27
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН
ОРЫНДАЙТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтінде кездесетін диплома-
тиялық терминдердің мағынасын түсіндіріңіз.
Халықаралық қатынастарда мемлекетаралық қатынастар негізгі рөль
атқарады. Халықаралық қатынастар – дүниежүзілік деңгейде жұмыс
істейтін экономикалық саяси күштер, ұйымдар, қозғалыстар арасындағы
құқықтық, дипломатиялық, экономикалық, саяси байланыстар мен өзара
қарым-қатынастар жиынтығы.
Халықаралық
байланыстарды,
мемлекетаралық
қатынастарды
дамытуда мемлекеттік сапарлар маңызды болып табылады. Мемлекеттік
сапарларға мемлекет, үкімет басшыларының сапарлары жатады.
Халықаралық қатынастардың маңызды факторларының бірі –
қосылмаушылық болып табылады (движение неприсоединения).
2-тапсырма. Газеттерден бір елдің үкімет басшысы немесе прези-
дентінің келуі туралы мақала, хабарларды оқып, талқылаңыздар.
1
Газетте қай мемлекет басшысының келуі туралы хабар берілген?
2
Олар қашан, қайда келді?
3
Мемлекет басшысы кімнің шақыруы бойынша келді?
4
Әуежайда қонақтарды кім қарсы алды?
5
Қарсы алу құрметі қалай өтті?
6
Сапар қашан аяқталды?
Достарыңызбен бөлісу: