ұжымда барлық қажыр-қайратын жастар тәрбиесінен аямайтын жаны – тәрбиеші, сүйегі – ұстаз жандар көптеп саналады. Ұстаздардың ұлағатты істеріне әріптестері де, жастардың ата-аналары да дән риза. Жан-жақтан келген жастар болған соң, ұстаздар қауымы олардың ата-аналарымен үнемі байланыста болады. Сүттей ұйыған ұйымшыл ұжымның жетістектерін айта берсек, атқарған ізгі істері жетерлік. Жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, кәсіби мамандыққа даярлап, тұлға қалыптастыруда педагогикалық ұжымның еңбегі зор. Тәжірибе кезінде студенттер өз іс-әрекеттеріне талдау дағдысын қалыптастырады, жіберген қателіқтері мен сәтсіздіктерінің себеп-салдарын айқындайды. Бұл студентті дәстүрлі теориядан-тәжірибеге ауытқып, керісінше тәжірибеден-теорияны толық игеруге бағыттайды. Тәжірибені (практика) ұйымдастыруда конференциялардың алатын орны үлкен. Ондай кезеңде студенттер топ жетекшілерімен, әдіскерлермен, психологтермен, педагогтермен кеңірек танысуға мүмкіндік алады. Жоғарғы оқу орнында кәсіби тұлға даярлауда оқу - тәрбие жұмыстарының бірден бір міндеті - жетілдіру жолдарын іздеу және студентерді эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу. Бүгінгі таңда студенттер алатын ақпарат жан-жақты дамып кетті. Атап айтқанда, интернет желісінің, электронды почтаның өсуі, күнделікті тұрмыста қолданысқа енуі студенттердің ойлау жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр. Сондықтан оқытушы студенттермен (тұлға) тығыз қатынас орната отырып, шығармашылық байланыста болуы керек. Ұстаз - студенттің ішкі жан дүниесіне әсер ететін негізгі тәрбиелеуші күш, сондықтан оның кәсіби шеберлігі, яғни тілді үйретуді тәрбиемен ұштастыру іскерлігі дамып отыруы керек.
Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында «Еліміздің ертеңі бүгінгі жастардың қолында, ал жастар тағдыры ұстаздардың қолында» - деп жастар бағбандары ұстаздардың алдына зор міндет қойды. Сондықтан бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға жауапкершілікпен қарап, сезіну керек. Біздің ұжым оқыту мазмұның өзгерту, оқу - тәрбие үрдісіне өзгеше қатынас жасау керектігін түсінеді. Сондықтан жастарға жалпы орта білім берумен бірге кәсіби шеберлігін арттыруға да айрықша назар аударылады. Жастардың кәсіптік даярлығы биік деңгейде болсын десек, олардың білімін қазіргі нарықтық қарым-қатынас заманына бейімдеу керек. Ол үшін жаңашылдық оқу технологияларын сабақ үрдісінде көбірек пайдалану, ұжым мүшелеріне әдістемелік көмектер беру ешқашан назардан тыс қалмау керек. Бұл мақсатта колледжде арнайы әдістемелік ақпарат орталығы құрылу керек. Онда оқытудың жаңа технологиясына сай әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің озат тәжірибелері, буклеттер, ғылыми-практикалық конференцияларда оқылған баяндамалар жинақталса, бұл ұжым оқытушыларына көп көмегін тигізеді.
Президент жолдауында «Қоғамды ізгелендіру - XXI ғасырдың табалдыры-ғындағы өркениетті дамудың талабы, мұның өзі әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жеткізуге байланысты болып отыр. Бұл қатынастарда алдымен әлемнің тұтқасы ретінде адам анық көрінуі тиіс» делінген. Жеке тұлғадағы қоғамдық және дара әртүрлі деңгейлер мен формалардың арақатынасын, жеке адамның қоршаған ортаны түсінуін, өзінің өткенін, қазіргісі мен болашағын және «Мен» мағынасын өзіне тартып алады.
Президент жолдауында төрт негізгі күшті атаған. Оның бірі - жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз - адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы. Жастар саясаты - мемлекетіміздің ең басым бағыты. Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу - ең көкейкесті мәселе. Өйткені қөғамның байлығы тек табиғи байлықпен ғана емес, адамдық байлықпен, жалпы адамгершілік құндылықпен, әрбір адамның төл ерекшелігімен, қабілетімен айқындалады. Абай атамыз «Атым адам болған соң, қайтіп надан болайын» деп білім-ғылым үйренуге шақырған. Мен жастарға айтарым: өмірде тәрбиелі иманды, адамгершілкті, еңбекор тұлға болуды көздесеңдер, жерді, елді қадірле.
Асыл сөзді іздесең,
Абйды оқы ерінде.
Адамдықты іздесең,
Жаттап тоқы көңілге! –
Соңымен, «Абай - адассаң жол көрсетер, шөлдесең сусын берер, шаршасаң қуат берер, қиналсаң ақыл берер асыл тұлға» адам қайнаған ортада өмір сүреді. Сапалы білім, саналы тәрбие алған жастар тұлғасын, қабілетті заман талабына сай дайындау - болашақ талабы.
Достарыңызбен бөлісу: |