Тетраэдр топтары.
Тетраэдр топтары куб тобының топшалары болып табылады, яғни тетраэдр симметриясының түрленулері куб симметриясының түрленуінің жиынтығы болып саналады. GaAs, InSb кристалдарының симметриясы тетраэдр болып келеді. 10-суретте кубтың ішіндегі тетраэдр көрсетілген. Тетраэдрдің инверсия центрі жоқ екені көрініп тұр.
2.3-сурет. Тетраэдр симметриясының өсі және симметрия жазықтығы
|
Тетраэдр тобына мына түрленулер: E, 3L42, 4L3, 4L32 (12 қарапайым бұрылыс), 6 айналы бұрылыс: 3L4i, 3L4i2 және 6 жазықтықтағы шағылысу: 6P (симметрия жазықтығы тетраэдр қабырғасы арқылы өтеді) жатады. Тетраэдр тобы Td арқылы белгіленіп, құрамына 24 түрлену кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |