90
құқықтарының сақталуын қадағалауға мәжбүр
ететін әйгілі сезім
асқақтығы жатады.
Екінші санатқа саяси қатынастарды оқып-үйренуге жан-дүниесінің
бейімділігі, мәселелердің түп-төркінін дұрыс және тез арада аңдай қою
қабілеті, ой-өрісінің кеңдігі жатады.
Бәрін бірге алғанда және практика жүзінде өрістетіп көргенде
аталмыш қасиеттердің барлығы да дипломатиялық мансаптың рухы мен
абыройын құрайды, – деді Талейран 1800 жылы наурызда үкіметке
ұсынған дипломатиялық мансап туралы өзінің баяндамасында.
Қайтыс боларынан бір жарым ай бұрын (1838 ж. наурызда) Талейран
Париж академиясында сөйлеген сөзінде оның пайымдауынша үлгі
болып
табылатын дипломат туралы тағы да айтып өтті.
Атап айтқанда, ол Сыртқы істер министрінің саяси бөлімі
басшысының өзін-өзі ұстауы «қарапайым, түзу, қанағатшыл болуға тиіс;
күнделікті күйбеңнен
бойын аулақ сала отырып, ол өзін тек қана құпияда
ұстайтын істерге арнауға тиіс; оқиғалар мен адамдар туралы анықтама
беруге
әрқашанда әзір бола отырып, ол барлық шартты үнемі жадында
ұстауға, олардың хронологиялық тәртібі мен уақытын білуге, шарттардың
күшті және әлсіз жақтарын, олардың жасалғанға дейінгі барысын және
жасалғаннан кейінгі
салдарын дұрыс бағалай білуге, ең ақырында,
келіссөздердегі негізгі өкілетті адамдардың аттарын, тіпті осы
өкілеттілердің отбасылық байланыстарын білуге міндетті «екенін» айтты.
Достарыңызбен бөлісу: