7.2. Инертті газ кристалдары
Төменгі температураларда асыл газ кристалдарының көпшілігі (Ne, Аг, Кг, Хе) ҚЦК торының құрылымына кристалданады. Бұл байланыс энергиясы және балқу температурасы төмен болатын диэлектрлік кристалдар. Атомдардың электронды бұлтшалары толықтай толтырылған, еркін атомдағы электронды зарядтардың үлестірілуі сфералы симметриялы болады. Сәйкесінше, осындай кристалдардың қалыптасуына әкелетін, нейтральді атомдар арасында қандай да бір әсерлесу механизмі болады. Бір-біріне r қашықтықта орналасқан инертті газдың екі бірдей атомын қарастырайық. Егер атом ядросының орташа орналасуы әрқашан ядроны қоршап тұратын сфералық электронды бұлтшаның центрімен сәйкес келсе, онда атомдар арасындағы әсерлесу күші нөлге тең болар еді. Атомдағы электрондар ең төменгі энергетикалық күйде тұрса да ол әрқашан ядроға қатысты қозғалады. Осы қозғалыс нәтижесінде электронды бұлтшалардың центрінің лезде орналасуы атом ядросының орналасумен сәйкес келмеуі мүмкін. Осы жағдайда атомда нөлге тең болмайтын электрлі дипольді момент пайда болады (уақыт бойынша орташа мәнді атомның дипольдік моменті нөлге тең). Атомның лездік дипольді моментінің p1 шамасы (7.1-сурет) екінші атом центрінде электрлі өріс тудырады.
Атом 1 Атом 1
Достарыңызбен бөлісу: |