№8 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары:
таным, коммуникация.
Бөлімі:
құрастыру.
Тақырыбы:
Әдемі шырша.
Мақсаты:
Жаңа жыл мерекесіне дайындық ретінде түрлі тәсілдерді
пайдаланып қағаздан шыршаны бүктеп, қиып жасай білуге үйрету, қағазбен
жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
- қағаздан жұмыс жасауда оның түсін, көлемін, пішінін ажырата алу және
оны бүктеу арқылы шырша жасай білуге үйрету;
-
қарама-қарсы бұрыштарын теңестіріп, бүктеу ұғымдарын түсіндіру;
-
ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:
қағазбен ұқыпты жұмыс жасауға дағдыланады және оны
кеңістікте дұрыс орналастырады;
түсінеді:
бүктеу ұғымдарын, қарама-қарсы бұрыштарын теңестіруді;
қолданады:
қағаздан жұмыс жасауда оның түсін, көлемін, пішінін
ажырата алуды және оны бүктеу арқылы үшбұрыш жасауды.
Достарыңызбен бөлісу: |