8. Сөйлемді аяқтаңыз. ЭӘК Бас Ассамблеяда экономикалық мәселелерге қатысты ұсыныстарды ... A) зерттейді
B) талқылайды
C) қызмет етеді
D) тағайындайды
Е) қаржыландырады
9. Сөйлемді толықтырыңыз. Бас Ассамблеяның жұмыс жасау тәртібі ... түрінде өтеді A) сессия
B) жиналыс
C) конгресс
D) референдум
Е) конференция
10. Дұрыс аудармасын табыңыз: резолюция A) қарар
B) шешім
C) жарғы
D) келісім
Е) ұсыныс
12-сабақ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ 1-тапсырма. Төмендегі тіркестермен сөйлем құрастырыңыз. Ядролық қондырғылардың қауіпсіздігі, радиациялық қорғаныш,
адамдардың денсаулығы, радиоактивті қалдықтар, ядролық отын,
сауатсыздыққа қарсы күрес, бейбітшілікті нығайту, ғылым саласында
халықаралық ынтымақтастықты дамыту, безгек пен шешекті жою,
ауруларға қарсы күрес, карантин және эпидемиологиялық бақылау.
2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АТЭХА) – БҰҰ
Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес құрылған халықаралық ұйым. Оның
басты мақсаттары – біріншіден, дүние жүзі елдерінің ядролық
қауіпсіздіктің тиісті нормаларын сақтай отырып атом энергиясын
пайдалану соғыс мақсаттарына айналып кетпеуін қадағалау. АТЭХА атом
энегиясының ұлттық бағдарламаларын жүзеге асыруда, сондай-ақ
радиациялық апаттар болған жағдайда үкіметтердің өтініштері бойынша
ақыл-кеңес беріп, көмектесіп отырады. АТЭХА кең көлемді қауіпсіздік
бағдарламасын қабылдаған, онда ядролық қондырғылардың қауіпсіздігі,
радиациялық қорғаныш, адамдардың денсаулығы, радиоактивті қалдықтар,
ядролық отын және басқаларына қатысты шаралар көзделген.